Балабақша қызметкерлеріне арналған олимпиаданың аяқталуына 10 күн қалды!

0
2113

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында І республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасы басталды. Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, әдіскері, тәрбиешілері мен барлық мамандары қатыса алады. Олимпиада Qaztest.kz сайтында онлайн өтеді.

Олимпиаданың мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің біліктілігін тексеріп, оларды марапаттау.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Сайт олимпиадалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №226 бұйрығының конкурстар тізбесіне 257 жолға енгізілген.

Өткізілу уақыты: 11 ақпан мен 28 ақпан аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Ең үздік нәтиже көрсеткен 20 балабақша қызметкерлеріне қаржылай стипендия тағайындалады. 

І республикалық  «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері»

олимпиадасының ережесі

  • Осы ереже І республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
  • Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, әдіскері, тәрбиешілері мен барлық мамандары қатыса алады;
  • Олимпиада тапсырмаларын білікті жоғарғы оқу орнының оқытушылары дайындады;
  • Олимпиада 11 ақпан мен 28 ақпан аралығында www.qaztest.kzсайтында онлайн ұйымдастырылады;
  • Сұрақтар педагогика және психология пәні мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты бойынша беріледі.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

  • Олимпиадаға қатысу үшін http://qaztest.kz сайтына тіркеліп аласыз;
  • Әр қатысушы жеке-жеке электронды почтасымен тіркеледі;
  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам 3 ретке дейін тест тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 60 минут беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Қатысушылардың марапат қағаздары электронды почтасына автоматты түрде жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал;

Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;

Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 4 наурыз  күні сайтта жарияланады. 17 баллдан жоғары балл алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Дипломдар сертификатпен бірге қатысушының электронды почтасына жіберіледі және жеке парақшасындағы «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.

Орын ұпайлары

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Ал олимпиаданың нәтижесінде уақыт көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтиже алған 20 педагогке 10 000 теңгелік бір реттік стипендиятағайындалады (Егер бір мекемеден бірнеше педагогтың көрсеткіші жоғары болған жағдайда ұжымда  2 ғана қатысушы стипендия алады).

Олимпиадаға қатысу бағасы: бір реттік мүмкіндік – 700 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1200 теңге, үш реттік мүмкіндік –1500 теңге.

Олимпиадаға қатысу арқылы жақсы іске ұйытқы бола аласыз. Олимпиада жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное общество милосердие» қайырымдылық қорына (http://detdom.kz) аударылады. Аударымдардың нақты мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп сайтқа жарияланады.

Төлем жасау туралы ақпарат: Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен онлайн төлеу арқылы жүзеге асырылады. Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының жоғары жағындағы «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Қатысушылар саны көп болса, осы төлем жасау түрін таңдаңыз!

Ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Бөлімшелерге барып, біздің реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше адам қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады. 

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем түбіртегін жіберу

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ruпочтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

Төлем түбіртегін жіберушілер үшін өтініш үлгісі

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)  Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест 700 теңге, 2 реттік тест 1200 теңге)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.   

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз. Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.

 

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


ПІКІР ҚАЛДЫРУ