Балабақшадағы «Жас оқырман» жобасының тиімділігі

0
5512

 

Мақсаты:

Педагогтармен ата- аналардың балалардың оқу сауаттылығы мен кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту және оқу мәдениеті мен ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату. Балалардың тілдерін, ақыл ойын,белсенділігін есте сақтау, көру көргенін естігенін  мазмұндай білу, талдау баға беру қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

Педагогтар, психологтар ата- аналардың көмегімен балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

-Отбасындағы қарым қатынасты отбасылық бірге оқу арқылы көтеру қалыптастыру.

Оқу сауаттылығының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту;

-Кітап оқитын отбасыларының тәжірибесін басқа отбасылармен бөлісу,  тарату.

-Балалардың келешекте оқу сауаттылығын ілгерілетуге ата-ана         қауымдастығының ықпалын кеңінен қолдану.

— Шығармашылық ізденіске талпындыру.

Күтілетін нәтиже:

— Ата- аналардың оқырман ретінде  кітап оқуға қызығушылығы жоғарылайды;

— Педагогтардың   оқырман ретінде қызығушылықтары, оқу мәдениеті мен оқу     сауаттылығы жоғарылайды;

— Көркем сөзді оқу арқылы баланың тілі, есте сақтау ойлау қабілеттері дамиды.

— Ата- аналар педагогтар арасында кітапқұмарлар көбееді.

— Кітап оқу мәдениеті отбасылық дәстүрге айналады.

Өзектілігі:

— Ата- аналардың оқырман ретінде қызығушылықтарын, оқу мәдениеті мен оқу сауаттылығын анықтау;

— Оқымайтын аз оқитын ата- аналар мен балалардың санын  50 пайызға көтеру;

— Кітап пен оқуды адамның рухани өмірінің маңызды факторы ретінде насихаттау;

Педагогтардың өзіндік білім деңгейлерін жетілдіру;

Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие — адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.  Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.  Халқымызда  «баланы жастан» деген дана сөз бар.    Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында:     «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген болатын. «Мәңгілік ел» ата бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымызға мәлім. «Мәңгілік ел» идеясында бала тәрбиесіне зор мән берілген. Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады.
Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер бала¬бақшамызда жақсы іске асырылуда. Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі – ауызша сөйлеп үйрену арқылы

  «Жас оқырман» жобасын  балабақшамызда  2016-2017 оқу жылынан бастап жүргізіп отырмыз.  Осы жобаның тиімді екенін бірінші ата-аналармен  дөңгелек столдар жүргізіп, балалар кітапханасымен тікелей серіктестік құрып, балабақша педагогтары мен педагогикалық кеңестер жүргізе отырып қазіргі мектепте  балалардың кітапқа деген қызығушылығының жоқтығы, бәрін  электронды түрде көріп оқитындарын білгеннен кейін, балалардың кітапқа деген  қызығушылығын  мектепке дейінгі мекемеден бастап қолға алып «Жас оқырман» жобасын құрдық.  Ата аналар «Жас оқырман»  жобасын  дұрыс тәрбиелік мәні бар екенін түсініп тәрбиешілермен тікелей қарым қатынаста болып оқыған кітаптарын күнделіктеріне жазып отырып дұрыс жол екеніне  көздері жетті. Қазіргі мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерінің жәй шығуы, дыбыстарды дұрыс  айтпауы кітапты оқымағандығы туралы айтты. Сол себепті балабақшадағы  «Жас оқырман» жобасы  бір жылда жақсы жетістіктерге жетті. Педагогтар  тәрбиеленушілер мен түрлі конкустарға қатысып, қалалаық семинарлар өткіздік. Ата-ана, педагог, бала арасындағы оқырмандарды  байланыстырып  айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді.  Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себепті де сәбилермен жүргізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшелетеріне қарай топтары  үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру  тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес,  музыка , дене шынықтыру  ұйымдастырылған оқу-  іс қызметтері арқылы , сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі. көптілділікті үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, – деп ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ға-сырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ.  Қазақта  «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар.  Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі — ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім. Ілім мен ғылым — бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Бүлдіршіндерімізді білім машығын игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру барысында тиімді пайдалана алуға баулу жолында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына сүбелі үлес қосып келе жатқанымызға мақтанамыз.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесін жас буынның тілін дамытуда, жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдері де болған. Мәселен, мақал-мәтелдер баланың тіл байлығын арттыратын, сөз байлығын молайтатын ұлттық тәлім берудің кәусәр бұлағы. Күнделікті баланың жасаған іс-әрекеттерімен байланысқан, жасына лайық мәтелдерді қолдану бұл бала қиялын дамытумен бірге, өз ойын анықтап аз сөзбен толық жеткізуге тәрбиелейтін ең тиімді тәсіл. Жұмбақтар баланың қиялын, ақыл-ойын дамытып, баланы өздігінен ізденіс жасауға дағдыландырады, сонымен бірге интеллектісін қалыптастырады.

Мектеп жасына дейнгі балалардың тілін дамытуда бірінші кезекте сөздік қорын дамыту, яғни балаға синоним болатын сөздерді көптеп үйрету оның үлкендермен қарым-қатынас жасағанда қиналып қалмау үшін және бала бойында жауапкершілік сезімін тудыруда оң нәтижесін береді. Халық педагогикасымен байланыстырып кешірім өтінгенде айтылатын сөз орамдарын төмендегіше алып көрейік: Кешіріңіз?!, Кешірім өтінемін!, Айып етпеңіз!, Жаңылысыппын!, Абайламаппын!, Мүмкін болса..!, Қажет деп тапсаңыз…!, Керек деп ойласаңыз…! Сізден рұқсат болса…! Рұқсат етсеңіз…, Мақұл көрсеңіз…! Лайық деп қарасаңыз…, Лайық көрсеңіз…, Лайық деп қарсы болмасаңыз…, Ренжімесеңіз…, Мархабат етіңіз…, Еркіңіз білсін!, Қалауыңыз болсын!, Қаласаңыз…, Ренжи көрмеңіз.., Қапа болмаңыз!, Ренжімеңіз!. Көңіл-күй лебіздері арқылы сыпайылық білдіру, инабаттылық жасау, ізеттілік көрсету, әдептілік таныту, кішіпейілділік сақтау, көргенділігі мен тәрбиелілігін байқату қазақ тұрмыс-салтында, тұрмыс-тіршілігінде берік орын алған ұстаным, адамгершілік өлшенім, құрмет тұту этикеті саналады. Балабақшадағы негізгі мәселенің бірі – баланың тілін дамыту. Тіл – адамға табиғаттан берілетін, адаммен бірге туған, құдайдың бір сыйлығы емес, ол адамдардың бүкіл тарих бойына жиған асыл қазынасы, зор байлығы. Сондықтан ата-бабадан жеткен байлықты, қазынаны балаға меңгерту керек. Ол үшін балаға үлкендердің көмегі керек, ол көмек отбасынан басталады, балабақшада дамытылады.

«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп М.Жұмабаев айтып кеткен.

Инновациялық технология-білімге, кәсіби әдіс- тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет мүмкіндіктер нәтижесін дамыту мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Тәрбиешілер үшін нәтижеге жету тәрбиеленушілердің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне  қолдану блып табылады. Бүгінгі бала ертеңгі жаңа әлем. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйретіп, бағыт-бағдар беруші-тәрбиеші. Жас ұрпақ жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға бейімделуі тиіс.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шешендік сөздердің поэтикасы С.Т.Қасенов 1999ж
  2. «Мектепке дейінгі педагогика» Ф.Н Жұмабекова Астана 2008ж
  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы Б.Баймұратова 1991ж
  4. Бала мен балабақша журналы 2012-2015ж
  5. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы 2011ж

 

Қарағанды облысы  Балқаш қаласы

КМҚК МЖД мекеме «Жұлдыз»

балабақшасының директоры

Жакишева Кулпаш Билановна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ