«Балаларға берілген жүрек» (эссе)

0
4486
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Бүгінгі күні жас ұрпақты өз елін, жерін сүйетін, ұлтының салт-дәстүрі мен
ата-бабадан  қалған асыл мұраларын қастерлейтін, ардақтай  білетін етіп
тәрбиелеу- бала тәрбиесінде жүрген әрбір ұстаздың басты міндеті.

Бұл міндетті орындау жолында аянбай еңбек етіп,ізденіп, әр бала санасына ізгілік нұрын сеуіп, жиған-тергенін бала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті білдіреді.

Мен  өмірде  өзімнің  тәрбиеші  мамандығын  таңдағаныма  мақтанамын… Себебі  тәрбиеші  болу  кез  келген  адамның  қолынан  келе  бермейді.

Тәрбиеші  атына  айтылған  жылы  сөзді  естудің  өзі  бір  ғанибет  емес  пе?!
Оны  жүрегіңмен  және  жан  тәнімен  сезіне  аласың.

Бүлдіршіндермен  жұмыс  жасаудың  үлкен  бақыт  екенін   №30 «Қайнар»  балабақшасына  келгенімде  түсіндім.

Өзім  көп  балалы  отбасында  өсіп, ата-анамнан  жақсы  тәлім — тәрбие  алғандықтан  болар, тәрбиешілік  мамандығын  таңдадым. Осы  мамандығыммен  мақтанамын, қуанамын.

Абай  атамыз  айтқандай: «Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге, кетігін  тап та  бар қалан» — демекші, қоғамға  мен  де  бір  кішкентай  пайдалы  үлесімді  тигізіп  жатқан  сияқтымын.

Бүлдіршіндерге  білім  беріп  қана  қоймай,тәлім-тәрбие  беру, өмірге  икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік  қасиеттерді  бойына  дарыту  оңай  шаруа емес.

«Ұстаз  болу  өз уақытыңды  аямай, өзгенің  бақытын  аялау» -деп  Мұхтар  Әуезов  айтқандай, уақытпен  санаспай  балалардың  болашағы  үшін  аянбай  еңбек  етіп, үнемі  ізденіс үстінде  жүретін, шығармашылық  ұстанымы  жоғары   қасиет, тек  тәрбиешіге  тән  қасиет.  

Таңдап  алған  мамандығым  қиын  күрделі,  әрі  қызығы  мол.

Балалармен  бірге  ата-аналармен  қоса  жұмыстар  жасайсың, қазіргі  таңда алдыңа  келген  жас  ата-аналардың   көбісі  тілге  шорқақ, бірақ   өмірде өздерінің   тіл  жағынан  жіберген  қателіктерін   дер  кезінде  түсініп, қазақ  балабақшаларына, қазақ  топтарына  балаларын  әкелгенде  қуанасың.

Алдыңа  келген  баланы  бауырыңа  басып, басынан  сипап, еркелететін  кезде  еркелетіп, ақыл  айтып, жан  дүниесін  түсінуге  тырыссаң, олар да  жақын  көріп, анасы  сияқты  сырын  айтып, өз  балаңдай  боларына  күмән   жоқ.

Кейде жұмыстан келгенде қатты шаршағанымды сеземін.Алайда балалармен күні бойы өткізген күнді талдай отырып, олардың маған деген ықыласын, үміт толы көздерін,тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем шаршағанымды сол сәтте-ақ ұмытамын.

Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету,олардың ой- сезімдерін анық,еркін,көркем жеткізе алуға баулу,танымдық қаблеттерін дамыту-тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Мен жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақыттарымды өмірімдегі ең бір бағалы,әрі бақытты кездерім деп есептеймін.

Күнделікті  кішкентай  бүлдіршіндеріміздің  қуанышын, ата-аналардың  бақытты  жүздерін  көру  мен  үшін  бір  ғанибет. 

Ал, қазіргі заманғы тәрбиеші қандай болу керек?

Менің ойымша біріншіден: ол баланың жанын түсінетін қамқоршы, заманауи білімді, мейірімді, сабырлы, еңбекқор, кішіпейіл, шығармашыл өзін баламен тең ұстайтын тұлға.

Тәрбиешінің  жұмысының  алға   басуы  оның  шеберлігіне  байланысты   екенін  жақсы  түсіндім.

Тәрбиешінің  шеберлігібұл  балалардың  ыңғайын  табудың  жаңа  жолдарын  іздестіру, оларға  ықпал  ету.             
Тәрбиешінің  міндетітәрбиеленушілердің  қоғамдық  өмірде  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру, өмірге,болашаққа  деген  сенімдерін  бекіту.

Халқымыздың  мынандай   даналық  сөзі  бар: «Лашын  құсқа  ауа  қадірлі, жүйрік  атқа  дала  қадірлі, ата-анаға  бала  қадірлі» — демекші баланы  өсіріп  азамат  етіп  шығару  үшін  қаншама  шыдамдылық,жауапкершілік,ізденіс, уақыт  керек.

Сондықтан  олардың  білімді, тәрбиелі, ұлтжанды, халқын  сүйетін  азамат   болып  өсуі, біздер  тәрбиешілер  үшін  үлкен   міндет, онымен  қоса  мәртебе  деп  ойлаймын.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының “Қарлығаш” балабақшасының тәрбиешісі: Жасимбекова Бану Какимовна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ