Жол тәртібін білейік, Аман есен жүрейік!

0
1908
Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, Аман есен жүрейік!

Мақсаты:
Білімділік: Балаларға жол белгілерін,олардың түрлерін таныстыру.
Дамытушылық: Алған білімдерін іс-жүзінде қолдануға қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: жол ережелерінің суреттері,жол бағдар макеті. Тәрбиеші: Балалар кәне бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн саулесін төгеді.

Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.

Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді. ( Автобус)

Балалар біз бүгін автобуспен « Жол белгілері еліне » саяхатқа барамыз. Ол үшін алдымен автобуста жүру ережелерімен танысайық. Автобуста артқы есігінен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.Жасы үлкен адамдарға жол беру керек. Автобуста қатты күлуге немесе айқайлап сөйлеуге болмайды,ол әдепсіздікке жатады. Терезеден басынды шығарып, қолыңды созуға болмайды. Енді балалар қараңдаршы жолда түрлі жол белгілері кездеседі.

Айзере: Бір көзім кідір дейді

Бір көзім жүгір дейді

Бір көзім абайла дейді

Қарап қалма маңайға дейді. ( Бағдаршам)

Тәрбиеші: Балалар сендер жол белгілері туралы тақпақ білесіңдер ме?

Исмайл: Менің атым – Бағдаршам!
Бар әдемі үш көзім,
Алдамаймын, аңғарсаң,
Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
Мадияр            Үшбұрыш боп тұрамын
Қателеспес үшін де,
Көз сал маған, шырағым!
Жолда күткен қауіпті
Ескертемін мен оған.
Тыйым салу  Болмау үшін қиын күн,
белгісі:           Қажеті бар тыйымның.
Қызыл шеңбер ішінен

Алтын          «Болмайды!» деп бұйырдым.

Анықтама        Түнде, күндіз, кеште де
белгісі:              Жөн сілтеймін жолға сай-

Гүлсезім            Аңғармайсың ештеңе
Анықтама болмаса.
Ой-шұңқырды алдағы,
Қалай өту керегін,
Жылдамдықты, ал, кәне,
Анық айтып берейін!
Көрсеткіш       Жол созылмақ қаншаға,
белгісі:             Қайда асхана, монша бар,
Ерсұлтан         Қонақ үй бар қай жерде,
Қайда музей, қай көрме…-
Көрсетемін саған дәл,
Не көрсетсем, соған бар!

Еркеназ: Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергің жасқан ба.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ, үш сөзін:
-Тоқта!
-Сақтан!
-Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Тәрбиеші: Ал балалар, бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек?

Балалар: Қызыл көзі жанғаңда

Тәрбиеші: Балалар, жүргізуші неге жүрісін баяулатты?
Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.
Ол белгінің ішінде неге жануардың  суреті тұр?
Бұл «Абайла! Жануарлар!» деген белгі.

Жүргізуші байқап жүрмесе, жануарды басып кетуі мүмкін. Тәрбиеші: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау, Қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме?
Қасқыр:

Ұлданай — Жоқ, мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.
Тәрбиеші: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па?

Жарайды, Қасеке, автобусқа отыр, Айболитке барасың.
Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ме?
Айболит атамыз, бәрін де емдейді.
Ауырса адамды, аңды да емдейді.
Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз.
Айтыңдар, қанекей, оған кім келмейді.

Тәрбиеші: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады?
Айболит:

Жанаргүл— Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр?

Қасқыр: Ұлданай — Айтайын мен сізге шынымды жасырмай,
Жармасып малы бар машина артына
Домалап түстім де,
Шыңғырдым құлындай.
Айболит: Жанаргүл

Бір сәтке тойып жер мал үшін
Тәртіпті бұзыпсың.
Қарынның қамы үшін міне, енді
Еңіреп тұрғаның ұят-ай,
Аяқты сындырып, басынды жарыпсың.
Қасқыр- Ұлданай Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.
— Машинаға жабыспайтын боламын.
— Рахмет, Айболит ата.

Тәрбиеші: Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық.
«Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді. Мынау қандай белгі, балалар?
Балалар: Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.
Тәрбиеші: міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма сендерге?

Бүкіл саяхат барысында сендермен қанша жол ережесін үйрендік, білімімізді толықтырдық.
Шуақты өміріміз күндей куліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып — дей келе « Бағдаршам» әнімен аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

Есмуханова Анаргуль Жумабаевна
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай селосы
Жасдәурен бөбекжай-бақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ