«Балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде сюжеттік рөльдік ойындардың маңызы»

0
8327
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

«Балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде сюжеттік рөльдік ойындардың маңызы»

«Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар  өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

( А.С. Макаренко)

Бала мен балалар ұжымының дамуына мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі — ойын зор рөл атқарады. Ойын — балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді.

Орыс педагогы В.А. Сухомлинский: «Ойын — баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» — деп айтады.Ойын — балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұны, әлеуметтік сипаты жағынан баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Отбасы», «Балабақша»және т.с. болып ойнайды.

Ойынның сюжеттік мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, оның әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойынға ықылас пен ынтаны күшейтеді. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.

Сюжеттік-рөлдік ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі — оны балалардың өздері жасайды. Сюжеттік-рөлдік ойында бейнелеу құралы — рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.

Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен ашық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы  түсінік алады.

Ойын  –  ұшқыр, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.

Ойын  – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Ойын дегеніміз — ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын — тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір өзегі.
Атақты педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Мектепке дейінгі балалық шақ 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында туындайды.

Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды.

Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын.

Ойын — кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс.

Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын — адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген.Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде — спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде — әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.

Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек.

Ересек адамның ойын процесінде балалардың ұсыныстарын қабылдап, баланың ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді сондай-ақ, ойын рөлін енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету шеберлігінен балалар үшін ересекпен бірлескен іс-әрекеттің тартымды және қалыптастыратын әсердің табысты болуы байланысты. Тәрбиеші ойын сюжет — оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне (рөлдерге), олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді өрістете алу тиіс.
Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін, ойын түрін (өздік немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды.
Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны, және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады.

Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді.Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз әмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.

«Мектеп»

«Аурухана»

«Шаштараз»

«Көше»

«Дүкен»

«Кітапхана»

«Отбасы»

«Құрылысшы»

«Ғарышкер»

«Ателье» «Шекарашы»

Ойын үлгісінің технологиясы баланың белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын — дегеніміз не? Ойын дегеніз — халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар. Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. «Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары.

Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті — рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық ойындар — балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.

Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз. Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Ойын — бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Театрландырылған ойындар – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісінде оларды рухани дамытуға, әдеби және фольклорлық шығармаларды түсінуге және ұжымдық сипаты бар ойындарға қатысуға, бәсекелестік сезімін дамытуға арналған жайлы жағдайларды тудыруға, сонымен қатар оның тәсілдерін игеруге деген тиімді құрал болып табылады.

Театрландырылған ойындар ойнау барысында балалар кейіпкерлердің көңіл – күй сезімдерімен танысады, олардың сыртқы пішіндерін өзгертудің тәсілдерін игереді және мінез – құлық сезімдерінің өзгеру себептерін тереңірек түсінеді.

Балалардың тілдерін дамыту барысында атап айтқанда диалог пен монологты жетілдіруде театрландырылған ойындардың алатын орны ерекше. Қорыта айтқанда театрландырылған ойындар балалардың өздерін өздері таныту және көрсетулерінің құралы болып табылады.

Әдеби немесе фольклорлық негіздегі мазмұн театрландырылған  ойындардың  ерекше сипаты болып табылады. Оларды екі топқа бөлуге болады: драмалау және режиссерлеу. Бұлардың әрқайсысы өз кезегінде бірнеше топқа бөлінеді.

Драмалау ойындарында бала «әртіс» ретінде рөлді орындай отырып кейіпкерлерді өз еркімен көрсетеді.

Адамдарды, жануарларды, әдеби кейіпкерлерді, тақырып негізіндегі рөлдік диалогтар, бір немесе бірнеше шығармалар бойынша спектакльдер қойылымдары, алдын – ала дайындық жасамай сюжеттік ойындарды импровизациялау – драмалық ойындардың түрлері болып табылады.

Режиссерлық ойындарда – ойыншықтар «әртістер» болып табылады. Режиссерлық ойындардың түрлері: үстел үсті ойындар, жазықтық және көлемді, қуыршақ (саусақ, марионетка т.б.)

Балаларды дамыту бойынша театрландырылған ойындар жертесі үш түрге бөлінеді:

—         Әдеби және фольклорлық шығармаларды әдеби түрде қабылдау;

—         Негізгі және қосымша қойылымдарды арнайы білу үшін игеру;

—         Өздік шығармашылықты көрсету;

—         Балалардың театрландырылған ойын түріндегі іс – әрекеттерді өзара байланысты екі аспект түрінде қарастырылады;

—         Әдеби, музыкалық және бейнелеу түрлері арқылы көркем әдебиетті интеграциялау;

—         Ойын барысында баланың өзін – өзі сюжеттік шығармашылықты түрде көрсетуі.

Театрландырылған ойндарды ойнату барысында 4 – 5 жастағы балалардың бойында ерекше қызығушылық пайда болады. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Қасқыр мен қоян», «7 лақ және қасқыр», «Мысық пен тышқан», «Алдар көсе және бай» ертегілерін театрландырылған ойындар, яғни спектакльдер ретінде жеке – жеке рөлдерді орындау арқылы көрсеткен кезде балалардың бойында өздеріне деген ерекше сенімділік сезімі пайда болады, өздеріне тапсырылған рөлдерді үлкен ынтамен орындайды. Топтардағы тәрбиеленуші балалардың шығармашылығын, өнердің әр саласында өздерін көрсете білуді ұйымдастыруда театрландаралған ойындардың алатын орны ерекше.

Сюжетті-рольдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, қарым – қатынас әрекетін белсендіру.

«Көше» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны:

1.Балаларға көліктердің түрлері, жүргізушілердің еңбегі және көше қозғалыстарының  ережесі туралы түсінік беру.  Балаларға  бағдаршамның атқаратын жұмысын, автобусқа міну, көшеден өту ережелерін үйрету.   Көше ережелерінің белгілерін түсінуге, ажырата білуге үйрету, көше қозғалыстарының ережелері жайлы білімдерін кеңейту.

2.Көше қозғалыстарының негізгі ережелеріне бағына білуге тәрбиелеу. Ойын атрибуттарын жасау, реттеушіні, жаяуларды, жүргізушілердің рөлін ойнауды уйрету.  Атрибуттар: түрлі көліктер, коляскалар, велосипедтер, бағдаршам, белгілер, реттеушінің жұмыс киімі, жаяуларға арналған белгілер, жаяулар, жүргізушінің куәлігі,реттеушінің таяғы.

Қатысушылар: полиция-реттеушісі, МАИ инспекторы, жүргізушілер, жаяулар.

«Аурухана» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны:

Балалардың дәрігер  мамандығы жайлы білімдерін кеңейту: балалар дәрігері (педиатр), медбике, жедел жәрдем дәрігері, окулист(көз дірігері), хирург, лоринголог, терапевт, стоматолог(тіс дәрігері), фармоцевт. «Емхана» ойынын басқа ойындармен байланыстыру арқылы толықтыру және дамыту. Медициналық терминдермен балалардың  сөздік қорын кеңейту. Топтарда ойынды үйымдастыруға үйрету барысында достық қарым-қатынасты нығайту.Рөлдерге өз қалауларымен бөлуді үйрету. Ұжымдық ойында басқарушылық іскерліктерін қалыптастыра отырып, бірлестікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Ойын атрибуттары:

1.Педиатр кабинеті: дәрігер, медбике, халат, бас киім, рецептер, градусник, жолдама, фонендоскоп, шпатель, , ойыншық, витаминдер.

2.Емшара бөлмесі: дәрігер, медбике, халат, бас киім, шприцтер, банкелер,қыша қағазы, инголятор, мақта, спирт, витаминдер.

3.Дәріхана: дәрі сатуші, фармоцевт, дәрілер, дәрілерге арналған сөрелер, рецепт.

4.Окулист(көз дәрігері): бас киім, халат, таблица, бинт, мақта, пипетка, көзге тамызатын дәрі, мазь, көзілдірік.

5.Жедел жәрдем: дәрігер, жедел жәрдем көлігі, халат, бас киім, дәрілер салынған чемодан.

Есмуханова Анаргуль Жумабаевна
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай селосы
Жасдәурен бөбекжай-бақшасы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ