Балаларға күлкі сыйлайық атты ертеңгілік

0
2110
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Балаларға күлкі сыйлайық

Жүргізуші:

Қайырлы таң,бүлдіршін балалар!

Сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Қайырлы күн,балалар,қонақтар!Сіздерді мерекемізде көргенімізге қуаныштымын.

Қолтырауын Гена келеді.

Жүрг: Гена,сен неге көңілсізсің?

Гена: Бүгін үлкен мереке,ал мені ешкім құттықтамады.Сыйлық та бермеді.

Жүрг: Гена ,сен ренжіме.Біз көп сыйлық дайындадық,бірақ қайсысы сенікі екенін ұмытып қалдық. Ал, сендер,балалар,зерікпей бірден жауап беріңдер.

«Кімнің сыйлығы» ойыны.

Жүрг: Қызыл телпек пен себет?

Балалар: Қызыл телпектікі.

Жүрг: Бір құты тосап?

Балалар: Карлсондікі.

Жүрг: Сырнай?

Балалар: Қолтырауын Генанікі.

Жүрг:Міне,сенің сыйлығың.Бірақ ол жәй емес,сиқырлы.Егер сырнайда ойнасаң ертегі кейіпкерлерін шақырады.Көңіліңді көтеріп саған мерекеге қыздарымыз би билеп береді.

Сібір қыздарының биі

Қолтырауын сырнайын тартады,ортаға Қызыл телпек келеді.

Қызыл телпек: Мен өзімнің телпегім мен себетімді іздеп жүрмін.

Жүрг: Сен уайымдама , телпегің мен себетіңді тауып береміз.

Біздің балалардың өнерін тамашалап,мерекеде бірге бол.

«Әжем айтқан ертегі» әні

Жүрг:Гена,сырнайың не дейді?

Қолтырауын сырнайын тартады,ортаға Аю мен Маша келеді.

Маша: Осы жерде сыйлық үлестіріп жатыр естідім.Маған да сыйлық бар ма?

Жүрг: Маша,әрине сыйлық болады.Мыны қораптардың бірінде саған арналған сыйлық бар.

Маша: Бал…Мен балды жақсы көрмеймін.

Жүрг: Маша.балды сен ұнатпасаң оны жақсы көретіндер бар.Балалар,аюды кім жақсы көреді? (аю) Қазір біздің балалардың өнерін тамашала.

Ән «Балабақшам бақ ұям»

Жүрг:Гена,сырнайың не дейді?

Қолтырауын сырнайын тартады,ортаға Сиқыршы келеді.

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме,балақайлар!Мен сендердің мерекені тойлап жатқандарыңды білемін.Сендерге дайындаған сыйым бар.Ол үшін сиқырлы сөздерді айтайық.

1,2,3, Сим-салавим,

Суф, суф

«Ертегілер» Бауыржан Інжу

Жүргізуші: Мен осы мереке көпке дейін естеріңде қалады деп үміттенемін. Бүгін сендерді ертегі кейіпкерлері құттықтады емес пе?!

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,

Құтты болсын,балалар мерекеңіз!

Ендеше бәріңізді ортаға көңілді биге шақырамын.

Флешмоб

Ертегі кейіпкерлері:Мерекелерің құтты болсын!Сау болыңдар!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ