«Балалар жолда сақ бол» Ұйымдастырылған оқу қызметі

0
8678
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: «Балалар жолда сақ бол»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекет: Тіл дамыту.

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін түсіндіру.

Бағдаршам туралы толық ақпарат беру. Жол белгілерінің неше түрі бар, бағдаршамның атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Білімділік: Бала сезімін кеңейтіп жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін білімдерін пысықтау, жол ережесін адам өміріне қажеттілігін түсіндіру.Жаяу мен байланыс қатынасын білдіру.

Дамытушылық: Зейінін есте сақтау түсті айыра білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдиниетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: рөлдер, белгілер, бағдаршам, жол белгілер суреттері.

Сабақ әдіс-тәсілдері: тақырып бойынша сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын ойнату.

Ән әуенімен балалар екі- екіден автобус ішіндегі жолаушылар, ал тәрбиеші қолына руль ұстап жүргізуші болып топқа кіреді.

Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Қандай әдемісіңдер балалар. Бүгінгі күндеріңнің қуанышты өтуіне тілектеспін.

Негізгі бөлім: (Балаларға орындықты автобус ішінде келе жатқандай екі-екіден қойып отырғызады)

Тәрбиеші: Балалар біз өзімізді қандай көліктің ішінде келе жатырмыз деп ойлаймыз?

Балалар: Автобустың.
Тәрбиеші: Дұрыс өте тамаша сендер өте әдемі тәртіпті жолаушыларсыңдар.

Мен сендердің жүргізушілеріңмін. Қане, кім қайда барады? Бәріміздің билеттеріміз барма?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Балалар жол жүрмес бұрын мен сендерге жол жүру ережесі туралы айтып өтсем дейміз. Өйткені жолда түрлі жол белгілері кездеседі. Бағдаршам – бізге дұрыс жол бағыттайды. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болған. Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алуымыз керек Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Бiр көзім-кідір дейді

Бір көзім жүгір дейді

Бір көзім абайла дейді

Қарап қалма маңайға дейді (Бағдаршам)

Ал ендеше, балалар сендер қандай тақпақтар білесіңдер?

Емил:Қызыл түс-қимылдама баспа алға ,

қиылыста қарап қалма аспанға.

Сары түс сәл сабыр ет дайындал,

жасыл түс жүре бергін жасқанба.

Ұлдана:Қызыл көзін ашқанда

Аяғыңды баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін жасқанба

Балалар сендер қалай ойлайсыңдар бағдаршамның неше көзі бар және қандай-қандай?

( Қызыл , сары, жасыл. )

Балалар біз көшеге шыққанда неге мән беруіміз керек ?

( Жол белгілеріне мән беру керек. )

Қандай жол белгілерін білесіңдер?

Бaлалар ұмытып қалса суреттер көрсету.

Балaлар бағдаршамның қызыл түсі жанғанда тек қандай машиналарға өтуге болады?

Балалар: -өрт сөндіру машинасына,

-полиция машинасына ,

-жедел-жәрдем машинасына өтуге болады.

Жаяу жүргіншілер жолымен таныстыру:

Біздің көшелер бойында жаяу адамдарға жолаушыларға арнайы жүретін зебра жолы бар.

Жұмбақ.

Көшеде жүреді кішкентай үйлер,

Сол үйлерді жүргізушілер жүргізеді.

( Машина )

Балалар қоғамдық көліктерге не жатады?

( Автобус, трамвай, тралейбус. )

Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері:

Автобусқа мінгенде, алдынғы есіктен кіру керек , артқы есіктен шығу керек.

Жол жүру билетін алу.

Қарт адамдарға орын беру.

Қоқыс тастамау, орындықтарды бұзбау, қатты дауыстап сөйлемеу.

Нұрай:Қауыпты ғой көше тым,

Қумай жолдың төтесін.

Жолақтарды іздеймін.

Жаяу адам жүретін.

Абзал: Өтер кезде жолдан,

Абайла сен бала.

Әуелі қара солға,

Содан соң қара оңға.

Амина: Ортасында тұра қап,

Оңға солда бір қарап.

Жолдың арғы шетіне,

Жетіп алам жылдам-ақ.

Інжу: Аяалдама аттарын,

Жаңылмастан жаттаймын.

Жолда жүру тәртібін,

Мен осылай сақтаймын.

Ата-аналарыңмен, үлкендермен бірге автобусқа мінерде, қай жерде отырып көлік күтесіңдер .

Балалар: Аялдамада отырамыз.

Жұмбақ.

Ала таяқ ұстаған,

көше тәртібін нұсқаған.

Өмірің ізетпен,

ысқырығы күзеткен.

( Полиция қызметкері )

Қонаққа полиция қызметкері келеді:

Балалар амандасады:

Балалар жолдан өтерде бірінші солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін, оңға қара. Жолдың машина жүретін бөлігінде , ойнауға болмайды . Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме. Ол сенің өміріңе қауыпты .

Сергіту сәті .

( Бағдаршаммен бірге жасайды )

Қызыл жанады (қозғалмай тұрады.)

Сары (қол шапалақтайды,)

Жасыл жанады (орында тұрып жүреді.)

Балалар ойын ойнайсыңдарма?

Ойының аты: Жол белгілерін тауып құрастыру.

Жарайсыңдар балалар сендер өте алғыр екенсіңдер!

Балалар сендер достарыңа қандай тілектер тілейсіңдер?

-Деніміз сау болсын!

-Достарымыз көп болсын!

-Балабақшамыз көркейе берсін!

Осымен бүгінгі оқу іс әрекетімізді аяқтаймызю Көріп тамашалағаныңызға рахмет!

«Жол ережесін білейік — аман есен жүрейік»


ПІКІР ҚАЛДЫРУ