Жасыл шырша жанында! мерекелік сценариі

0
2929
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Жасыл шырша жанында!

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсінектерін қалыптастыру, мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру, хормен ән айту шеберліктерін арттыру, би қимылдарына қызығушылықпен орындалуға төселдіру.

Өтілетін орны: Акт зал

Фан-фар Шыршаны айнала аңдар мен мультфилим кейіпкерлерін кейінген ата-аналар билеп жаңажылдық көніл-күйлерін көрсетіп жаңажылдық ертеңгілікті қарсы алуға дайын болып жур.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар және балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге

Жаңа табыс тілейміз ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін

Мына отырған барша жан бәрімізге

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр- әні

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңіз- балалар!- дей отырып ортаға Жаңа жылдық шыршаға ертеңгілігімізге келіп отырған балаларымызды шақырайық.

Музыка ойналып балалар кіреді.

Ән: «Жаңа жыл әні»

Құттықтау сөз: Мектеп директоры беріледі.

Жүргізуші: Балалар мынау ортада тұрған не? Білемізба?

Балалар: Шырша

Би: «Микки маустар биі»

Жүргізуші: Балалар біздің шыршамыз әдемі, бірақ бірдеңе жетпей тұрған сияқты қараңдаршы. Я шыршада шамдар жамбай тұр, олай болса шыршамыздың шамдарын жағайық.

Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат. (3 рет)

Клоун: Қандай әсем шырша, қандай әдемі балалар.

Балалар менде сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы балалар!

Балалар: Жарайды

Би: «Пираттар биі»

Жүргізуші: Нұрландырып маңайды

Шырша шамы жағылды

Жаңа жылдың құрметіне

Ақ тілектер ағылды.

«Балалардың тақтақтары»

КВН-нан үзінді.

Жүргізуші: Ал халайық, халайық

Ескі жылдай аға бар

Оны ортаға алайық

Қош айтысып қалайық

( Ортаға ескі жыл мен жаңа жыл шығады.)

Ескі жыл: Ескі жыл есіркеп

Жаңа жылың жарылқап

Елімде болсын тыныштық

Бейбіт күнің жарылқап

Қоштасамын бүгін мен

Сіздерді қимас көңілмен

Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Келді міне жаңа жыл аппақ болып

Жыр болып, арман болып, қиял болып,

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Қонысыңыз құтты болсын болсын жаңа жыл!

Жаңа жыл: Рахмет балалар! Мені бөтенсімей шын шын ықыластарынмен қарсы алғандарыңа рахмет!

Жақсылыққа бағытталған,

Итпін мен жаңа жыл

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қалаймын

Ән: «Жаңа жыл»

Көрініс: «Ормандағы таңғажайып уақиға»

( кезекті ата-аналарымызға береміз)

Жүргізуші: Балалар біздің әсем шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз көрермендеріміз де бар енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші: Қане балалар онда аяз атамызбен ақшақарды шақырайық.

(Аяз ата, Ақшақар 3 рет)

Аяз ата: Амансызба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем билерің

Асулармен алыстым

Асау желмен жарыстым

Шыршамызға асығып

Өздеріңмен табыстым

Ақшақар: Армысыздар ата-аналар

Жаңа жылдарымыз құтты болсын

Жаңа жыл татулық пен бірлік жылы болсын!

Ән хоровод: «Қандай әсем шыршамыз»

Жүргізуші: Аяз ата сіз алыс жолдан шаршап келдініз енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған тартуымызды қабыл алыңыз.

( Кезекті балалардың тақтақтарына берейік)

МАД би: Санта клаус

Аяз ата: Ой бәрекелді балалар! Мен сіздерге риза болдым. Мені сіздер сияқты басқа да балалар күтуде жаңа жылдарыңыз құтты болсын, келесі жылға бейін көріскенше аман сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар! Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші: Балалар ендігі кезегімізді сіздердің ата-аналарыңызбен ойын ойнауа берейік «Кім жүйрік»

Кезекті лотарея билетин ойнатуға береміз

Құттықтау сөз ата-аналарға!

Қорытынды: жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршаңыз үшін берекелі мерекелі жыл болсын!

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Джуманова Сапаргуль Бердибаевнаның жаңа жылдық сцераниі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ