Балаларды ұлттық үрдіске тәрбиелеу

0
1093
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Тақырыбы: Балаларды ұлттық үрдіске тәрбиелеу

Жасы үлкендерді, қарияларды құрмет ету ,олардың келелі кеңестерін,ежелден келе жатқан халқымыздың дәстүріне сай берген жол-жорықтарын тыңдай отырып, солар көрсеткен жолмен жүру дәстүрі халқымыздан ежелден бар.Бұл дәстүріміз күні бүгінге дейін өз күшін жойған емес.Жоймайды да.Себебі келешек ұрпақтарды да сол тәртіп –өнегелермен тәрбиелей білсек,оның жалғасын келешек ұрпақ ары қарай жалғастырары анық.

Қариялардың өмірден көрген сабақтары көп .Олар өмір мектебінің түрлі сабақтарынан өткен, көнекөз халықтың мұраларымызды кейінгі ұрпаққа жеткізуші тірі тарихтарымыз. Бұны әрбір отбасындағы балаларға саналы түрде түсіндіре білу үлкендердің міндеті, әрі парызы.

Үйдегі үлкен ата мен әженің орны ерекше екенін айтып өту орынды.Сондқтан да халқымыз «Қариясы бар үйдің керісі бар» деп текке айтпаған.Шындығында алдыңғы буын аталар мен әжелер соңғы буын ұрпақтарына тек адал еңбек етуді,Отан сүюді,жігерлі болуды,сондай-ақ қонақ күтуді,мейманда болуды үйретіп келген.Өз әулеттеріндегі туысқандық байланыстардың үзіліп қалмай,ары қарай нығаюына,ағайын-туғандардың арасы әрдайым тату-тәтті жасауына ықпал етіп келеді .Бұл да баланың көпшіл болуына өз септігін тигізеді.

Дана халқымыз «Адамның бақыты- еңбекте» деп бекер айтпаған.Шынында да адам өз қадірін,құрметін сол адал еңбегі арқылы алады.Балалар өз ата-анасымен немесе өзінен үлкен аға-әпкелерімен бірге жұмыс істегенді қалайды.Себебі,төменгі сыныпта оқитын оқушылар көбінесе үлкендердің жүріс-тұрысын,іс-қимылдарын,сөзін қайталағанды дұрыс көреді.Балаларды жастайынан әке кәсібіне,қыздарды анасының рәсіміне баулу бұрыннан келе жатқан дәстүріміз.Әсіресе қыз баланы ибалы,тәртіпті етіп тәрбиелеу-отбасындағы басты тәрбиелік жұмыс.Оларға үлкендердің алдында ерсі қылық көрсетпеуге ,сөйлегенде үлкен адамға сыпайы жауап беруге үйрету де маңызы бар мәселе.

Сондай-ақ балаларды сәлем беруге үйрету де маңызы бар мәселе.Осылайша өзімізге тән тәрбиелік маңызы зор мәселелерді бала жас кезінен оның қалыбына сіңіріліп баруы , бізден алдыңғы ата-бабаларымыздан жалғасын тауып келе жатқан халықтың педагогиканың қалануына ықпал еткен.Бүгінгі күн жастарын жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасылардың жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде.Себебі, балаға саналылықтң сипаты ол өмірге келген күннен бастап сол отбасында бойына сіңеді.Кейіннен мектеп,қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әр түрлі жағдайлардың әсерімен қалыптасады.Балалардың жақсы немесе жаман болып қалыптасуына отбасындағы ата-ананың немесе сол отбасындағы үлкендердің әсері аса маңызды екенін баса айтып,соған көңілді көбірек бөлмекшіміз.Өмірге келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен ең алдымен өз отбасында танысады.Перзент үшін дүниеде ең жетілген білімді де мәртебелі адам –оның ата-анасы.Ал ең әдемі де жарық уй- оның туылған үйі.Балалардың қоғамда қабілетті,өнегелі,саналы,денсаулығы мықты іскер елін сүйетін,Отанына адал болып өсуіне қоғам үшін маңызы үлкен.

Балалар өз бойынан ата-анасының бар болмысын көрсетсе,керсінше ата-аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді.Әсіресе,балаларды жас кезінен бастап тазалыққа,жинақы –ұқыптылыққа ,еңбекті сүюге және оның қадір-қасиетін түсінуге, үлкендерді,соның ішінде жасы үлкен қарттарды ,құрметтеуге және оларды мейіріммен қарауға ,ол өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады.

Ата-аналар өсіріп отырған ұл-қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған .Отбасында жасы кіші оқушыларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу,мәдениетті етіп тәрбиелеу,оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге,оларға «сіз» деп сөйлеуге,сәлемдесу ережелеріне мән беруге ,жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару да өте қажетті маңызды мәселе.

Кейбір ата-аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп,баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайлылықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады .Бұндай қолайсыз жағдайларға тап болуына баланың өз ата-анасы кінәлі емес деуге болмайды.Бірақ осындай ата-аналар өз кемшілігін сезініп,өздері мойындайда бірмейді.

Отбасындағы жалпы қарым-қатынас ,үйдегілердің бір-біріне деген сый құрметі немесе басқалармен болған байланысы,сөз шеңберліктері,жағымсыз қылықтары жас баланың қалыптасуына үлкен әсер етеді.

-отбасындағы ата-аналардың барлық перзенттеріне бірдей көзқараста болуы,мейірімді және қамқор бола тұрып,қаталда талапшыл болуы.

-отбасында балалардың еңбек сүйгіштікке,іскерлікке,төзімділікке үйретудің рухани және әдептілік жақтарының құрылуы

-отбасында перзенттердің ата-ана алдындағы борышымен міндетін сезінуі.

-балалардың отбасында адамгершілігі мол болып қалыптасуына үйдегі жалпы қарым-қатынастың бірізділікке қойылуы ,үйдегі тәрбиелік жұмыстарды салауатты өмір салтына қалыптастыра білуі

-ата-ананың бойындағы барлық тәрбиелік қасиеттердің балаға сіңірілуі ,соның көрінісін кейін балаларынан байқалуы.

Өнегелі отбасында тәрбиелі бала өсіру,жаңаша өмір салтын ежелгі құндылықтармен байланыстыра отырып,келешектің саналы ұрпағын қалыптастыру ,бүгінгі күннің талабы.Қорыта айтқанда,бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып ,ұлттық дәстүрімізді,әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу.Ата-ананың басты міндеті дегіміз келеді. «Балапан ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі» деген мақалды халқымыз текке айтпаған.Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек,ата-ана сол насихаттарды жүргізуші.Бұны, ата-аналардың қоғам алдындағы үлкен міндеті десек те болады

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ