Балаларды  өмірге бейімдеуде шахмат ойынының негіздерін оқытудың тиімділігі

0
1982
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Балаларды  өмірге бейімдеуде шахмат ойынының негіздерін оқытудың тиімділігі

Шахмат ойыны-балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес,ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойынына үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету-балаларды кеңістікке бағдарлай алу қабілетін дамытуға,ойлаудың аналитикалық-синтетикалық жолдарын,ой тұжырымдарын жасау,есте сақтау,қорытынды жасай алу қабілетін,іс-әрекетін болжауды дамытуға көмектеседі.

Шахматты біз осы уақытқа дейін ойын деп қабылдап келдік. Ал, тереңірек үңілсек, шахмат — адамның ақыл-ой дамуына ықпал ететін білім. Осы орайда Елбасы тікелей эфирдегі дәрісінде шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан, шахматпен математика, ғылым мен ілім — ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз қажет.

Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі болғандықтан, балалардың логикалық ойлау, алдын-ала болжау, математикаға бейімделу қабілетін арттыру, жүйке жүйесін қалыптастыру, компьютерге тәуелділіктен арылтуға мүмкіндік туғызады. Түптеп келгенде шахмат адамның ми қатпарларын жақсы жұмыс істететін ойын түрі ғана емес, сонымен қатар маңызды саяси стратегиялық алаң. Шахмат партиясын апталап, тіпті айлап ойнауға болады. Ойында белгілі бір мақсат болғандықтан,сол мақсатты жүзеге асыруда айла тәсілдері де болады.
Тақтадағы қияң-кескі күрестің жалпы барысын,негізгі жоспарды стратегия деп,ал жеке айла тәсілдерді тактика деп атайды.Бұл екі ұғым өте тығыз байланыста қарау керек. Жалпы алғанда стртегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен байытып отырған жөн.Өмірге бейімлелуде де стратегиялық жоспарлауды үйрену керек. Шахмат ойынын үйрету барысында балалар бойында стртегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен дамытудың тиімділігін арттыру үшін шахмат ойынының негіздеріне тоқталуымыз керек:

1. Фигуралар мен пешкілерді орталық алаңда топтасырып ойнау және орталық алаң үшін күрес. Бұл тәсілдің екі түрлі пайдасын балалар түсінуі керек.Бірінші пайдасы-ойыншының өз фигураларына еркін қимыл жасауға мүмкіндік береді.Екінші пайдасы-қарсы жақтың фигураларына маневр жасауға кедергі жасайды.

2. Фигураларды орналастырудағы кейбір ерекшеліктер. Балаларға ойналып жатқан шахмат партиясының тағдырын көп жағдайда фигураларды тақта үстінде дұрыс орналастыру шешіп кетеді. Бұл тәсілді балаға үйрету-ойын барысында үстемдік,артықшылық береді.Балалардың өмірден өз орындарын иеленіп, бейімделуде бойына сенімділік қалыптастырады.

3. Шахмат партиясының басталуын үйрету. Шахмат ойынын бастау.Ереже бойынша жүрісті ақ жағы бастайды.Мүмкін,бұл оған артықшылықтар та берер.Мәселен 8 пешкімен 16 түрлі,екі атпен 4 түрлі жүріс жасауыңызға болады. Сөйтіп,балаға 20 позиция құра аласыз.Ал қара жағының жауап жүрісінен кейін мүмкін болатын позициясының санын есептеп көрсеңіз,ол 400 болады екен.Сонда математиктердің есептеуінше алғашқы 10 жүрістен кейін тақтадағы мүмкін болатын варианттарының саны 169.518.829.100.544.00. 00. 000. 000. болады екен!

Осынша сан жетпес варианттарды ойнап шығу үшін бүкіл адам баласы фигураларды үздіксіз қорғап отырғанда,217 миллиард жыл ойнау керек екен! Балаға осылардың ішінен дұрыс ережелерді таңдап алуды үйрету керек . Ол ережелер, шахмат ойынының теориясында дүние жүзі шахматшыларының ғасырлар бойғы тәжірибесінен келіп жинақталған. Оны оқыған,меңгерген бала өмірдегі өз таңдауынан жаңылмағанына көзі жетіп, нарықтың заңдылықтарынан шешім қабылдайтын тұлға болып қалыптасуына ықпал ете аламыз.
Жалпы алғанда, шахмат туралы балаларға көп кітап оқығаннан артығы жоқ. Әлемнің барлық жеңімпаздарының кітаптарын оқудың пайдасы зор.Эндшпиль бойынша Авербахтың Алёхиннің 1924, 1927 жылдары Нью-Йорк қаласында өткен супер – турнирлер жөніндегі кітаптарын , эндшпиль бойынша Дворецкийдің кітаптары мен мақалаларын оқуға балаларды баулу керек.Өйткені шахмат туралы білім-тәжірибе жеке бір партияларды талдаудан,қосымша ізденуден,арнайы әдебиеттерін пайдаланудан бірте-бірте жинақталады.

4.Дебюттің принцптері мен міндеттерін оқыту арқылы балаларға ширақ қимылдауды,алған білімдерін нақты,дәл қолдану перспективасын жүзеге асыруды, ойланбай артық қателіктер жібермеуді үйретеді.Дебют салатын үйдің іргетасы іспетттес.Іргетас жақсы қаланса ,үйдің берік салынатыны кімге де болса аян.Демек балаларға дебюттің дұрыс басталуын үйрету ойынның бала өміріндегі аса маңызды шарттарын шешуге бейімдеудің басты құралы десек те болады.

Шахмат ойынының балалардың өмір тәжірибесімен,келешегіне бағыт бағдар беруде өзіндік ықпалына көз жеткізу үшін шахматтан әлемге танымал болған отандық қандастарымыз бен тәжірибелі әлемдік тұлғалардың өмір жолдарын үлгі етіп отыру шарт.

Кирсан Илюмжинов – бүкіл әлемге өте танымал тұлғалардың бірі. Қарапайым ғана қалмақ баласы бүгінде әлемнің 177 елінің басын қосып ,Халықаралық шахмат федерациясының тізгінін нық ұстап отыр. Кирсан Илюмжиновтың Қазақстандық БАҚ-на берген сұхбатынан біраз өнеге алуға болады: «1993 жылы Қалмақ Республикасының Президенті болып сайланғанымда менің қол қойған алғашқы ресми құжаттарымның бірі шахматқа байланысты болғанын бүгін мақтанышпен айтамын. Осылайша «Шахматты дамыту және оны оқыту» мәселесін сол жылдардан-ақ қолға алдым.

Ешбір мемлекетте жоқ шахмат істері бойынша министрлікті құрдық. Қалмақ елінде өте қысқа мерзімде Шахмат қаласын тұрғызып, шахматтан халықаралық олимпиада өткіздік. Сол кездері көптеген орталық газет-журналдар қалмақтарға шахмат олимпиадасы не үшін керек деп мысқылдап, сөгіп жатты. Мені Остап Бендер деп атады. Ал менің арманым – шахмат арқылы қалмақ елін бүкіл әлемге, бүкіл әлемді қалмақ еліне паш ету ғана еді. Өйткені өз басым осыған дейін қалмақ жеріне шетелдіктердің келгенін көрмеппін. Иә, бірде болгарлықтардың, ал бірде моңғол делегациясының келгені бар. Сөйтіп 1998 жылдың қыркүйек айында Халықаралық шахмат олимпиадасын өткіздік.

Бүкіл әлем бойынша қалмақ жерінде бой көтерген жалғыз Шахмат қаласына дүниежүзінің 120 елінен екі мыңнан астам шахматшы жиналды. Олимпиада қалмақ балаларына қатты әсер етті. Осыдан кейін шетел тілін меңгеруге, шахмат ойнауға ұмтылушы қалмақ жастарының қатары күрт көбейді. Бүгінде қалмақ балалары 100 пайыз шахмат ойнайды десек те болады. Бір таңғаларлығы, бұл ойын мектеп оқушыларының интеллектуалдық деңгейінің жоғарылауына айтарлықтай әсер етті. Қалмақ оқушылары математика, физика, химия пәндері бойынша Ресейде өтетін көптеген додаларда топ жарып, жарқылдап көзге түсе бастады. Мұндағы балалардың жарыстарда неге жиі жүлделі орындарды иеленетінін анықтап, білу үшін тіпті Мәскеуден арнайы комиссия да келді. Ал мұның сыры – шахматта жатыр. Біздің елде балалар 4 жасынан бастап шахмат ойнайды»-деген.болатын.
Елбасы « Қазақстан білім қоғамы жолында» атты оқыған дәрісінде: «Мен әлемді шарлаған адаммын.Жақында әлемдік шахматшылар ассоциациясының жетекшілері,белгілі гроссмейстерлермен кездестім.Сонда шахматпен айналысатын балалардың оқу үлгерімі жоғары болатынын, әсіресе, математикадан үлгерімі жақсаратынын алға тартты.Жалпы саясаткерлер де,мемлекет басшылары да шахмат ойнауы тиіс.Өйткені бұл адамның алдағысын ойлауға,дұрыс қадамдар жасауға үйрететін ойын. Болашақта Астанада шахмат орталығы,арнайы шахмат академиясы ашылатын болады.Шахмат тақтасындағы піл,болмаса ат бейнесінде бой көтеретін бұл ғимрат елорданың тағы бір жан марқайтар рухани ошағына айналады деген ойдамын»-деп атап өтті. Сол шахмат орталығының иегерлері мен еліміздің шахматтағы зиялы қауымын тәрбиелеу ұстаз қауымының басты міндетіне айналуы керек.Себебі балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы шарт.Оның тиімді әдісі-шахмат ойынының негіздерін оқыту.
Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ