Мектеп жасына дейінгі балаларды театр іс-әрекеті арқылы әлеуметтік-бейімделген шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу жолдары

1
10094

Павлодар  қаласының №6 сәбилер бақшасының әдіскері  Мухтаева  Жанар  Акимжанқызы\r\n\r\n \r\n\r\n1слайд\r\n\r\nТақырыбы :Мектеп жасына дейінгі балаларды театр іс-әрекеті арқылы әлеуметтік-бейімделген шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу жолдары\r\n\r\n Негізгі мақсаты:\r\n\r\n2 слайд\r\n

    \r\n

  • Мектепке  дейінгі  жасындағы  баланы  театр  түрлері  арқылы шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеужәне  парасаттылық  қабілеттерін жан-жақты  дамыту;
  • \r\n

  • Сөз  өнерін  қастерлей  білуге,  өз  білімін  көтеруге,  шешендікке баулу.
  • \r\n

  • Балалардың сөздік  қорларын  байытып,  жақсыдан  үйреніп, жаманнан  
  • \r\n

\r\nжиренуге  тәрбиелеу;\r\n

    \r\n

  • Театрлық  іс — әрекетті  ертегілерді  пайдалана  отырып – ойын  дамыту
  • \r\n

\r\n Міндеттері:\r\n\r\n3 слайд\r\n

    \r\n

  • Балалардың тілін дамыту, сөйлеу  мәдениеті  мен  ой — өрісін,  дүниетанымын жетілдіру.
  • \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  • Балаларды  адамгершілікке баулу, ойлаған ойын  нақты жеткізе алу
  • \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  • Баланың  қиялын  есте  сақтауын шығармашылық қабілетін  дамыту, ойдан  әңгіме,  ертегі  шығарып  айтуға  дағдыландыру.
  • \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  • Баланың  әлеуметтік  және  эмоционалдық  дамуына  жағдай  жасап,  әр  баланың  жеке  дара  әртістік,  шығармашылық  қасиеттерін  ескере  отырып, өзін  қоршаған  ортаға,  адамдарға, құрбыларына, өзіне  деген  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру.
  • \r\n

\r\n \r\n\r\nМектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады.\r\n\r\nМектеп  жасына дейінгі балаларды театр іс-әрекеті арқылы әлеументтік-бейімделген шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу жолдарының бірі  —Театрландарылған ойын\r\n\r\n \r\n\r\n  4-5 слайдТеатрландарылған ойындар.\r\n\r\n \r\n\r\nТеатрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.\r\n\r\nТеатрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.\r\n\r\nОйын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін көз алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.\r\n\r\nТеатрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, және әңгімеге араласуға, көрніс туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.\r\n\r\n6 слайд \r\n\r\nБалабақшадағы театрландырылған іскерлік : 5 бөлімнен тұрады.\r\n

    \r\n

  1. Театрландырылған ойын.
  2. \r\n

  3. Ырғақтыиілгішті (ритмопластика)–
  4. \r\n

\r\n                3.Сөзмәдениетіжәнетехникасы.\r\n

    \r\n

  1. Театр мәдениеті
  2. \r\n

\r\n                5.Саханалау.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n7 слайд \r\n\r\nТеатрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:\r\n\r\n— дамытушылық\r\n\r\n-әсемділік\r\n\r\n— театрлық.\r\n\r\n \r\n\r\nЫрғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.\r\n\r\n8 слайд\r\n\r\nСөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген.\r\n\r\nЖаттығулар 3-ке бөлінеді:\r\n

    \r\n

  • тынысалу және артикуляциялық,
  • \r\n

  • дикциялық және интонациялық сөздер
  • \r\n

  • шығармашылық ойындар.
  • \r\n

\r\nТеатр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.\r\n\r\nҚойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.\r\n\r\n-қойылыммен таныстыру\r\n\r\n— қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.\r\n\r\n-Қойылымға қажетті құралдар дайындау.\r\n\r\n Көріністі безендіру.\r\n\r\n-Дайындық\r\n\r\nСаханалау.\r\n\r\nТеатрландырылған ойынның  2-бөлікке бөлінеді.\r\n\r\n \r\n\r\n-Драматизация\r\n\r\n-Режиссерлық\r\n\r\nДраматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойындраматизациясыкөрерменсізмузыкалықсипаттағыорындауболады.\r\n\r\nАл , драматизация ойынныңекітүрінқарастыруғаболады.\r\n\r\n \r\n\r\nСаусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.\r\n\r\n \r\n\r\n9-10-11-12слайд \r\n\r\nҚуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.\r\n\r\n13-14слайд\r\n\r\nРежиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.\r\n\r\nТеатрландырылған ойынды басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек.Балаларға арналған қөркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінге балалардан эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.\r\n\r\n15-16 слайд\r\n\r\nБалалардың  сахнаға  бейімделген қызметінің өз ара байланыс  шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінеді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.\r\n\r\n17-18 слайд \r\n\r\n                   Балалар  кішігірім  көрністер көрсетсе, бұған әр түрлі театр түрлері қолдануға болады,  мысалы:  фланелограф, саусақ, ойыншықтар, сақина,орамал,қуыршақ, шұлық, қысқыш, диск, банка, жұмыртқа, алжапқыш, қарындаш, қасық, поролон, қорап т.б Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді, жануарларды  ажырата алуына көмектеcеді. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді тәрбиеші 2-3 рет  мазмұндау керек. Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі.\r\n\r\nСәби топтарының қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ театрының қойылымын көру көмектеседі. Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып, қоштасу үшін қолданылады.\r\n\r\nМектепке жасына дейінгі балаларды театр іс-әрекетін меңгеруі арқылы, балаларды қатыстыра отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсу керек.Театрландыру  дағдыларын дамыту жағдайында ойнау тәжірбиесін толықтыру.\r\n\r\nБірінші топ. «Көрермен» позициясын меңгеруге үйрену.(жақсылықпен қарайтын, аяғына дейін тыңдайтын, қолдарын соғатын, артистерге рахмет айтатын).\r\n\r\nЕкінші топ. «Артист» болуға 1-ші қадамын жасауға үйрену. (мимикасын, қозғалысын, күшін, дауыс ырғағын, сөз ырғағы) арқылы кейіпкерге ену.\r\n\r\nОртаңғы мен ересектер тобының балалары саханалық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы арттады. Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.\r\n

    \r\n

  1. Педагог балаларға ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіріп, ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударытады
  2. \r\n

\r\n2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді.  Мазмұны бойынша кейіпкердіңкиімі өзгертіліп отырады.\r\n\r\n3.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырады\r\n\r\n4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағаланады.\r\n\r\n \r\n\r\n19-20-21 слайд\r\n\r\nДайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындай түседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер  кірістіруге болады. Сахналық өнерге баулыған балалар  кейіпкердің оброзына иеніп  рөлді ойнауға  үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры дамиды, олардыңбелсенділігі артады, сабақтар мен  ертеңгіліктерінде еркін  қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отыруға мүмкіндіктер туады.\r\n\r\nМектепке жасына дейінгі мекемеде театр іс-әрекетінің қолдану  балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде және   әлеументтік-бейімделген шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеуде тиімді нәтиже береді.\r\n\r\n \r\n

Сабақтың презентациясын жүктеп алу

\r\n              \r\n\r\n \r\n\r\n 


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ