Балаларды шешендік сөздерге баулу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

0
1689
Freepik.com

Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемән байыту, сабаққа ынта жігерін арттыру, жеке шығармашылығын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.

Дамыта оқытудың басты мақсаты-баланы оқыта отырып оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Бала туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады. Оны шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға етіп шығару үшін әртүрлі сапалар мен қасиеттерді бойына сіңіріп ,дамыту қажет.

Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол таба білу үшін адам дұрыс ой түйіп өздігіне сапалы, дәләлді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Балалардың өзіне сенімін арттыру,олардың шығармашылығын дамыту, оқу материалдарын терең ұғына білуге баулу тәрбиешінің шеберлігіне, кәсіби біліктілігіне байланысты.

Баланы жастайынан шығармашылыққа қалай баулуға болады? Оныың жолдары, әдіс-тәсілдері ,мазмұны қандай?Психологтердің зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Балалардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырмалар,жаттығулар,ойындар ұсынған жөн.

Шығармашылық тапсырмалар ,жаттығулардың мазмұны балалардың жас ерекшелігіне , қызығушылығына үйлесуі керек. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бпо: Біреуі сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді-деген қорқынышсезімі, екінші өзіне-өзі тым риза болушылық сезімі, үшінші жалқаулық.Осындай жағдайлардың алдын-алу керек.

Балалардың шығармашылықпен айналысуына балабақшада, үйде қолайлы жағдай жасау. Балалрды шығармашылыққа баулуда олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын артыруда сабақта және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмысында әр түрлі әдәс-тәсілдерді қолдануға болады.

  • Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау .
  • Арнаулы бір тақырыпта пікірталас туғызу.
  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен тапсырмаларды шешу.
  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында жұмыстар(әңгіменің ұқсастығын салыстыру, шағын әңгімелер құрау, бөліктерге бөлгізу, ат қойғызу)
  • ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру.
  • ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
  • Мәтін, әңгіме,ертегіні өз бетінше аяқтау.

    Ал, сабақтан тыс уақытта балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  • Мұражайға апару,
  • Әр түрлі кездесулер өткізу,
  • әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыстар өткізіп,алған әсерлерін баяндату,
  • Балаларға арналған журналдарды , кітаптарды, ертегілерді оқып беру.

«Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды, естіп,көріп, ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы –жаманды таниды-дағы сондайдан көргені,білгені көп болған адам білімді болады»-деп Абай атамыз айтқандай –бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы.

Атап айтсақ айналасындағы түрлі оқиғалар,жанұясы,достары,көрген мултьфильмдері, кинолары балалардың ойлау әрекетін, тілін дамытып, қортынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту-тіл дамытумен ұштасады.

Ұлы бабамыз ғалым Ж.Баласұғын былай деген екен:

Қалар мұра –сөз кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң пайда ісіңе.
Кісіден мирас қалған ата сөзі ғой,
Ата сөзі ұқсаң құттың көзі ғой.

Шешендік сөздердің, сөзгерлерінің өрнекті де өткір тілін үйрететінін айтып кеткен. Шешендік өнерден ертеден ел өмірінде ғасырлар бойы қолданылған салт дәстүрімізді білеміз. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда,шешендік сөздердің өзіне тән ерекшеліктері иен өзгешеліктері бар.

Адам өмірінде, тұрмыс тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әртүрлі құбылыстарға , тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады.  Даналардың шешендік сөздері адалдық пен әділдікке, тапқырлыққа үндеген. Халқымыз ежелден от тілді,орақ ауызды ақындарды, шешендерді құрметтеп, олардың дана сөздеріне үлкен мән беріп және шешендік өнерді балалар тәрбиесіне пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.

Балалардың қызығушылықтарын, жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып, түрлі шығармашылық іс-әрекеттер ұйымдастыру арқылы балаларды шешендік өнерге баулимын.

Тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру, сабақтарында балалардың тілін дамытуда яғни драмалау әдісінің де маңызы зор. Мысалы т.б. тыңдай білуге, кейіпкерлер мен автор сөзін айыра білуге, олардың көңіл-күйін, мінез құлқын анықтауға, оларға сай сөзін, іс-әрекетін, ойын көрсете білуге үйретемін.

«Драма» басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда балаға жақындау, өйткені ол ойынмен байланысты, оның тұла бойында шығармашылықтың әртүрлі элементтері бар – деп Л.С.Выготский айтқандай-сахналау балалардың ойын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Шығарманы сахналау кезінде бала кейіпкерді тек бейнелеп қоймай сөзін айтып кейіпкердің сыртқы бейнесін келтіреді, дұрыс жест, мимика таңдап жасай білуге үйренеді.

Әңгімелерді, ертегілерді, мысалдарды, шешендік сөздерді сахналау кезінде балалар көркем мәнерлеп сөйлеуге, алған әсерін әрекет арқылы білдіруге үйренді. Сахналау кезінде әңгіме, ертегілерді өзімнің шығармашылық ізденісімен толықтырып, баланың қабілетіне сәйкес түрлендіріп отырамын. Сахналау көріністерді қою кезінде балалар кейіпкерлер мен автордың сөзін түсініп, ажырата білуге, олардың көңіл күйін, мінез құлқын анықтауға, кейіпкерлерге сипаттама беруге, рольдерді бөліп ойнауға, кімнің қалай

ойнаған өзара талқылауға үйренеді. Сахналық көріністерді үйретуді сабақта және сабақтан тыс күннің екінші жартысында «Балауса» шешендік сөздерді саналау үйірмесінде жалғастырамын. Үйірмеге көркем сөйлей алатын тілге бейім балаларды алдым.

Дайындаған сахналық көріністерді балабақша ертеңгілігінде, топтар арасында, ата-аналарға, қалалық, аудандық мәдени іс-шараларда көрсетіп жүрміз.

3 маусым Ғани Мұратбаевтың туған күнінде «Біз Ғанидің ізбасарларымыз» көрінісін сахналап арнайы мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.

«Біз Жанқожа батыр ұрпағымыз» көрінісін «Ел іші-өнер кеніші» байқауында сахналап арнайы жүлдеге ие болды. «Жиреншенің сыны», «Төле би мен Райымбек батыр», «Шақшақ Жәнібек», «Сырым батыр» көріністерінде балалар шешендік сөз өнерімен, батырлық үлгісімен танысты, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиеленді.

«Адамның анасы» көрінісін 8 наурыз мерекесіне арнап дайындадық. Балаларды көріністі сахналауда ананы құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиеледім. «Ана» бәріненде жоғары тұратынын білді.

Сондай-ақ тіл дамытуда ертегілердің де атқаратын ролі өте зор. Ертегі тілінің көркемдігі және оқиғаларының қызғылықты баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертегі айту арқылы баланың тілі дамиды. Сөздік қорларын байытады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытады, қиялдауға мүмкіндігін туғызады. Ертегі сюжетіне байланысты түрлі түсті суреттерді пайдалану баланың эстетикалық талғамы мен танымдық әрекетін жетілдіреді.

Сабақтардың тақырыбы мен мақсатын ескере отырып, мәтіндерді, әңгімелерді, ертегілерді сахналау кезінде балалар бір-бірінен басқаша жақсы ойнауға талпынады. Өздерін шығарманың кейіпкерлеріндей сезініп, тәжірибе жинақтады. Балалар сабақ барысында алған білім-білік дағдыларын іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктеріне ие болды. Сондай-ақ адамның, жан-жануарлардың мінез жайлы ойнауға, салыстыра білуге, сондай іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығын ажыратуға көмегі тиді.

Балалар шығарманы шығару кезінде, ең қызықты эпизоттарды тауып, соған сәйкес көрініс дайындау, рольдерді бөлісу, іс-әрекетті дұрыс келтіру сияқты тапсырмаларды аса қызығушылықпен белсенділік таныта орындады.

Өз тәжірибемнен драмалау тәсілін қолдану арқылы балалардың ойын, тілін, қиялын, актерлік шығарманың қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік бар екенін білді.

Алдағы уақытта балалардың жас және жеке дара ерекшеліктері және сабақтардың мақсатын ескере отырып, шығармаларды драмалауды жетілдіріп отырамын.

Ш.Нарымбетова
№3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ