Жүк вагондарының тележкасы

0
1420
Иллюстрация: Freepik.com

Вагон кузовына екі және төрт осьті тележкаларды салады. Жүк вагондарындағы екі осьті тележканың негізгі типі – моделі 18-100 тележкасы.

Бұл тележкаларды рефрижератордан басқа, барлық төрт осьті магистраль вагондарға салынады. Төрт осьті тележкалар екі осьті цистерналардың және жартылай вагондардың кузовына салынады.

  1. Вагон туралы жалпы мәліметтер
  2. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  3. Вагон габариттері
  4. Вагон осі туралы мәлімет

Моделі 18-100 тележкасы төрт буксасы бар екі доңғалақ жұптарынан, екі
құйылған рамадан, орталық рессорлы аспаның екі жинағынан, рессор үсті балкасынан
және тежегішті рычагты берілістен тұрады.

1- доңғалақ жұптары; 2-бүйірлік рама; 3-рессор үсті балкасы; 4-серіппелер; 5-
тежегіш башмагы.

Тележканың бүйірлік рамасы 20ФЛ және 20ГЛФ төмен қоспаланған болаттан
құйылған.

Рессор үсті балкасы20ФЛ немесе 20ГФЛ болатынан құйылған. Ол доңғалақ
орналасатын орын алды бөлігімен бірге, кронштейнді бекітуге арналған полкадан,
тежегіштің рычагты берілісінің өлінүктесінен, сырғымаларға арналған тіреулерден,
фрикционды сыналарды орналастыруға арналған ойықтардан, рессорлы жинақтың ішкі
серіппелерінің жылжуын шектейтін бурттарданжәне тележка қозғалған кезде сыртқы
серіппелердің жылжып кетуден сақтайтын шығыңқылары бар.

Әрбір сырғыма рессор үсті балкасымен бірге құйылған тіреуден 3, тіреуге
кигізілген қалпақтан8,тележка және вагон рамасының сырғымаларының арасындағы
саңылауды реттеуге арналған төсемнен9, қалпақты құлап кетуден сақтауға арналған
бұрандадан 10 тұрады.

Доңғалақ орналасатын орын алды бөлігі арқылы кузов тележкаға бекітіледі. Рессор
үсті балкасының доңғалақ орналасатын орын алды бөлігіне кузовтың доңғалақ
орналасатын бөлігі бекітіледі. Олардың орталығы арқылы болат шкворень өткізілген.
18-100 тележкасының рессорлы аспасы екі жинақтан тұрады.

Әрбір жинаққа бес, алты немесе жеті екі қатарлы цилиндрлі серіппелер және фрикционды тербеліс өшіргіштер кіреді. Бес серіппені жүккөтерімділігі 50 т жүк вагонының кузовына, алты серіппені 60 т дейінгі және 60 т артық вагонға жеті серіппе салынады. Шеткі бүйірлік серіппелер тербеліс өшіргіштердің сыналарын ұстап тұрады. Сыналарды болаттан құяды.

Бақылау сұрақтары:

1. Жүк вагондарындағы екі осьті тележканың негізгі типі?
2. Моделі 18-100 тележкасы?
3. Тележканың бүйірлік рамасы қандай метелдан құйылған?

Дереккөз: «Вагон Құрылымы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Қазалы көлік — техникалық жоғары колледжі

Басқа материалдар:

  1. Вагон параметрлері мен типтері
  2. Доңғалақ жұптарының тағайындалуы және құрылысы
  3. Вагон доңғалақтарының құрылысы мен түрлері
  4. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  5. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  6. Өрілмелі пружина туралы мәлімет
  7. Жүк вагонының букс тораптары
  8. Пойыз тележкаларының тағайындалуы және жіктелуі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ