Жүк вагонының букс тораптары

0
2190
Иллюстрация: Freepik.com

Букс тораптарының құрылысы. Букса тораптары вагонның жүріс бөлігіне
жатады. Олар брутто күшін вагоннан ось мойнына береді, сонымен қатар май және майлау құрылғыларын орналастыруға арналған сыйымдылық болып табылады.

Букса тораптары доңғалақ жұптарын тележка рамасымен байланыстырады, ось мойнын
ластанудан және зақымданудан сақтайды. Сонымен бірге доңғалақ жұптарының
тележкаға қатысты бойлық және көлденең жылжуын тежейді.

  1. Вагон туралы жалпы мәліметтер
  2. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  3. Вагон габариттері
  4. Вагон осі туралы мәлімет

Букса тораптарының құрылысы. Роликті мойнтіректері бар жүк вагонының
букса тораптары цилиндрлі роликтері бар алдыңғы және артқы мойынтіректер орналасқан корпустан тұрады. Корпус доңғалақ жағынан лабиринтті нығыздағыштармен, ал алдыңғы жағынан бұрандамалары және тығырықтары бар бекіту және қарау қақпақтарымен жабылған.

Мойынтіректер бүйіржағынан сомынмен, бұрандамалармен және тоқтатқыш
тақтайшамен бекітілген. Корпус пен бекіту қақпағының арасында нығыздағыш сақина
орналасады.

Буксаның корпусы вагон массасынан жүктемені ось мойнына беруге арналған,
доңғалақ жұбының тележка рамасына қатысты бойлық және көлденең жылжуын шектеуге және мойынтіректерді орналастыруға арналған. Букса корпусына май салады.

Лабиринтті сақина буксадан майдың ағып кетпеуін және оған механикалық
қоспалардың кіріп кетпеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сақина букса корпусының ось мойнына дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.

Бекіту қақпағы буксадағы мойынтіректердің сыртқы сақинасын нығыздап және
реттеп тұрады. Букса тораптарының типіне байланысты бекіту қақпақтары олардың
корпусқа бекітілуі үшін төрт немесе сегіз ойықтары болады.

Қарау қақпағы букса торабын аралық ревизиядан өткізген кезде өте маңызды.
Қарау қақпағы бекіту қақпағына М12 төрт болтының көмегімен жалғасады.

Аталған бөлшектерден басқа букса торабында нығыздағыш төсемдер, сақиналар
қолданылады. Букса корпусының ішіне екі мойынтірек орналасады. Бұл цилиндрлі
роликтері бар, өлшемі 13Х250Х80 мм болатын мойынтіректер.

Бұл мойынтіректер алынбалы етіп жасалған: сыртқы сақина, сепаратор, роликтер жеке блокты құрайды. Олар ішкі сақинаға еркін салынып, алынады. Мұндай конструкциямен жасалуы букса тораптарының ағыту, жинақтау технологиясын жеңілдетеді.

Мойынтіректердің ішкі сақиналары ось мойнына жылжымайтындай етіп
орнатылып, осьпен бірге айналады, ал сыртқы сақиналар букса корпусында еркін
орналасып, бекіту қақпағымен бекіп тұрады.

1-корпус;  2-алдыңғы мойынтірек; 3-артқы
мойынтірек; 4,5-лабиринтті нығыздағыштар; 6, 12- бұрандалар; 7-нығыздағыш сақина; 8-бекіту
қақпағы; 9-тығырық; 10-қарау қақпағы; 11-сомын; 13-стопорлы планка.

 

 

 

Роликті мойынтіректері бар буксты бөлшектеу. Букса тораптарын бөлшектеу үшін оларды рельс жолына орнатып, слесарь бір доңғалақтан екінші доңғалаққа жылжи отырып, пресс немесе басқа да құралдардың көмегімен бөлшектейді. Екі цилиндрлі мойынтіректері бар буксаның ішкі сақиналарын ось мойнынан алмай-ақ бөлшектейді.

Буксаны кез-келген әдіс бойынша бөлшектеу кезінде бекіту қақпағының болттарын
алып, оны қарау қақпағымен бірге ағытады. Қақпақтағы және буксаның алдыңғы
бөлігіндегі майды кетіріп, тоқтатқыш тақтайшамен немесе тығырықпен бұрандамаларды бұрап алады. Бұрандамалар мен сомындарды механизацияланған құрылғылардың көмегімен стендтерді қолдана отырып, бұрап алады. Ал қолмен алу әдісі кезінде бұрандамаларды сомынбұрағышпен бұрайды, ал сомынды инерционды немесе қамыткілтпен бұрайды.

Алдыңғы мойынтіректің тіреу сақиналарын алған соң арнайы қарпығыштары бар кран-балкамен ось мойнына бекітілген ішкі сақинадан буксаны цилиндрлі мойынтіректері бар блогымен қосып алады. Содан соң буксаның корпусынан пресстің немесе қолмен цилиндрлі мойынтіректер блогын алады. Қажет болған жағдайда индукционды қыздырғыштың көмегімен ось мойнынан алдымен алдыңғы, кейін артқы мойынтіректің ішкі сақиналарын алады, ал доңғалақ орналасатын орын алды бөлігінен
лабиринтті сақинаны алады.

Букса торабының бөлшектерін қарау. Бөлшектеп болған соң букса торабының барлық бөлшектерін жуады, қарайды және жөндейді.

Мойынтіректерді 90-950С қыздырылған сумен автоматты машинада жуады.
Буксаның корпустарын, қақпақтарды және букса торабының қалған бөлшектерін екі рет жуу қоспасын қосып, 900С қыздырылған сумен жуу машиналарында жуады. Алғашқы рет каустикалық ұнтақтың 3-5% ерітіндісімен, екінші рет 8-10 % етіріндісімен жуады.

Таза мойынтіректерді, букса корпусын және басқа бөлшектерді алдағы уақытта
пайдаплануға жарамдылығын анықтау үшін қарайды және өлшейді.
КС-221 А приборының көмегімен полиамидті сепараторлардың жарамдылығын
бақылайды. Бақылау және қарау қақпақтарын жуып, тазалаған соң қарайды, ажыратады, резеңке нығыздағыштарын ауыстырып, қайтадан жинайды. Қақпақтарда жарықтар, майысулар, соқпаойықтар, кетіктер, кенеріктер, және т.б. болмауы керек.

Роликті мойынтіректерді жөндеу Пайдалану кезінде роликті мойынтіректерді әртүрлі ақаулар кездеседі: жарықтар, ойықтар және роликтердің қабыршақталуы, кенеріктер, кертіктер сепаратордың ішкі  диаметрі бойынша тозуы, роликтердегі жаншылулар. Мойынтіректерді жөндеу кезінде жарамсыз бөлшектерін жаңасымен ауыстырады.

Жөндеуге келген мойынтіректерді жуады және жұмыс көлемін анықтау үшін
қарайды. УПР-01 қондырғысының көмегімен роликтердің диаметрін, ұзындығын өлшейді.

Роликті мойынтіректері бар буксаны жинақтау. Роликті мойынтіректері бар буксаны жартылай автоматты ағымды желіде механикалық құрылғылардың көмегімен және қолмен жинайды. Қолмен жинақтау кезінде доңғалақ жұптарын рельс жолына бір қатар етіп орналастырады. Слесарьлар бір доңғалақтан екіншісіне жылжи отырып, қол прессі немесе басқа да құралдардың көмегімен букса тораптарын жинақтайды.

Доңғалақ жұптарын және мойынтіректердің температурасы қоршаған орта
температурасымен бірдей болған кезде ғана буксаны жинақтауды бастайды. Сондықтан доңғалақ жұптарын жуып болған соң 12 сағаттан кейін немесе ось мойынын бүрлеген соң 2 сағаттан кейін олардың диаметрін өлшейді немесе станокта жонады. Ал
мойынтіректерге жуылып болғаннан кейін 8 сағаттан соң өлшеу жұмыстарын жүргізеді.

Лабиринтті сақинаны 125-150 0С қыздырып, оське доңғалақ орналасатын орын
алды бөлігінің шетжағына тірелгенше кигізеді. Сақинаның дұрыс орналасқанына көз
жеткізу үшін, ол толық суыған соң дұрыс отырғызылғандығын щуппен тексереді, ал
лекалды бұрыштықпен оның перпендикулярлығын тексереді.

Осьтің бір мойнына орналасатын цилиндрлі мойынтіректерді радиальды
саңылауының әртүрлігіне және осьтік саңылауына байланысты таңдайды. Содан соң
алдын ала майдың жұқа қабаты жағылған букса корпусына алдыңғы және артқы
мойынтіректер блогын салады. Мойынтіректер блогын маймен толтырып, ось мойнында
орналасқан букса корпусының ішкі сақинасына салады.

Ары қарай ось мойнына алдыңғы мойынтіректің тіреу сақинасын кигізеді де, сомынмен бұрап қатырады. Оң және сол жақ мойын бұрандамаларының үстіне бекіткіш тығырық салады, тығырықтың шеттерін әрбір бұрандаманың бас жағына дейін қайырып қояды.

Бекіту және қарау қақпағының арасына қалыңдығы 3 мм жаңа резеңке төсем
салады. Қақпақтың ішкі беттеріне майдың жұқа қабатын жағады. Қақпақтарды өзара төрт бұрандамамен бекітеді. Букса корпусының алдыңғы бөлігінің 1/3 бөлігін маймен
толтырады. Корпустың шет жағы және бекіту қақпағының ернемегінің арасына орташа
диаметрі 4 мм болатын жаңа резеңке сақина салады. Содан кейін бекіту қақпағын буксаға М20 бұрандамасының көмегімен бекітеді.

Мойынтіректерді жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі. Индукционды қыздырғыштармен жұмыс жасағанда жарамсыз және жерге ендірілмеген қыздырғыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Мойнтіректердің ішкі және
лабиринтті сақиналарын қыздыруға арналған электрлі пештердің корпусы жерге ендірілуі  керек.

Жұмысшылар жарақат алмауы үшін гидравликалық пресстер және басқа
құралдардың ақауларын анықтау үшін периодты түрде тексеруден өткізіп отыру керек.
Жұмыс жасау бөлімшесіндегі еден бетоннан құйылған болуы керек.

Мойынтіректерді жонып болған соң қолды сірке қышқылының 1% -дық ерітіндісімен
немесе кальцийленген ұнтақтың 1% -дық ерітіндісімен жуып, сабынмен жылы сумен шаю керек.

Бақылау сұрақтары:
1. Мойынтіректерді қыздырылған сумен автоматты машинада қанша градуста
жуады?
2. Букса торабының қызметі?
3.Букса торабының құрылысы?

Дереккөз: «Вагон Құрылымы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Қазалы көлік — техникалық жоғары колледжі

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ