Доңғалақ жұптарының тағайындалуы және құрылысы

0
2207
Иллюстрация: Freepik.com

Доңғалақ жұптары вагон қозғалысын рельс жолымен бағыттауға және вагоннан рельске түсетін жүктемені қабылдауға арналған. Доңғалақ жұптары осьтен және екі доңғалақтан тұрады.

Роликті мойынтіректер үшін жүк және жолаушылар вагонында бірдей доңғалақ
жұптары қолданылады. РУ1-950, РУ-950 және РУ-1050 доңғалақ жұптарында
мойынтіректер ось мойнына сомынның көмегімен бекітілген, ал РУ1Ш-950 доңғалақ
жұбында тығырықтың көмегімен бектіледі.

Доңғалақ жұптары вагонның жауапты тораптарының бірі болғандықтан, поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан олар белгілі талаптарды қанағаттандыруы керек: беріктікті, тозуға төзімділікті, вагон тарасы төмендеу үшін салмағы аз болуы керек және вагон қозғалысы кезінде пайда болатын динамикалық күштерді жұмсарту үшін серпімділікке ие болуы керек.

Вагонның рельс бойымен қауіпсіз қозғалысы үшін доңғалақтарды оське олардың
арасындағы қашықтықты қатаң сақтай отырып, салқын күйінде престейді.

Доңғалақтардың ішкі қырларының арасындағы қашықтық болу керек: қозғалыс
жылдамдығы 120км/сағ дейінгі жаңа доңғалақтар үшін 1440±3, 120 км/сағ жоғары, бірақ 160 км/сағ аспайтын доңғалақтар үшін 1440 ± 3 1 мм болуы керек. Доңғалақ жұбының бағыттамалы бұрма элементтерімен өзара әсерлесуі үшін төменгі ауытқуы минус 1 мм-ге дейін азайтылған.

Сол себептен пайдалану кезінде жал қалыңдығының тозуына байланысты белгілі рұқсат етілген өлшемдер болуы керек. Сонымен, жылдамдығы 120-140 км/сағ жолаушылар поезы үшін жал қалыңдығы 28 мм-ге дейін, ал жылдамдығы 140-160 км/сағ поездар үшін 33 мм рұқсат етілген.

Жүктеме доңғалаққа тегіс берілуі үшін осьтің бүйіржағынан тоғынның ішкі қырына
дейінгі арақашықтық 3 мм-ден кем болмауы керек. Бір оське пресстелген доңғалақтың
диаметрі бойынша айырмашылығы 1 мм-ден артық болмауы керек.

Бақылау сұрақтары:
1. Доңғалақ жұптары қандай қызмет атқарады?
2. Доңғалақ жұптарының ішкі қырларының арақашықтығы?
3. Доңғалақ жұптарын қандай бөліктер тұрады?

Дереккөз: «Вагон Құрылымы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Қазалы көлік — техникалық жоғары колледжі

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ