Вагон туралы жалпы мәліметтер

0
5841
Иллюстрация: Freepik.com

Вагонның негізгі бірлігі темір жолдағы, жылжымалы құрам және тасымалдау жүгі жолаушылар болып табылады.

Негізінен вагон 4 элеметтен тұрады.

1.кузов
2.соғып тарту құылғысы
3. жүріс бөлігі
4. тежегіш

Кузов – жолаушылар және жүк вагондарында орналасады. Жолаушылар вагонның кузовы төбеден, есіктен, терезеден тұрады. Вагон кузовында жолаушылар мен жүктер орналасады. Кузовтың құрылысы вагон типіне байланысты болады. Барлық кузовтар жолаушылардың жайлылығы мен тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етуге қажетті құрылғылармен жабдықталуы керек.

Жолаушылар вагонында кузов рамадан, бүйірлік және шеткі қабырғалардан,
еденнен, шатырдан, есіктерден, терезеден және қажетті ішкі жабдықтардан (жылыту, желдету, жарықтандыру, сумен жабдықтау, энергиямен жабдықтау және жатын және отыруға арналған орындар, жүк сөрелері) тұрады. Ашық типтегі жүк вагонының кузовы еденімен бірге рамадан, бүйірлік және шеткі қабырғалардан, ал жабық типтегі жүк вагонының кузовы жүк түсіретін люктерден, шеткі қабырғаларындағы есіктерден тұрады.

Соғып –тарту құрылғысы вагондарды бір-бірімен және локомотивпен тіркеуге, сонымен қатар тарту күшін локомотивтен вагондарға беруге және тіркеліс немесе қозғалыс режимі өзгерген кезде пайда болатын соққыларды жұмсартуға арналған.

Вагонның жүріс бөлігіне доңғалақ жұптарынан, букстан, рессорлы аспадан, рамадан және рессор үсті балкасынан тұратын тележкалар жатады. Жүріс бөліктері вагон қозғалысын рельс жолымен бағыттап, қозғалыс қауіпсіздігін вагонның жайлы жүрісімен қамтамасыз етеді.

Тежегіш қозғалыс жылдамдығын реттеу немесе тоқтату, сонымен қатар, орнында ұстап
тұру үшін поезд қозғалысына жасанды кедергі келтіреді. Жолаушылар және жүк паркінің вагондары автоматты тежегіштермен жабдықталған.

Автоматты тежегіштер әдетте, локомотивтен, қажет болған жағдайда вагоннан (шұғыл тежеу краны) іске қосылады. Поезд үзілген кезде тежегіштер адамның қатысуынсыз автоматты түрде іске қосылады. Тежегіш жабдықтарының бір бөлігі кузов рамасында, ал бір бөлігі вагон тележкасында орналасқан.

Жолаушылар және жүк вагоннында автоматты жабдықтаушы тежегіш орналасқан.
Жүк вагондарының типтері олардың кузовтарының араласуымен сараларына сәйкес
анықталады.

Кузов деп – вагонның жүк орналасатын бөлігін айтады.

Кузовтың саралануы.
тасымалдау, жүктің түрлері. ашық күйде — полувагон, думпкар, хоппер-дозатор, транпортерлар, фитин, платформа жатады.

Жабық күйдегі вагонға – крытый, зерновоз, цистерна, цементовоз, изотермиялық вагондар жатады.

Құрастыру материалы ( темір, ағаш)

Рама конструкциясына байланысты екіге бөлінеді: шексіз, шектеулі

Вагон паркі — типтерінің және құрылысының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл тасымалдау кезінде қойылатын әртүрлі талаптарға сай негізделген: атмосфералық жауын-шашыннан жүктерді қорғау, тез бұзылатын жүктердің сапасын сақтау, жолаушыларға жайлылықты қамтамасыз ету, және т.б. Барлық вагондар үш белгісі бойынша жіктеледі: тағайындалуы, тасымалдау шарттары және колеясының ені.

Тағайындалуы бойынша жүк және жолаушылар вагоны болып бөлінеді; пайдалану шарттары бойынша магистральдық, өндірістік және қалалық транспорт; колея ені бойынша кең және тар колеялы болып бөлінеді.

Магистральдық теміржолдың жолаушылар вагоны өздігінен жүрмейтін, олар
локомотивтің көмегімен жылжиды, және өздігінен жүретін олар энергияны түйіспелі желіден алады. Өздігінен жүрмейтін вагондарға мыналар жатады: алыс сапарға арналған вагондар, облыс аралық және қала аралық қатынастағы, мейрамхана вагондары, вагон-электростанциялар, пошталық-багаждық және арнайы.

Алыс сапарға арналған вагондар – қатты жатын орындары бар купелі және купелі емес, сонымен қатар, жұмсақ жатын орындары бар купелі вагондар.

Облыс аралық қатынастағы вагондар жолаушыларды 1000 шақырым қашықтыққа дейін
тасымалдауға арналған. Бұл вагондар отыруға арналған жұмсақ креслолары бар ашық типте жасалады. Қаларалық қатынастағы вагондар жолаушыларды 200 шақырымға дейін тасымалдайды. Мейрамхана, пошта, багаж вагондары жолаушылар тасымалдауға арналған вагондардан ішкі жабдықтарымен ерекшеленеді.

Арнайы жолаушылар вагондарына қызметтік вагондар, вагон-электростанциялар, және т.б. Өздігінен жүретін магистральдық жолаушылар вагондары бұл электро және дизель-поездардың вагондары, сонымен қатар автомотристер. Олар
қалааралық және жергілікті қатынаста қолданылады.

Вагондардың жүк паркі әмбебап және арнайы вагондардан тұрады. Әмбебап вагондармен жүктің көптеген түрлерін, ал арнайы вагондарда жүктің бір ғана түрін тасымалдайды. Әмбебап вагондарға: бүйір қабырғасында есіктері бар жабық вагондар, еденінде люктері бар жартылай вагондар, борттары бар платформалар, жалпы тағайындалған цистерналар және изотремиялық вагондар жатады.

Арнайы вагондар рулондағы болатты тасымалдайтын, жылжымалы шатыры
бар жабық вагондар, тегіс едені бар жартылай вагондар, автомобиль және контейнер
тасымалдауға арналған платформалар, сүт, спирт және химиялық өндірісте қолданылатын өнімдерді тасымалдайтын цистерналар және тірі балық тасымалдауға арналған вагондар.

Бақылау сұрақтары:

1.Вагонның негізгі элементтерін атаңыз?
2.Кузов дегеніміз не?
3.Жүріс бөліктеріне қандай бөліктер жатады?

Дереккөз: «Вагон Құрылымы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Қазалы көлік — техникалық жоғары колледжі

Басқа материалдар:

  1. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  2. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  3. «Білімді информатик» сайысы
  4. Жасанды интеллект деген не?
  5. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  6. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  7. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ