Вагон доңғалақтарының құрылысы мен түрлері

0
1311
Иллюстрация: Freepik.com

Вагон доңғалақтарын құрылысы бойынша тұтас құйылған және бандажды,
дайындау әдісі бойынша – тегіс және құйылған; диаметрі бойынша – 950 және 1050 мм болып ажыратылады.

Доңғалақтар рельспен домалағанда оларға ауыр жүктемелер әсер
етеді: түйіспелі және соқпалы, рельспен және тежегіш колодкаларымен жанасқанда
үйкеліс. Рельстің бетімен жанасқанда доңғалақ оған статикалық және динамикалық
жүктемелер береді.

  1. Вагон туралы жалпы мәліметтер
  2. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  3. Вагон габариттері
  4. Вагон осі туралы мәлімет

Соның нәтижесінде доңғалақтың рельспен жанасқан жерінде үлкен түйіспелі кернеу пайда болады. Тежеу кезінде доңғалақ пен колодка арасыда үлкен үйкеліс күші пайда болады. Ол тоғынның қызуына әкеп соғады.

Доңғалақ жұптары химиялық құрамы мынадай болаттың бір маркасынан
дайындалады: 0,50-0,65 % көміртек; 0,50-0,90 % марганец; 0,20-0,42 % кремний; 0,04 % күкірт және 0,035% аспайтын фосфор.

Жүк вагонының доңғалағы өте жоғары кернеуде жұмыс жасайтындықтан, мұндай
доңғалақтарға арналған болат жоғары төзімділікке, беріктікке ие болуы керек.
Вагон доңғалағының термиялық өңделген болатының механикалық қасиеті келесі мәнге ие: беріктік шегі 900-1100 МПа, шектік ұзаруы 10% дан кем емес, қатысты тарылуы 16% дан кем емес;

 

Доңғалақ жұптары
Бринелл бойынша қаттылығы НВ248, соқпалы тұтқырлығы 0,2 МДж/м2.

Тұтас құйылған доңғалақ тоғыннан 1, дисктен 2 және күпшектен 3 тұрады.
Тоғынның ені — 130 мм. Тоғын бетінің ашегінен 70 мм қашықтықта сырғанау шеңбері бар. Ол бойынша доңғалақ диаметрін және тоғынның енін өлшейді. Доңғалақ күпшегі салқын күйінде оське престелген. Күпшектен тоғынға өтетін өткел диск түрінде жасалған.

Ол доңғалаққа серпімділік береді және  динамикалық жүктемелердің әсерін төмендетеді. Доңғалақтың рельспен ұтымды әрекеттесуі үшін доңғалақтың сырғанау бетінің пішіні маңызды. Оның  стандартты пішіні: жалы, конусты беті 1:10, 1:3,5 және жүзі (фаска) 6 ммХ450 болуы керек.

Доңғалақтың жалы қозғалысты бағыттайды және доңғалақ жұбын рельстен шығып
кетпеуден сақтайды. Оның биіктігі 28 мм және қалыңдығы 33 мм.

Жал қалыңдығы мен ойығын өлшеу қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жал қалыңдығының белгіленген мөлшерден асуы шпалдардағы стрелкалық бұрма бөліктерінің нашарлауын, олардың уақытынан бұрын тозуын, жалдың тозуын, бірқатар жағдайларда рельстен вагондардың шығуын туғызуы мүмкін.

Аса жіңішке (тіліктелген) жал доңғалақтың стрелкаға кіру кезіндегі вагонның рельстен шығуын туғыза отырып, қырқұралдың (пера) үшкіріне соғылуы мүмкін. Одан басқа жіңішке жалда сызаттар мен шетінеулер туындауы мүмкін.

Жал қалыңдығын оның төбесінен 18 мм биіктікте анықтайтын екінші қозғағышты пайдалана отырып, жал қалыңдығын абсолютті қимаүлгімен өлшейді. Осы шартта абсолютті қимаүлгі доңғалақта илемді өлшеу кезіндегідей орнатылады.

Жал қалыңдығын өлшеу әр доңғалақтың 3-4 орнында жүргізіледі. Өлшеу
нәтижелері мүмкін көлемдермен салыстырылады.

Бақылау сұрақтары:
1.Доңғалақ жұптары қандай әдіс бойынша дайндалады?
2.Доңғалақ жұптарының типтері?
3.Доңғалақ диаметрі?

Дереккөз: «Вагон Құрылымы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Қазалы көлік — техникалық жоғары колледжі

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ