Балаларды ұялы телефон ойынынан аулақ ұстаңыз

0
111

Жұмбақ айтып табысатын, ән-жыр айтып жарысатын, асыр салып далада, тай-құлындай шабысатын, қазағымыздың балдырған ұландары ата-ананың құлықсыздығынан ұялы телефон ойынына құмартты, құмартқаны соншалық, қой десе қоймай, зар еңірей кететіні үйреншікті жағдай болып қалды. Ендеше ойындар әлемінде балалар соншалықты құмартатын біз сезе білмейтін қандай да бір сыр бар ма? Оның балаларға зияны қаншалықты?
Алдымен «Телефондағы ойын деген не?» сұрағына жауап іздеп көрейік.

Телефон ойындары: құрылымы қарапайым, балалар оңай игеретін, адам қиялындағы дүниені елестете алатын, баурау қуаты күшті, құмарлыққа ұрындыратын ойын түрі.

Ендеше телефон ойынының балаларға зияны қандай?

Ғалымдардың зерттеуінше, кішкентай балаларды ересек адаммен салыстырғанда:

Балалардың барша дене бітімі, жүйке талшықтары өсіп-жетілу мезгілінде болғандықтан, радиациялық сәуледен зияндалуы ересек адамнан жоғары болады;
Кішкентай балалардың бас сүйегі біршама жұқа болатындықтан, радиациялық сәуледен зияндалуы ересек адамнан жоғары болады;
Бала денесіндегі су құрамы ересек адамдармен салыстырғанда мол болатындықтан, радиациялық сәуледен зияндалуы ересек адаммен салыстырғанда біршама жоғары болады;

Сол себепті, телефоннан шыққан радиациялық сәуле балалардың денсаулығына, ақыл-ойына оңай кері әсерін тигізеді.

1. Денсаулығына болған зияны: мойнын төмен салбыратып ұзақ уақыт бір орында отыру балалардың дене бітімінің түзу өспеуіне ықпал жасайды, уақыт ұзарса балалардың көзіне зиян келтіреді, қосымша ауру тудырады.

2. Ақыл-ойына болған зияны: ата-анасымен әңгімелесу, ақыл-насихат тыңдау орайынан айырылып, жабырқау, қырсық, жат мінездерді қалыптастырады.

Балалар телефон не компьютер ойындарын ойнауды ата-анасынан, маңындағы адамдардан үйренеді, сондықтан, ата-аналар өздерінен бастап телефоннан ойын ойнауды (карта, түрлі көлік жарысы) тоқтату керек, оның үстіне балалардың қандай адаммен араласқанына, нені үйренгеніне назар аудару қажет. Қазіргі балалар зердесі ерте ашылған, телефон ойындарын ойнауды тез әрі жақсы игереді дейтін негізсіз көзқарастан аулақ болып, залалсыз ойыншықпен ойнатып, спортпен айналысуға шабыттандырып, сау денелі болып өсіп-жетілуін қадағалаған жөн.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ