Баланың оқуға деген ынтасын арттырудың жолдары

0
4964

Қазіргі инетернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқада жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белігілі. Осындай кезде оқушыға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде. Бірақта қазір мүмкін емес дүние жоқ, әр проблеманы шешудің дұрыс жолын таңдау керек. Төменде баланың оқуға деген ынтасын арттырудың жолдарынан біраз мысал келтірдік мүмкін сізге, ата-анаға көмек болар.

1.Жастайынан бастап, логикалық дамуына ықпал ететін тапсырмаларды орындауға, сол секілді ойындар ойнатуға тырысыңыз. Мысалы ақыл ойды дамытатын Танграм ойынын ойнатыңыз, оны үйде ғана емес, жолда да ойната беруге болады. Балаңызға оқу процесінің қызықты, көңілді, тартымды екенін, ол арқылы көп қызықты мәлімет білетінін айтыңыз.

2. Ешқашан балаңызға сабақты оқытуда бұйрық беру арқылы оқытпаңыз. Бұл еш нәтиже бере алмайды. Солай жасасаңыз сіз балаңыздың жүрегіне оқуға деген құштарлықты жойып аласыз. Одан да балаңызбен дос ретінде қатынасып, мүмкін сізден оған көмек керек шығар. Кейбір пәндерді меңгеруде қиындық туып жүрсе көмектесіңіз. Ол сізге сенетіндей болсын.

3. Баланы сабақтан кейінгі уақытытн тиімді пайдалануға жоспарлауды үйретіңіз. Үй тапсырмасын орындауға, демалуға, компьютерге отыруға уақыттарды бөліңіздер. Бала кезінен уақытты үнемді пайдалануға үйретіңіз.

4.Мектепте төмен баға алған жағдайда ұрысып, тіл тигізбеңіз. Керісінше оны қолдап, төмен баға уақытша екенін, әліде болса келесі сабақтардан жақсы баға алып, мұғалімдерді таң қалдырасың деп қолдап, қолпаштау керек.

5.Балаңызды жиі мақтаңыз, азғантай ғана сәтсіздіктер үшінде. Оған,  сіз онымен қалай мақтанатыныңызды, ол сізде еңбекқор, ақылды жеген жылы сөздермен.  Балаларды мақтап қолпаштауөте кіші жастап маңызды. Бала бекер еңбектеніп жатпағанын түсіну керек. Оның еңбегін ата-анасы біледі және оны мақтан етеді деген сенім болу керек.

6.Баланың істеген ісі үшін марапаттай біліңіз. Істеген ісі, оқудағы жетістігі үшін әр қашан марапаттау керек. Балаңыздың нені қызықтайтынын, оның арманын,  біліңіз. Сосын келісімге келіңіз,  оқуда белгілі жетістікке жеткен жағдайда оған өзінің қалап жүрген дүниесін сыйлыққа алып беретінін ескертіңіз. Бастысы оқуға деген ынтасын арттыру.

7.Өзіңіз балаға үлгі болуға лайықты болыңыз. Егер бала өзінің ата-аналарының білімді, ақылды екенін көргенде мен неге әке-шешеме ұқсамаймын деп мотивациясы туады.

P.S.Бірақта бұл оқушының оқуға деген мотивациясын тудыратын кеңестердің барлығы емес. Бірақ осы кеңестердің ұстанатын болсаңыз балаңыздың аздаған уақыт ішінде  нәтиже бертіні сөзсіз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ