БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

0
2361
Әбіш Кекілбаев

Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

ТАРАУ 1.  БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау.

ТАРАУ 2.  АВТОМАТТАНҒАН ЖҰМЫС  ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ.

2.1. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау.

2.2. АЖО-ның тілдік құралдары.

2.3. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады.  Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды,  мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.

Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.

ТАРАУ 1 БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.

Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.

Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:

— үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;

— үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.

Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:

— басқару объектісінің дамуын болжау;

— басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;

— басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;

— басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;

— басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;

— басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.

Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:

— ғылыми – зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;

— объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;

— негізгі өнімді өндіруді басқару;

— объектінің қосымша – қызмет көрсетуші өндірісін басқару;

— көлік үрдісін басқару;

— негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;

— математикалық – техникалық жабдықтауды басқару;

— еңбек қорларын басқару;

— өнім өткізуді басқару;

— объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;

— басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.

Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.

Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:

— ақпараттық жабдықтау;

— техтикалық жабдықтау;

— математикалық жабдықтау;

— бағдарламалық жабдықтау;

— ұйымдастырумен жабдықтау;

— ленгвистикалық жабдықтау;

— құқықтық жабдықтау;

— эргономикалық жабдықтау;

Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:

— ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті – басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;

— техникалық жабдықтау – ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;

— математикалық жабдықтау деп – жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;

— бағдарламалық жабдықтау – ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;

— лингвистикалық жабдықтау – есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;

— құқықтық жабдықтау –ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;

— эргономикалық жабдықтау – ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.

1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау.

Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан  оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.

Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.

Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде мақсатты өнімді қалаптастырады.

Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:

  • Мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге болама?
  • Жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?
  • Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?

Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып отырған мәселе бар ма, оны болашақ жүйе шеше алама және ол қандай болуы қажет деген сұрақтарға да жауап беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындау мүмкіндігін меңгереді, әрі орындалу мүмкіндігі туралы есеп береді.

Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдау барысында ұйымның ерекшелігімен танысу және қарастырылатын мәселеге ұқсас немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі.

Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде оны тұрғызуға кететін үлкен шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын алдын ала анықтау;
  • Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;
  • Өңдеу жоспарын тұрғызу.

Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нәтижелерін құжаттандыру және алдын ала зерттеу нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.

Ондағы есеп беру құжаттарында:

  • Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;
  • Экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны зайтып, кірісті көбейту;
  • Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;
  • Амал жасау немесе қолданушыға өз мәселелерін шешуде нәтиделі қызмет етуі баяндалады.

Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде қолданушының  ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының қорытынды өніміне – жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы жатады.

Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:

  • ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т.б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;
  • қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі, бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабдықтаушы бөлімдердің (ақпараттық, бағдарламалық, математикалық, тнхникалық) ерекшеліктері меңгеріліп, метаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау және мағынасына зер салу жұмыстарының атқарылуы мен сипатталады;
  • жүйе талаптарын талдау сатысында зерттеуші басқару есептерін шешетін негізгі типтік әдістерді білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман өзі тұрғызғалы отырған жүйенің атқарымдық ерекшеліктерін де жетік меңгеруі керек;
  • жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда шатаспайтын сақтық қажет;
  • келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол аналитикалық материалдарды қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. «Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адамда жаңа жүйеге қор (ЭЕМ, құралдар мен байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мәліметтер қоймасы, мамандар және т.б.), енулер (ақпараттық қайнар көздер, мәліметтерді жинау әдістері, ену әдістері, мәліметтер көлемі және т.б.), өңдеу, шығу, сақтау және мәліметтерді басқару тараптарымен қисынды байланысқан және құжаттандырылған талаптар қойылады.

Жүйелік жобалау сатысы (3-саты) – мағынасы мен өңдеушілерге қойылатын талаптары бойынша күрделі саты.Бұл сатының мақсаты – жүйелік ерекшеліктерді өңдеу.

«Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Ақпараттық талаптар» құжаттарды мәліметтерді өңдеушілер үшін жобалаудың бастамасы болып, жүйелік ерекшеліктерді өңдеу – жүйелік жобалау сатысының мақсаты болып келеді. Ал жүйелік ерекшеліктер – оның өнімі болып, келесі төртінші саты – жаңа жүйені ендіру сатысы үшін негізгі құжат ретінде қарастырылады. Мұндағы ерекшеліктерге:

  • қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;
  • мәліметтер қоймасының ерекшеліктері;
  • бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;
  • компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері;
  • мамандар ерешеліліктері;
  • жүйелік ерекшеліктері жатады.

Осы ерекшеліктер мазмұнына жекелеп тоқталайық.Қолданушылар интерфейсі ерекшеліктерінің мазмұнына қолданушыларға бағытталған ақпараттық объектілер: дидар (экран) форматы, интерактивті пікір алысу форматы мен адымдарды, ену-шығу құжаттарының барлық түрі жатады.

Мәліметтер қоймасының ерекшеліктеріне – концептуальді және сыртқы нобайлар, құрылымы мен құрамы, сөздік пен сәйкестік кестесі, енулерді басқару әдісін сипатталу саналады.

Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері – сатып алынуғы тиісті бағдарламалар пакетін, ақпараттық өнімді қалыптастыру үшін өңделген қолданбалы бағдарламаларды, үрдестерді басқарушы және бақылаушы программаларды қамтиды.

Компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері – компьютерлік жабдықтар, байланыс жабдықтары, көмекші материалдар мен жабдықтар бойынша сипатталады.

Жүйелік құжаттар ерекшеліктерінің мазмұны жобалаудағы барлық тараулар бойынша жүйелік  құжаттар тізбегімен, ақпараттың жүйені қолданушылар мен техникалық мамандарға арналған барлық технологиялық нұсқауларды қамтиды.

Жүйелік жобалау сатысы ақпараттық жүйені жұмысшы жобасын қалыптастыру мен аяқталып, ол жоба ерекшеліктерді және қолданушыға арналған нұсқауларды сипаттайды. Жобалау барысында логикалық және физикалық жобалаулар мен жүйелік ерекшеліктер адымдары болады.

Логикалық және физикалық жобалаулар мәліметтер қоймасын жобалауға тығыз қатысты. Мәліметтер қоймасы қолданбалы ақпарат жүйесін жобалау барысында ұдайы назарда болып, бұл жерде ақпараттық объектілерді, олардың құрылымын және ондағы элементтердің өзара байланысын сипаттауды тауып, әрі қалыптастыру басты жағдайға саналады.

Қолданбалы ақпарат жүйесін іс жүзінде жобалау, төмендегі элементтерді өңдеу түрінде жүргізілуі мүмкін, яғни олар:

— ақпарат пен жабдықтау;

— қолданушылар интерфейсі;

— бағдарламалық жабдықтау.

Ақпарат пен жабдықтауды өңдеуді қарастырсақ, пікір алысу мен қолданбалы программаларды өңдегенге дейін мәліметтер қоймасының логикалық құрылымдары, әрі оның сөздігі мен басқа файлдардың логикалық құрылымдары да анықталынып, ерекшеленіп және құжаттану тиіс.Себебі пікір алмасуда және бағдарламаларда МҚБЖ арқылы тұрғызылмайтын мәліметтер қоймасы мен қосымша файл элементтері қолданылады.

ТАРАУ 2. АВТОМАТТАНҒАН ЖҰМЫС  ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ.

2.1. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау.

Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т.б.

Дүние жүзінде IBM  PС архитектурасы бар маманданған ДК негізіндегі АЖО ең көп таралған.

АЖО нгізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену мүмкінлігі кезінде «өзінің» тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын есептеуге болады.

Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындарда ауыл шаруашылығын басқарудың таратылған жүйе концепциясы жасалуда. Оларда иерархияның әртүрлі деңгейлерінде мәліметтің локальді және көп жағынан аяқталған өңдеушілігі көзделеді. Бұл жүйелерде төменнен жоғарыға мәліметті жоғары деңгейде қажет етілгендерін жіберу ұйымдастырылады. Сонымен қатар мәліметті өңдеу нәтижелерірің маңызды бөлігі және бастапқы мәліметтер мәліметтің локальдік банктерінде сақталу керек.

Таратылған басқару ойларын жүзеге асыру үшін басқарудың әрбір деңгейіне және әрбір пәндік облысқа маманданған персоналды компьютер негізінде автоматтанған жұмыс орнын құру талап етілді. Мысалы, экономика саласында осындай АЖО да процесстерді жоспарлауға мысалдауға және аптимизациялауға, әртүрлі мәліметтік жүйеде және шешімдердің әртүрлі сәйкестігі үшін шешімдерді қабылдауға болады. Басқаруды әрбір объектісі үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны құру ұстанымдары жалпы болу керек:

— Жүйелік;

— Икемділік

— Тұрақтылық;

— Нәтижелілік.

Көрсетілген түсініктердің мазмұнын түсіндірейік.

Жүйелілік.

АЖО-ны құрылымы функционалды белгіленуі бойынша анықталатын жүйе ретінде қарастырайық.

Икемділік.

Барлық жүйелердің құру модульдігімен олардың элементтерінің үлгі қалыптылығы арқасында мүкін болатын қайта құрушылыққа негізделген жүйе.

Тұрақтылық.

Оның ұстанамы АЖО жүйесі негізгі қызметінің ауытқушы ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан күштілігіне сүйенеді. Бұл оның бөлек бөліктеріндегі ол қылықтар дұрысталған болу керек, ал жүйе жұмыс істеушілігі тез арада қайта қалыптасуы керек деген сөз.

Нәтижелік.

АЖО нәтижелілігін жүйені құру мен пайдалану шығындарына таратылған жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тарату деңгейінің интегралдық көрсеткіші ретінде қарастыруы керек.

АЖО қызметі күткен нәтижені қызметті дұрыс таратылуы кезінде және ұйтқысы компьютер болып табылатын мәліметті өңдеудің машиналық құрылымы мен адам арасындағы қысымы кезінде бере алады.

Қазіргі уақытта осындай «гибритті» интеллектіні құру өте үлкен мәселе. Бірақ АЖО-ны ұйымдастыру мен қызметі кезіндегі осы енгізілімнің таратылымы жақсы нәтижелерді әкеле алады. АЖО тек еңбек өнімділігін және басқару нәтижелілігінің өсу құралы ғана емес, сондай-ақ мамандардың сайлануы ыңғайлылық құралы да болады. Осы жерде адам АЖО жүйесінде басқарушы буын болып қала береді.

Өндірістік кәсіпорындарда АЖО мәліметті жоспарлау, басқару, өңдеу және шешімді қабылдаудың өзіндік құрылымы ретінде Автоматтандыру Жүйесін Басқару (АЖБ) немесе АСУ маңызды құрылымдық біріктірілуі болып табылады. АЖО – бұл әр уақытта арнайы жүйе, техникалық құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру тобы және ол нақты шамаларға бағытталады-әкімшілік, экономист, инженер, бақылаушы, жоспарлаушы, архитектор, дизайнер, дәрігер, кітапханашы, ұйымдастырушы, зерттеуші мұражай қызметкері.

Сонымен қатар бұл жерде АЖО-ның кез-келген мамандығына оның жасалу кезінде қамтамасыз етілуі тиіс жалпы талаптар тізімін беруге болады, ал нақты айтсақ:

  • Мәліметті өңдеудің тікелей құралдардың бар болуы;
  • Диалогты режимде жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Эргоэкономиканың негізгі талаптарын орындау; оператор, АЖО

кешенінің элементтері мен қоршаған орта арасындағы қызметті рационалды таратуды; жұмыс істеуге жағдайлар жасау; АЖО құрамының ыңғайлылығы; адам — операторының психологиялық факторларын ескеру; АЖО формалары мен элемент түстерінің жағымдылығы және т.б.

  • АЖО жүйесінде жұмыс жасайтын ДК жоғары өнімділігі мен сенімділігі;
  • Шешілген мәселелер санатына программалық қамсыздандырудың парапарлығы;
  • Күрделі процесстердің максимальді автоматты деңгейі;
  • Мамандарды АЖО операторлары ретіндегі өзін-өзі қамтамасыз етуіне ыңғайлы талаптары;
  • АЖО-ны жұмыс құралы ретінде пайдаланатын маманның максимальді жайлылығын және қамсыздығын қамтамасыз ететін басқа факторлар.

АЖО құрамында жүйе біріңғайлылығы болады. Техникалық мәліметтік бағдарламалық және ұйымдастырушылық.

Техникалық жүйе туралы жоғарыда аталған еді. Алдында көрсетілген АЖО-ны құратын техникалық жүйе тобына объектінің жады  жүйесінде жұмыс істейтін басқа АЖО мен байланысы құралдары мен байланыстың басқа құралдарын (телефон, телекс, телефакс) қосу керек. Мәліметтік жүйеге, негізінен дискілік сақтағышта орналасқан локальді мәліметтер қорында сақталып мәліметтер массивтері жатады. Сондай-ақ бұған мәліметтер қорын басқару жүйесіде енгізілген.

Бағдарламалық қамтамасыздануда операциялық жүйелер, сервисті бағдарламалар, АЖО тағайындалуы бойынша орындалған арнайы мәселе класын шешуге бағытталған және локальдік ұстаным бойынша жасалған қолданбалы бағдарламалар мен пайдаланушының үлгі қалыпты бағдарламалары болады. Қажет етілген жағдайларда бағдарламалық қамтамасыздандыруға графикалық мәлімет пен жұмыс істеуге арналған бағдарлама пакеті қосылады.

АЖО-ның ұйымдастырушылық қамтамасызданудың мақсаты олардың қызметін ұйымдастыру, дамыту, кадрді даярлау және әкімшіліктендіру. Соңғысына жұмысты  жоспарлау, жіктеу, бақылау, талдау, реттеу, АЖО-ны пайдаланушының құқықтары мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеу.

Егер АЖО құрылғысы өте қиын болса, ол пайдаланушы да арнайы дағдысы болмаса, онда пайдаланушыны оның негізгі автоматтанған жұмыс орнына бірте-бірте енгізе алатын арнайы оқу құралдарын қолдану мүмкін. АЖО қызметін жүзеге асырғанда (бұл оның функционалдануы деген сөз) ағымдағы қызметінің мақсатын, мәліметтік қажеттілігін, оның тарату процесстерін бейнелейтін әртүрлі шараларын анықтау тәсілдері қажет.

АЖО-ны жоспарлау тәсілдері  оның қызмет ету тәсілдерімен байланыса алмайды, өйткені АЖО-ның қызметінің дамуы пайдаланушылардың өзі мен оның даму мүмкіндігін көздейді. АЖО-ның тілдік құралдары ақырғы (соңғы) пайдаланушы көз қарасы жағынан тәсілдік құралдарын тарату болып табылады, ол бағдарламалықтар пайдаланушының тілдік құралдарын таратуды және ақырғы пайдаланушыға барлық қажет етілген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.

2.2. АЖО-ның тілдік құралдары.

АЖО-ның тілдік құралдары пайдаланушы әрекетімен ДЭЕМ реакциясының бір мағыналық сәйкестігі үшін қажет. Оларсыз оқу процессі, диалогты жасау, қатені табу мен дұрыстау мүмкін емес. Бұндай тілдерді жасау қиындығы олар көбіне процедуралық емес болу керектігіне негізделеді. Егер процедуралық тіл берілген әрекет орындалуын көрсетсе, процедуралық емес-бөлшектенусіз бұған қажет етілген әрекетті орындау керектігі көрсетіледі. Ақырғы пайдаланушылар мәліметтік қамтамасыздықты тарату процессін толық білмеу керек болғандықтан, АЖО интеллектуалдығының жоғарылығына қарай оның тілінде процедуралық мүмкіндіктің көлемдігі көзделген болуы керек.

АЖО тілдері пайдаланушылық – бағытталған және маманды – бағытталған болуы керек. Бұл пайдаланушылардың сұрыпталу ерекшеліктеріне байланысты олар тек маманданған жарамдылық бойынша ғана емес, сондай-ақ қызмет жағдайының иерархтясына оқылғандығына, шешуші мәліметтер түрі бойынша бөлінеді. Бұндай енудің оңайлығына қарамастан, қарапайым тілді пайдалану клавиатура арқылы күрделі емес нәтижелерді алу үшін алып құрлымды енгізу қажеттілігі үшін қандай да болмасын сезілетін артықшылықты бере алмайтындығын ескеру керек.

Кез-келген тілде сияқты АЖО тілдерінің негізін алдын-ала анықталған терминдер және тәсілдерді бейнелеулер (олар арқылы терминдерді ауыстырып немесе толықтырып жаңа түрлерін белгілейді) құрайды. Бұл АЖО-ны жоспарлаған кезде АЖО-ның терминологиялық негізін арнайы түрмен сұрыптау қажеттілігіне әкеледі (тілдің негізгі синтаксистік құрылымын және терминдер мен бірлескен түрлері аралығындағы семантикалық қатынасын анықтау). Осыған байланысты АЖО-ның қарапайым сұрыпталу қажеттілігі туындайды, мысалы, мәліметті өңдеудің кейбір пайдаланушылық режимдерінде көрсету мүмкіндіктері бойынша: сандық, мәтіндік, аралас. Ал өте күрделі жағдайларда АЖО сұрыпталуы мәлімет қорының ұйымдастырылуымен анықталады. Тіл мүмкіндіктері көп жағдайларда пайдаланушы мәліметтік қамтамасыздықты таратуға сәйкес келетін формальді құрылымды құра алатын ережелер тізімін анықтай алады. Мысалы, кейбір АЖО-ларда барлық мәліметтер мен құрылымдар кесте түрінде (кестелік АЖО) немесе арнайы түрдегі операторлар болып бекітіледі.

Пайдаланушының тілі АЖО-ны диалог түрлері бойынша да бөлінеді. Диалогты қолдау құралдары ақыр соңында пайдаланушыға қажет білімнің тілдік құрылымын анықтайды.

Бір АЖО құрылымымен бір емес, бірнеше диалогтың мүмкін болатын түрлері оқу немесе жұмыс процессі кезінде пайдаланушының белсенділігін, сондай-ақ пайдаланушы құралдарымен АЖО-ны дамыту қажеттілігі арқасында көзделуі мүмкін. АЖО-ны жасау кезіндегі бар болған диалогтарда ең көп пайдаланатын түрлер: ПЭЕМ-мен ынталандырған диалог, форманы толтыру диалогы, гибридті диалог, үйренбеген пайдаланушы диалогы, мәліметтің бекітілген кадр көмегіндегі диалог. ПЭЕМ-мен ынталандырған диалог кезінде АЖО пайдаланушысы толық түрде тіл құрылысын үйренуден басталады. Бұл тәсілдің өзгертілімінің бірі меню тәсілі болып табылады. Ол арқылы берілген ПЭЕМ нұсқаларының біреуі немесе бірнешеуі таңдалады.

ПЭЕМ-мен сол түрде ынталандыратын форманы пайдалану диалогы негізінде пайдаланушыны дисплейде арнайы жиналған формаларды толтырады, содан кейін талдайды және өңдейді.

Гибридті диалог пайдаланушымен де, ПЭЕМ-мен де ынталандырылады. Үйренбеген пайдаланушы диалогы кезінде ПЭЕМ жауаптарына толық айқындылық қамтамасыз етілу керек. Олар пайдаланушыда оған не істеу керектігі туралы күмәнділікті қалдырмайды.

Мәліметтің белгіленген кадрлар көмегіндегі диалог кезінде ПЭЕМ жауапты бар болатын тізімнен таңдайды. Бұл жағдайда пайдаланушы өте қысқа жауаптарды енгізеді, ол негізгі мәлімет автоматты түрде беріледі.

Диалог түрі АЖО сұрыпталуын да анықтай алады, мысалы,үйренбеген пайдаланушының диалогтық құралдары бар АЖО. АЖО-ның бұнда белгі бойынша сұрыпталуы пайдаланушының маманданған түрі бойынша бөлінуіне байланысты. Мысалы, меню тәсілі бойынша диалогы бар АЖО басқарушы персоналына жатқызылатын пайдаланушы-экономистке орынды емес, өйткені бұған операциялардың қайталана беретін көлемділігі себеп болады.

АЖО-ны тарататын бағдарламалық құралдар көз қарасы жағынан қарастыратын болсақ, онда сұрыпталуы өте кең болуы мүмкін. Олар программалау тілдері бойынша, пайдаланушыға программалаудың процедуралық құралдарды беру мүмкіндіктері бойынша, пайдалану процессі кезінде бағдарламалық жүйенің құрылысын аяқтау мүмкіндігі бойынша, мәліметтер қорын басқару жүйесінің бар болуы, пайдаланушы тілдерінен трансляторы мен интерпретаторы бойынша, қатені табу мен жою құралдары және т.б бойынша сұрыптала алады. АЖО-да қолданылатын қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП) нақты қосымшаға жүйенің байланысын қамтамасыз ету үшін параметрленген бола алады. ҚБП-нің өздерінің генераторлары пайдаланыла алады.

АЖО құрамына диалогты құру мен негізгі есептік функцияларды қамтамасыз ететін әртүрлі бағдарламалық компоненттер, сондай-ақ мәлімет қорын басқару жүйесі, трансляторлар, анықтама жүйелері, мәліметтер қорының өзі құрамында, мысалы, негізгі мәліметтер, диалог сценорит, ережелер, басқарушы шектері, қате тізімі және т.б міндетті түрде енгізіледі. АЖО-ның негізгі компоненттері оның құрамын анықтайды және АЖО-ны әртүрлі белгілері бойынша сұрыпталу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

АЖО шектерінде ақырғы пайдаланушымен АЖО-ның дамуын қамтамасыз ететін құралдарды қолдануы бойынша оны екі үлкен класқа бөледі: қамтамасыз ететін және интеллектуалды. Екеуі де әртүрлі пайдаланушыға арнала береді. Сонымен қатар, кез-келген АЖО-ның пайдаланушысы бола алмайтындығы туралы алдын-ала айта алатын пайдаланушылар да болды. Мысалы, қызмет көрсететін персоналда өзінің жұмыс ерекшелігіне қарай интеллектуалды АЖО-ны талап етпейді (өзінің тікелей қызметінде).

Ұйымдастырушылық басқару саласындағы АЖО-ға қызмет ететіндер төмендегідей бөлінеді:

  • Мәліметті;
  • Анықтамалық;
  • Есептегіш;
  • Мәтінді өңдейтін.

Интеллектуалды АЖО-лар біріншіден мәліметке бағытталған және білімге бағытталған (даталогиялық және фактологиялық) бөлінеді.

Мәліметті-анықтамалар АЖО-лар қандай да болмасын басқару процессіне қызмет етеді. Есептегіш АЖО-лар құрамы бойынша әртүрлі және пайдаланушының әртүрлі категорияларымен пайдаланыла алады. Олардың көмегімен бір-бірімен байланысқан және байланыспаған ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелерді құруға және шешуге болады немесе АЖО қызмет ету кезінде анықтама алады. Мәтінді құрайтын АЖО-лар әртүрлі құрылымның мәтіндік мәліметтерді өңдеу мен генерациялануына және мәтін семантикалық түрде талдау туралы ұсыныстарды өңдеу генерациясына арналады.

Даталогиялық  түрдегі интеллектуалды АЖО-лар мәліметтер қорын және пайдаланушы тілдерін кең пайдалануға негізделеді. Сондай-ақ осы жағдайда пайдаланушы мәлімет қоры мен тілін өз бетінше өзгерте алады және диалогтың мүмкіндіктерімен құбылта алады. Бұл АЖО-ларда мәліметтер қоры жоқ. Бұл басқарушы объектінің қандай да болмасын қасиетіне түсініктеме беретін ережелерді жинақтау мүмкін емес деген сөз. Құрама компонент түрлеріндегі білім қоры АЖО-ның фактологиялық түріне енгізіледі. Фактологиялық АЖО-лар АЖО шарттарындағы жұмыс жиналған тәжірибемен оның негізіндегі логикалық нәтиже көмегімен басым түрде анықталады.

Ұйымдастырушылық басқарудың автоматтану түрінде таратылатын негізгі бірнеше функцияларды белгілейік:

  • Интерпретатция (пәндік облыстан мәліметтер мен факті арасындағы байланыс пен жүйені анықтау үшін оларға талдаумен бейнесін жасау);
  • Диагностика (басқарылатын объектінің жағдайын іздеу, анықтау және бейнелеу);
  • Мониторинг (АЖО қызметін тұрақты бақылау мен алынған нәтижені бекіту);
  • Жоспарлау (әрекеттің берілген келісімін қамтамасыз ету);
  • Жобалау (пайдаланушылық интерфейсті және дамуды қамтамасыз ету);

2.3. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.

АЖО индивидуальді, толық және ұжымдық болады. ЭЕМ жүйесінің нәтижелі қызмет етуі үшін толық және ұжымдық АЖО-ларға қолданылатын мамандарға (ұжымға) АЖО жұмысын ұйымдастыруға талапты қатаңдату керек және бұндай жүйедегі әкімшіліктендіру функцияларын нақты анықтау керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, икемді, тұрақты даму мен жетілдіруге икемдену керек. Ондай жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

  • Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы;
  • Диалогты режимде жұмыс істеуі;
  • Эргономика талаптарына сәйкес АЖО-ның қамсыздануы;
  • Компьютердің жоғарғы өнімділігі;
  • Күрделі процесстерді максималды автоматтандыру;
  • Мамандардың шығармашылық белсенділігін ынталандыратын еңбек талаптарының моральді қанағаттануы;
  • Мамандардың өз бетінше оқу мүмкіндігі.

АЖО-да шешілетін мәселелерді мәліметті және есептегіш деп бөлуге болады. Мәліметтік мәселелерге кодтау, сұрыпталу, жинау, құрылымдық ұйым, дұрыстау, сақтау, іздеу және мәліметті беру.Көп жағдайларда мәліметтік мәселелерде арифметикалық және мәтіндік сипат пен қатынастың оңай есепті және логикалық процедуралары болады. Олар негізінен күрделі болады және маман жұмыс уақытының үлкен бөлігін алады.

Есептегіш мәселелерді қалаптастырылатын және қалыптаспайтын болып екіге ажыратылады. Қалыптастырылатын мәселелер формальдік алгоритмдер негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есептеу мәселелері және математикалық үлгі негізіндегі мәселелер. Тікелей есептеу мәселелері қарапайым алгоритм көмегімен шешіледі. Ал күрделі мәселелерге әртүрлі математикалық есептерді пайдалану керек.

Соңғы уақытта толық түрде қалыптастырылмайтын мәселелерді шешу құралдарын жасауға үлкен көңіл бөлінген. Олар семантикалық деп аталады. Бұндай мәселелер экономикалық объектілерді оперативті басқару кезінде және көбінесе толық емес мәлімет шарттарында шешім қабылдау кезінде туындайды. Қамтамасыз етілу жүйелерге біріншіден мыналарды жатқызады: техникалық, мәліметтік, программалық және ұйымдастырушылық. Сонымен қатар кіші жүйе түрлері де бар.

Техникалық қамтамасыздық, маманның делдалдарсыз жұмысын (программисттер, операторлар және т.б) көздейтін маманданған персоналды компьютер негіз болатын техникалық құралдар қасиетін бейнелейді. Толық АЖО-ларда оңай компьютерлермен 4-6 адам пайдалана алады. Маманданған персоналды компьютер кешеніне процессор, дисплей, пернелік тақта, мәліметтің магниттік жинағыштары, басып шығару құрылғылары және графо құрылғыштар кіреді.

Техникалық құралдар кешеніне жүйедегі әртүрлі АЖО байланысы үшін коммуникация құралдарын және телефон байланысының құралдарын жатқызады.

Мәліметтік қамсыздандыру – бұл локальді мәліметтер қорында сақталатын мәліметтер массиві. Мәліметтер, негізінен магниттік жадыларда ұйымдастырылады және сақталады. Онымен басқару мәлімет қорын басқарудың бағдарламалық жүйесімен жүзеге асырылады. Ол мәліметті жазады, мәліметтік мәселелерді іздейді, есептейді, реттейді және шешімін табады. АЖО-да бірнеше мәліметтер қоры бола алады.

Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО-ның қызмет ету, жетілдіру және дамуын ұйымдастыратын, сондай-ақ кадрлар мамандығын даярлау және көтеру тәсілдері мен амалдары болады. Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтаумен құжаттық рәсімдеуді көздейді. Бағдарламамен қамтамасыздандыру жүйелік бағдарламалық және қолданбалы түрде болады. Жүйелік қамтамасыздық негізі операциялық жүйе мен программалау жүйесі болып табылады, мысалы, Бейсик алгоритмдік тіл. Жүйелік бағдарламалар мәліметтің рационалды технологиялық өңдеуін көздейді. Сервистік бағдарламалар деп аталатындар (олармен АЖО олардың қажеттілігіне байланысты біріктіріледі) операциялық жүйе мүмкіндіктерін кеңейтеді.АЖО жүйелерінде мәліметтік бкйланысты және АЖО-ның әртүрлі каналдар бойынша байланысып, қамтамасыз ету үшін жүйелік программалауға жатқызуға болатын бағдарламалық құралдарды жатқызуға болады.

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздануды пайдаланушы бағдарламамен әртүрлі мақсаттағы қолданбалы бағдарламалар пакеті құрайды. Пайдаланушылардың стандартты бағдарламалары алгоритмдік тілдегі (көбіне Бейсик) арнайы мәселелердің бағдарламалық шешімдерін белгілейді.

ҚБП (қолданбалы бағдарламалар пакеті) үлгі ұстанымы бойынша жасалған және арнайы мәселе класының шешімдеріне бағытталған. ҚБП мәселесін бағдарламалық қамтамасыздың негізгі түрі болып табылады. Олар алгоритмді қалыптастырады, осы класстарға мәселелерді шешу талаптарын өзгертеді, шешімді бақылайды, алгоритмге өзгертулерді енгізеді және т.б. АЖО-да  жұмыс істегенде ҚБП-нің диалогтық режимінде жасалады.

ҚБП-нің мысалдары: есептік операцияларды орындайтын әртүрлі құжатты қалыптастыруға арналған ҚБП, жоспарды қолайлы етуші ҚБП, боланстық шешімдер ҚБП болып табылады. АЖО-ны жасайтын ҚБП-ға өзгеше көңіл бөледі, олар әртүрлі мақсатта бола алады: кестені өңдейтін, мәліметтер массивін жүргізу, мәліметтер қорын жүргізу, құжаттық анықтамалар. Графикалық мәліметпен жұмыс істейтін пакеттер анық, және компактты күйде объектіге тән жағдайды, процессті көрсетеді және жорамалық талдау нәтижелерін бейнелеп береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Елімізде тауар және қаржылық нарықтың жылдам дамуы қоғамның барлық салаларында ақпаратандыру процессінің интенсивті жүруіне әсер етті. Өндірістік шаруашылықта, басқару ісінде, қолданушылардың әр түрлі категорияларында ақпараттық қызмет көрсету мен ақпарат рольін бағалау көптеген өзгерістерге ұшырады. Біздің қоғам ашық қоғамға айналды, осыған байланысты шынайы, толық, қолданушыға түсінікті және  уақтылы берілетін ақпаратқа сұраныс арта түсуде. Мемлекетіміздің заңы мен ретке келтіруші ісі әрекеттері нәтижесінде микро- және макроэкономикалық объектілер деңгейінде алынатын есептік – статистикалық ақпараттардың заңдылығына, шынайылығы мен уақтылығына қойылатын талаптар көбейді.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delpi5. Руководство разработчика базы данных – М.: «Нолидж», 2000г.
  2. Баженова И.Ю. Delphi Самаучитель программиста – М.: КУДИЦ – ОБРАЗ,2000г.
  3. Томас Коннолли, Каролин Бегг, Анна Страган. Базы данных: проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд.: Пер. с англ.: Уч. пос: — М.: издательский дом «Вильямс», 2000г.
  4. Александровский А.Д., Шубин В.В. Delphi для профессионалов. Опыт практического применения.-М.:ДМК, 2000г. (серия «для программистов»).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ