Бастауыш сыныптарда фонетиканы оқыту әдістемесі

0
10128
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.

Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын , түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшклігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес.

Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол – тек тіл дыбыстарын ғана тексереді.

Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та, дыбыс шығады. Бұл – бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.

Мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.

Адам баласы бірімен бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлесу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады екен, ол – тіл дыбыстары. Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы, сыз-сіз, соз-сөз немесе тал-сал, бал-қал, зал, бала-дала, шала-сала десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл – дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып есептеледі. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет.

Тіл – ойды жарыққа шығарады, сондықтан да К. Маркс “Тіл – ақиқат шын сана” деп көрсетеді. Адам ойын сөз арқылы білдіреді, ойлаған ой сөз арқылы басқа адамға жетеді. Тіл – ойды жарыққа шығаратын құрал. Ой сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, ойдың қамтитын  өрісі.

Тілдің физиологиялық аспектісі дегеніміз дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қызметі. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің тікелей іске (жұмысқа) кірісуімен байланысты екендігін, дыбыстау мүшелерінің актив болып келетіндігін игергені жөн. Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет.

Тіл дыбыстары адамдардың сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.

Тіл – қоғамдық құбылыс, қоғам бар жерде тіл бар, қоғамнан тыс тіл болуы мүмкін емес. Тіл – қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі (аспектісі) дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.

Адам баласы тілді өзін қоршаған ортадан, қауымнан үйренеді. Қандай ортада тәрбиеленсе, ұлтына қарамастан, сол өзі тәрбиеленген ортаның тілімен сөйлейтін болады. Бала тілдің заңдылықтарын тіл білімінің әр саласын мектепте оқу арқылы үйренеді, өзінің білімін жетілдіреді. Сөз бен ойлаудың арқасында адамдар бірінің білмегенін бірі біліп, ақыл-ойын, білімін молайта түседі. Ойлау – адамның нақтылы іс-әрекетімен тығыз байланысты.

Алфавит,  дыбыс пен әріп. Тіліміздегі әріптердің рет-ретімен түзілуін алфавит дейміз. Алфавит деген сөздің  грек тілінің алғашқы екі әрпінің (альфа, бета) атынан алынғандығы, ондағы әріптердің жалғыз дыбыс болып та ( а, ә, е, и, о,  ө, у, ұ, ы, і) екі дыбыс болып та айтылатын (е- йе, ю- йу, я- уа), қысқа й және үнді  у,  в  /ве,  г/ге,  д/де,  ж/же,  з/зе,  п/пе,  т/те,  ц/це,   ч/че  түрінде немесе  ғ/ға,  к/ка,  қ/қа,  х/жа,  һ/һа,   ш/ша,  щ/ща,  түрінде, немесе  л/эл,  м/эм,  н/эн,  р/эр,  с/эс,  ф/эф  айтылатынын түсіндіру қажет.

Алфавитте дыбысты таңбаламайтын айыру (ъ) белгісі мен жіңішкелік (ь) белгілердің бар екендігін, айыру белгісі мен жіңішкелік белгілерінің тек орыс тілі арқылы енетін сөздерде ғана жазылатынын ерекше атау жөн.

Әрбір тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін ажырату- тілді игерудің негізгі жолы. Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау(сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түсіндіргенде оқулықпен қатар І.Кеңесбаев (Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. 1975.) пен Ш.Сарыбаевтың (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956.) еңбектерінде айтылатын көп жағдайларды ескере отырып, оқушыға нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.

Жазуда дыбыстың орнына қолданылатын шартты таңбаны әріп дейміз. Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбыс- табиғи құбылыс, әріп- жасанды нәрсе. Әріптің таңбасы ыңғайсыз болса, оны қолдануға ыңғайлы таңбамен өзгерте аламыз. Мысалы, қазақ тіліндегі дауысты- ұ әрпін 1951 жылдың 15 тамызына дейін у әрпімен таңбалап келдік.

Тілде алфавиттің әр түрлі болуына байланысты әріптер де әр түрлі болады. Қанша дыбыс болса, сонша әріп болуы керек. Әріп пен дыбыстың саны бірдей болуы шарт емес. Әдетте дыбыстан гөрі әріптің саны көбірек болады. Дыбыс кедергіге ұшырамай (а, ә, ы), кедергіге ұшырап та (м, б, т) дыбыстар жасалуы мүмкін екенін білдіру қажет (М.Дүйсебаева).

Дауысты дыбыстарды оқыту. Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік болып бөлінеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар  (а,ә,и,е,э,о,ө,ұ,ү,у,ы,і ). Дауысты дыбыс әріптерін жазбай, тек ауызша түсіндіру дұрыс емес, мұндай жағдайда айтылған ережелер есте ойдағыдай сақтала бермейді.

Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуін түсіндірген кезде рентген сәулесі арқылы түсірілген суретті көрсете отырып түсіндіріледі. Дауысты дыбыстың тілдің қатысына қарай жіктелетінін таблица арқылы берген жөн.

Тілдің қатысына қарай   а, о, ұ, ы       Жуан
   ә, ө, ү, і     Жіңішке

Бұл схемаға ал — әл, ауа — әуе, от — өт түрінде жуанды-жіңішкелі тіркесте келетін мысалдарды пайдалану қажет.

Ал қазақ тіліндегі и, у  дауысты дыбыстары айтуда қосынды дыбыстар екенін тиісті мысалдар (жазұу, келүу) беру арқылы еске түсіріледі. Дауысты и, у,  дыбыстары жуан да, жіңішке де айтыла береді.  Ол ерекшелікті мына схема арқылы түсіндіру орынды:

қи, қиын,жиын                             ширақ (адам)

и       ки, киім, жиі                                 ширек (ғасыр)

у       алу, қу, ағу,басу                             қону

білу, үгу, егу, есу                          көну

Қазақ тілінде и, у  дауысты дыбыстарының бірде жуан, бірде жіңішке айтылуына екітүрлі жағдай әсер етеді. Біріншіден, дауысты и, у дыбысының жуан не жіңішке айтылуына сол сөз ішіндегі жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың (алу, білу, басу, есу) әсері болады. Сондықтан и, у дыбыстары бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Екіншіден, дауысты и, у дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сол сөз ішіндегі дауыссыз қ- ғ, к- г дыбыстарының әсерінен болады. Өйткені қазақ тілінде жуан буынды сөзде (қағаз,ғалым)- қ-ғ, ал жіңішке буынды сөздерде (гүл, кереге) к- г әріптері жазылады. Бұл қазақ тілінің сөздері үшін заңдылық.

Дауысты дыбыстың жақтың қатысына қарай ашық, қысаң болуын үйреткенде көрнекілікті (схема, таблица т.б.) пайдаланып құлаққа естілу сазына назар аударту керек (а,ә,о,ө,э- ашық дауыс., ы,і,и,у,ү,ұ- қысаң дауыс.).

Дауысты дыбыстың еріннің қатысына қарай еріндік (о,ө,ү,ұ,у), езулік (а,ә,е,э,ы,і,и) болып бөлінуін түсіндіру қиын емес.

Ашық, қысаң дыбыстардың және дауысты дыбыстың еріндік және езулік ерекшелігін байқату үшін салыстыру әдісін қолдану пайдалы. Яғни бір еріндік, бір езулік дыбысты қосақтап ( о- а, ұ- ы, о- е) айтсақ, дыбыстың еріндік, езулік болып жіктелу қасиеті бірден байқалып тұрады (А.Исабаев. Фонетиканы оқыту. 1965., К.Тұрғанов. Фонетиканы оқыту. 1975.).

Дауыссыз дыбыстарды оқыту. Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың үн мен салдардың қатысына қарай үш түрге жіктелетінін үйретуде ең алдымен ұяң дыбыстарды үйретуден бастаған ыңғайлы. Өйткені оқушылардың бәрі бірдей ұяң, қатаң, үнді дегенді жете түсіне бермейді. Сондықтан оқушының ұяң дыбыстарды білуіне негіздей (сүйене) отырып, қатаң дыбыстарды игерту оңай болады. Өйткені ұяң дыбыстар айтуға (есте сақтауға) оңай және саны да қатаң дыбыстардан гөрі аз. Мұнымен қоса қатаң мен ұяң дыбыстардың көбісінің жұпталып (парланып) келетінін де айрықша ескерткен жөн. Ол үшін оқушыларға қазақ тілінде – б, в, г,  ғ, д, ж, з сияқты ұяң дыбыстар бар, енді осылардың қатаң- п, ф, к, қ, т, ш, с, х парлары бар. Қатаң дыбыстардың ішінде тек пары жоқтары ц, ч, щ дыбыстары деп үйрету жеңіл.

Дауыссыздарға арналған таблица.

     Ұяң        б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
      Қатаң        п, ф, к, қ, т, ш, с, х, щ, ц, ч
      Үнді

       Мұрын жолды м, н, ң

Ауыз жолды р, л, й, у (бау)

Дауыссыз үнді дыбыстарды өткен кезде үнділердің мұрын жолды, ауыз жолды болып бөлінуі өкпеден келген ауаның ауыз қуысында шығуына байланысты екенін түсіндіріп, р, л, ң дыбыстарының айтылуына, жасалуына көңіл бөлдіру қажет. Ол үшін орфоэпиялық, орфографиялық сөздіктерді пайдаланған жөн.

Дауыссыз дыбыстардың ішінде қатаң щ, үнді у дыбыстарын түсіндіргенде, щ әрпінің қазақ тіліне тек үш-ақ сөзде (ащы, тұщы, кеще) жазылады. Ал дыбыс үндестігіне байланысты кейбір сөздерде екі ш (шш) айтылса да, сөздің түбірі сақталып жазылатындығын ескерген жөн. Ол үшін мынадай таблица жасаймыз.

Ж а з ы л у ы                                    А й т ы л у ы

ақылдасшы                                     ақылдашшы

кеңесші                                            кеңешші

сөйлесші                                          сөйлешші

жұмысшы                                        жұмышшы

теңізші                                             теңішші

У әрпі үнді (дауыссыз) дыбысты таңбаласа, белгілі бір дауыспен тіркесіп айтылады, буын құрауға қатыспайды. Буын құрайтын үнді дыбыстан  бұрынғы дауысты дыбыс (дәулет, сәулет, науқас) не үнді дыбыстан кейінгі дауысты дыбыс (жауап, уақыт, уәкіл). Демек, у әрпі бір сөздің ішінде екітүрлі таңба ретінде қолданыла береді. Сондажоғарыда келтірілген су-лау, қу-а-лау, гу-леу сөздеріндегі су, қу, гу буындарында у – дауысты дыбыс, ал 2-буындағы лау, леу – үнді дыбыс. Үнді дыбыс дауыссыз дыбыстың құрамына жатады, сондықтан ол буын құра алмайды. Ал у әрпі дауысты дыбысты таңбалағанда әрі буын құрайды, әрі қос (ұу, үу) дыбыс болып (жарүу, кебүу) айтылады. Міне, осы негізгі ерекшелік оқыту кезінде ескерілуге тиіс.

     Фонетиканы оқытудағы іскерлік пен дағды. Фонетиканы оқу арқылы оқушы әдеби тіліміздің дыбыстық жүйесін білумен қатар, көптеген дағдыларды игереді. Бастауыш сыныпта тіл дыбыстарының құрамы, олардың жіктелуі жөнінен ең алғашқы мағлұмат алады. ІҮ сыныптарда тілдің дыбыстық жүйесін жақсы білумен қатар, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу нормаларында жаттығып, ол заңдылықтарды күнделікті өмірде пайдалануға дағдыланады, тілдің дыбыстық жүйесін саналы түрде меңгереді.

Фонетиканы оқып біткеннен кейін, оқушылардың мынандай дағдыларды игеруге қабілеттері жетуге тиіс.

  1. Тіл дыбыстарының тілдің негізгі құрылыс материалы екенін біледі.
  2. Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстардың негізгі белгілерін, құрамын игереді.
  3. Кейбір сөздердің айтылудағы және жазудағы ұқсастықтарын ажыратып, тілдің орфографиялық, орфоэпиялық өзіндік ерекшелігін танып, өз ойын дәлелдеуге шама-шарқы жетеді.
  4. Дыбыстардың акустикалық, артикуляциялық ерекшеліктерін түсіне біледі.
  5. Қазақ тілінің байырғы сөздер мен термин сөздерін орфоэпиялық жақтан дұрыс айтылуына ерекше назар аударып, оқушының дұрыс сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сөз екпінін қоя біледі.
  6. Сөздің графикалық таңбасы мен айтылудағы айырмашылығын, сондай-ақ әдеби тіліміздегі сөздердің кез-келгеніне әрі дыбыстық, әрі әріптік талдау жасауға шамасы жетеді.
  7. Сөздің айтылуындағы және жазылудағы буындық ерекшелігін ажырата алады.
  8. Буын мен тасымалдың арақатынасын жақсы ажыратумен қатар, өзінің сауатты жаза білуіне де ерекше назар аударады.
  9. Алфавит тәртібін дұрыс меңгеру арқылы түрлі сөздіктер мен анықтағыштарды пайдалануға мүмкіндігі мол болады.
  10. Өзінің ана тілінің дыбыстық жүйесін жақсы білу екінші бір тілді меңгеруге көп көмек етеді.
  11. Дыбыс заңдылықтарын жақсы білген оқушы кез-келген поэзиялық, прозалық шығармаларды дұрыс мәнерлеп оқи алады.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ