«Бедел» ұғымын талдаңыз. Ата-ана беделі мен адамгершілік тәрбиенің айырмашылығы неде екенін түсіндіріп беріңіз.

0
5351

 \r\n\r\nАзаматардың ар-намыс пен қадір-қасиеті бірдей емес, себебі адамдардың қоғам алдындағы жетістіктері де бірдей болмайды. Кез келген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің мазмұны қоғамдық қызметінің дамуына қарай өзгеріп, толықтырылып отырады.\r\n\r\nАр-намыс пен қадір-қасиет сөздерімен бірге, бөлінбейтін мағына — бедел. Сондай – ақ, алдында айтылғандай жеке тұлғаның қадір-қасиеті барлық адамдардың тең принциптерінен шығып, олардың моральдық қатынасы мен өзін-өзі бағалаудан анықталса, ал ар-намыс сөзінің мағынасы керсінше  адамдарды дифференциялық бағалау арқылы олардың беделін анықтауға болады. Сонымен қатар,  адамның беделі деген сөздің мағынасы адамның қадір-қасиеті деген мағынамен сәйкес келеді.\r\n\r\nАдамның беделі тек қана өзіне байланысты, себебі адамның беделі оның іс-қылығының, тәртібінің негізінде қалыптасады. Адам өзінің беделін  қаншалықты бағалайтыны , оның жасаған іс-әрекеттерінен байқауға болады.  Жазушы Гегель « Адам не істесе, ол өзі» деп айтқан.\r\n\r\nҚоршаған ортадан алған мәліметтерге байланысты адамның беделі  жақсы не жаман болады  және әрқашанда қозғалыста болады.\r\n\r\nАдам ісімен, жасаған еңбегімен қана беделді бола алады, осыған байланысты іскерлік бедел деген мағына  туындайды.  \r\n\r\n \r\n\r\nБүгінде ата-ана беделі әкелердің, аналардың жеке басының жан-жақты рухани, адамгершілік қасиеттеріне, ұлдары мен қыздарының адамгершілік қасиеттерін аяққа баспай, оларды ойдағыдай тәрбиелей білу құрметіне негізделген. Міне, сондықтан да осы заманғы балаларды тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерімен барған сайын тығыз жымдасып байланысында болып отыр.\r\n\r\nӨздеріне сенімсіз ата-ана балаларының алдында беделін жоғалтады А. С. Макаренко ата-ана беделі жайында былай деген: «беделсіз тәрбиелеу мүмкін емес, ата-ана беделі және үлгі өнегесі ,өскелең ұрпаққа үлкендердің адамгершілік тәрбие беруі бұл әулеметтік тәжірибеннің басты механизмі.»\r\n\r\nА. С. Макаренко «ата-ананың өзіне талабы, отбасына деген құрметі, өзінің әрбір қадамын есепке алуы бұл — тәрбиенің басты және бірінші принципі болып табылады және егер балаңыз нашар тәрбиеленсе, бірінші кезекте өзіңізді микроскоптың астына қойып тексеріңіз және баланы қайта тәрбиелеудің қажеті жоқ; тек өзіңіздің балаға деген қарым қатынасыңызды өзгертіңіз, бұл тек ата-анаға ғана қатысты», — деп баланың жеке басына құрметпен қарауды олардың шешімдерін есепке алуды ерекше атап көрсеткен.\r\n\r\nБалаға ата-ана:\r\n\r\n— эмоциялық жылулық пен қолдаудың көзі;\r\n\r\n— барлық жақсылықтың биліктің нышаны;\r\n\r\n— құрмет тұтып, үлгі өнеге алатын адам;\r\n\r\n— дос және кеңес беруші;\r\n\r\nМаскүнемдікке шалдыққан, нашақор мүшесі бар отбасындағы ата-ананың еш беделі болмайды. Мұндай отбасындағы бала сыйластық пен құрметтеуді үйден емес, сырттан іздейді. Ол беделді тұлға ретінде ауладағы бұзық балалар, мейірімді әке, мектептегі мұғалімді т.б. тануы әбден ықтимал.\r\n\r\nТұлғаның мейірімділік сапаларының, өмірлік тәжірибесінің болуы отбасында мақсатты түрде ұйымдастырылған іс-әрекетке байланысты. Келешек ұрпақ-мемлекетіміздің болашағы, ертеңгі күні. Сондықтан олардың жат қылықтардан аулақ болып, тәрбиелі, саналы, білімді болып өсіп жетілуі жарқын келешегіміздің кепілі.\r\n\r\nБаланың жан дүниесін ашуға көмектесетін балалармен қарым-қатынас жасау кейде ересек адамдардың қолынан келмейді, кейбіреулер тіпті бұл жөнінде ойламайды да.\r\n\r\nСолай дегенмен ата-аналардың қай-қайсысы болсын өзі туралы өз балаларының пікіріне қалай болса солай қарамайды.\r\n\r\nAдамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.\r\n\r\nБаланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.\r\n\r\nАдамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.\r\n\r\nОл тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.\r\n\r\nОлар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.\r\n\r\nАдамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.\r\n\r\nКөрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ