Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар

0
6023
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім  
Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау
Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі немесе болған кезде) және жау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және «Баршаңыздың назарыңызға!» АҚ ескерту дабылының берілгөндігін білдіретін өзге де қүралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шүғыл хабарын тындаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.
Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдағы іс-әрекеті мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.

БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі.
Занда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтын құқығы мен міндеттемсі белгіленіп, мемелекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсітілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтенше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.
Зілзала – бұл кенеттен туындайдын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсере сияқты физикалық қасиеті бар.Зілзаланың бірбірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.Авария – технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері – агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала.

Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Бірқатар жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.
Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады.

Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.

Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.
Көлемді анықтау кезінде өлшеу үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ көлемі.

Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:
— табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала)
— жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).

Табиғи апаттар:

  1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт).
  2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
  3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).
    4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы).

Жасанды апаттар:

  1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол).
  2. Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық).
  3. Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық)
    4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер,аңкестік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б.)

Төтенше жағдай

Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:

1) Пайда болу саласы бойынша.

2) Ведомстволық қатыстылығы бойынша.

3) Аумақтық таралуы бойынша.

Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар:

— табиғи;

— техногенді;

— жанжалды болып бөлінеді.

Табиғи төтенше жағдайларға:

— геофизикалық қауіпті құбылыстар

— геологиялық қауіпті құбылыстар

— метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар

— теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар

— гидрологиядық қауіпті құбылыстар

— табиғи өрттер

— адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы

— ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы

— ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу жатады.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:

— өндірістік

— транспорттық авариялар

— өрттер

— ҚӘУЗ тасталуымен авариялар

— РЗ тасталуымен авариялар

— БҚЗ тасталуымен авариялар

— ғимараттардың кенеттен құлауы

— электр-энергетиқалық жүйелердегі

— коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар

— тазартқыш құрылыстардағы авариялар

— гидродинамикалық авариялар жатады.

Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға:

— қарулы шабуыл

— кейбір аймақтардағы толқулар

— соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

Ведостволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
— құрылыста

— өндірісте

— халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмети көрсету саласында
— көліктік байланыста

Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
— объектілік

— жергілікті

— аймақтық

— кең ауқымды

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.
2. Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ