«Бесік жыры» балабақша танымдық сағаты

0
6945
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Бесік жыры»

Білім  беру саласы:  «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Мақсаты:  Бесік  жырын тыңдату. Бесік  туралы  әңгімелесу.  Оның  ағаштан жасалғанын көрсету.

Қолданылатын  көрнекіліктер: бесік, бесік жабдықтары,  қуыршақ.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету,  әңгімелесу, түсіндіру,  сұрақ – жауап.

Сөздік  жұмыс:  Бесік, әже.

Билингвалдық компонент: бесік – колыбель, әже – бабушка.

Инклюзивтік  әлеумет: Баяу балалармен жеке  жұмыс жүргізу.

І. Кіріспе бөлім:

— Балалар  қазір жылдың  қай  мезгілі?

— Көктем  айларын  атаңдаршы?

ІІ. Негізгі бөлім:

— Балалар бүгін бізді Дина әжей үйіне бесік тойға шақырыпты, жолға  жиналайық.

Балаларды  сиқырлы кілемшеге  отырғызып,  көздерін   жұмдырып Дина  әжейдің  үйіне  апарамын.

Ғажайып  сәт.

— Дина әжей  балалармен  сәлемдеседі.

— Сендерді бесік тойына  шақырған  себебім  немеремді бесікке салайын деп едім. Келгендерің  қандай  жақсы  болды.

Бесік , бесік жыры туралы әңгімелейді. Балаларға бесіктің ағаштан жасалғанын балаларға көрсетеді.

                   Сергіту  сәті:

Бала, балақан,

Қане қайсы алақан

Саусақтарың  әйбәт,

Былай – былай ойнат.

Ойын: «Бөпені бесікке  бөлейміз»

Баланы  бесікке салып, бөлеп үстіне жапқыштарын жабады.  Бесікті тербетіп отырып  әжей  әндетеді.  Әбден бала  ұйықтап  кеткенше  әлдилеп  жәй  ғана  үнмен «Бесік  жырын»  айтады.

                «Бесік  жырын» 

Әлди, әлди бөпешім,

Әлпештеген көкешім.

Тербетейін жата ғой,

Тәтті ұйқыға  бата ғой.

Әлди, әлди бөпешім,

Сендей  сәби жоқ, көкешім,

Атам, әжем дейсің бе?

Тілің  тәтті  бөпешім.

— Ал, балалар немерем ұйықтады бесігін басқа бөлмеге апарайын, тыныш ұйықтасын.

Балалар  қайтадан сиқырлы   кілемшеге  отырып,  көздерін жұмып  топқа қайтады.

Қорытынды: Балалар  біз  сиқырлы кілемшемен  қайда бардық?

Әжей  немересіне қандай өлең  айтып  береді?

Бесік  қандай  заттан  жасалған?

Балаларды  мақтап, мадақтау.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ