«Мен көрген соғыс» сынып сағаты

0
2643
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сынып сағатының тақырыбы: «Мен көрген соғыс…»

Интернационалист –жауынгерлерді еске алу күні мен әскердің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жылдығына орай

Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд,интерактивтік тақта,Ауған соғысы ардагерлерінің фотолары

Сабақ бағдарламасы:
І. Ауғанстан соғысы тарихы туралы түсіндіру.

ІІ. Ауған соғысының ардагері,жазушы,депутат Б.Смағұлдың «Мен көрген соғыс» атты деректі фильмін көру
ІІІ. Қорытынды

«Миға шабуыл» әдісі:Балалар,соғыс дегенде көз алдарыңызға не нәрсе елестейді?Қандай соғыстарды білесіздер?

Мұғалім түсіндірмесі:

Ауған соғысы… Ол соғыс — қандай соғыс? Көздеген мүддесі не еді?  Түпкі мақсатына жетті ме? Бұл сұрақтарға жауап табу қиын. Себебі бұл –  бір елдің ішкі саясатына басқа елдің араласуынан туындаған  соғыс. Ауғанстан — ислам мемлекеті, Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет.Аумағы  652,2 мың шаршы км. Астанасы – Кабул (1,5 млн.,1992). Халқының саны  32 млн. адам. Ауғанстан – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ол елде 1978 жылы саяси төңкеріс болып, содан бері соғыс қимылдары тоқтаған емес. КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген «Халықтық-демократиялық үкіметті» қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп «Халық» тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал «Парчам» тобын Б.Кармал басқарды.

Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26 сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды.1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады.

Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп «парчамшыларды» билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

         Міне, осылай Кеңес әскерінің ресми деректері бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам совет офицерлері мен солдаттары қаза тапты, 35 мыңнан астам адам жараланып, оның қаншасы өмірлік мүгедек болып қалды. Осы соғыс әрекеттері КСРО ға 5 млрд. сом шығын әкелді. Ал осы соғыстың ел басына әкелген қайғы қасіретінде шек жоқ. Бұл соғысқа Қазақстаннан  21979 адам қатысып, оның 780-і қаза тапты, ал  22 – сі хабарсыз кетіп, із түссіз жоғалып кетті. 1990 жылғы мәліметтер бойынша хабарсыз кеткендердің 2-еуі АҚШ та тұтқында,  11-і тұтқындар лагерінде қаза тапқан.
Соның ішінде Н.Г.Саминь мен Қ.Бекболатов Бадабер тұтқындар лагерінде ерлікпен қаза тапқаны соңғы уақытта белгілі болды. Иә, адамзат тарихындағы қанқұйлы оқиғалардың бірі осы АУҒАН соғысы болғаны жасырын емес. осы соғысқа біздің ауданымыздан да азаматтар аттанып, өздерінің интернационалдық борыштарын өтеген ардагерлеріміз бар,алдарыңызда тізімі мен фотосуреттері тұр. Атырау облысы бойынша-19 адам қаза болған және 1 адам хабарсыз кеткен.

ІІ. Ауған соғысының ардагері,жазушы,депутат Б.Смағұлдың «Мен көрген соғыс» атты деректі фильмін көру және фильм бойынша өз ойларын білдіру.

ІІІ. Қорытынды


ПІКІР ҚАЛДЫРУ