«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тәрбие сағаты

0
8487
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбие сағаты:  «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» 
Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезені

—        Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. — Ал, балалар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

ІІ. Мұғалім түсіндірмесі:
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген  ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
ІІІ. «Сен білесің бе?» Наурыз мейрамына байланысты сұрақтар

1.Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)

2.Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)

3.Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ). деген сенімге байланысты.

4.Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).

5.«Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)

6.« Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? ( Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары).

7.Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? ( Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» ) деп қуанған.

8.Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ?

( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім  екі қолым  аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.

9.Отпен аластау себебі не ? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен  аластап, тазалайды.

10.Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған  сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .

11.Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.

12.Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.

13.Наурызша — Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай  қыраулап  жауған жұқа қар .

14.Наурызшешек – Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік .

15.Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға арнап айтылатын тұрмыс –салт жырының бір түрі .

16.Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі  жылдың  дәміне берілетін арнаулы бата .

Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.
  1. Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін  көрейік деген ырымға байланысты.

18.Наурыз көжені тоя ішу –қандай ұғымға байланысты қалыптасқан? ( «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға қатысты.

19.Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады? (Жарапазан.)

  1. « Ұлыс күні алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген ұғым  нені білдіреді  (Реніш болған , адамдарды , ағайын, дос- жараңды татуластыту.)

21.Тоқым қағар – Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі .

22.Бастаңғы – Шешесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қыз жасайды . Қыздың үйіне құрбы- құрдастары жиналады.

23.Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан  аман ба ?»деп сұрайтын. ( Малдың орны ерекше екенін  ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің  көзі  болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.

24.Сүйінші – Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже  сүйінші сұратып жас балалар   мен келіндерін жан-жаққа жібереді.

ІV.Ұлттық ойындар ұйымдастыру

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде бүгін мүмкіншілігімізге қарай «Қол күрес», «Асық ойыны», «Сиқырлы таяқ», «Сақина жасыру», «Бес тас» ойындарын ойнайтын боламыз.Ойынға барлық балалар қатысады.

  1. Қорытындылау
    Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған

Ендім бүгін төріме,
Жақсылық себем көңілге.
Бейбітшілік пен ырыс – құт,
Әкелдім биыл еліңе!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ