Білім алған алтын ордам — ҚАЗҰУ

0
1566
Білім алған алтын ордам - ҚАЗҰУ

Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Менің Алатаудай асқақ арманым мені Алматы шаһарына, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын арманыма айналған білім ордасы, қазіргі кезде шындыққа айналып, Жетісудың жүрегі Талдықорған қаласыннан ат терлетіп, арман қала – Алматыға бас тіреген жайым бар. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін.

Мен Әуелбай Нұржан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің Қазазстан тарихы кафедрасының 2- курс магистрантымын. 2018 жылы ҚАЗҰУ табалдырығын аттағаннан бастап сәттілік жол серігім болды. Оған дәдел маған тағайындалған ғылыми жетекші еді. Бұл қызық болды жетекші іздеп шар-пыр болып сенделіп жүрген кезіміз 1-курстың басы, кафедра меңгерушісі Берекет Кәрібаев ертерек жетекшілеріңді таңдап тақырыптарыңды бекіттіңдер деп айтқан болатын. Міне, осы кезде кімді таңдаймын деп ой үстіде жүрген кезім болатын. Мықты-мықты ғалымдарды гуппаластарым таңдап қойыпты, сол кездердің бірінде Бала кезімнен танитын, студенттік кезімде кітаптары қолымннан түспеген атақты тарихшы ғалым Талас Омаорбековпен түйісіп қалдым. Ол кез естен кетпейтін шығар 5-6 жыл кітаптармен таныс адам көз алдыңда жарқ ете шығуы қандай бахыт. Амандасып қалын сұрап, өзімнің биыл оқуға түскенімді, магистрант екенімді ол кісіге айттым. Талас ағай өз кабинетіне шақырып, әңгімені сол жақта жалғастырдық. Талас ағайда маған қолын сілтемей керсінше өзінің ғылыми орталыңының есігін ашты, сабақты ұмытып шамамен 2 сағат сөйлесіп быраз нәрселердің шетін қайырдық. Сөйтіп Талас Омарбеков менің ғылыми жетекшім болды. Бұл кез менің өмірімде ең қымбат кездердің бірі болып қалды.

Руководство | Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Талас Омарбеков

(тарих ғылымының докторы профессор)

Университетке аяқ тірегелі бері өзімді нағыз телегей теңіз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы — сапалы білім екенін өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Осы сапалы білімнің қара шаңырағы, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тірегі, ескінің көзін көрген, 86 жылға жуық бай тарихы жинақталған ұлттық университетте еліміздің түкпір түкпірінен, алыс – жақын шет елдерден келіп, оқып жатқан студенттер жетерлік. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші ,әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 207-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы нөмері бірінші университет сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол бар мүмкіншілікті пйдалана білу, әр студенттің өз қолында.

Өзімнің білім алып жүрген факультеттім туралы аздап хабар бере кетейін. Тарих, археология жəне этнология факультеті отандық жəне шетел тарихы, археология, этнология, музей ісі, ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану, кітапхана ісі саласы бойынша жоғары дəрежелі маман дайындау ісінде еліміздің көнекөз, ең мықты, мойындалған орталық болып табылады. Факультет бітірушілері ғылым мен білім беру салаларымен қатар дипломатиялық жəне əкімшілік жұмыстарда, қарулы күштер мен ішкі істер саласында, ұлттық қауіпсіздік комитетінде үлкен сұранысқа ие. Қазіргі таңда Тарих, археология жəне этнология факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы басқаруда.

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/56333.jpg

Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы

Тарих, археология жəне этнология факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Менің сүйікті және білім алған кафедрам «Қазақстан тарихы» кафедрасы. 1958 жылы 30 қыркүйекте «Қазақ ССР тарихы» кафедрасыболып құрылды. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына оның алғашқы меңгерушісі көрнекті тарихшы, ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов зор еңбек сіңірді. Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов 1958-1966 жылдары кафедраны басқарды. Бекмахановтан кейін кафедраны көптеген ғалымдар басқарды, салынған сара жолды бұзбай осы күнге алып келді. Бүгінде кафедра Түркия, Жапония, Қытай, Германия, Польша, Ресей және т.б. мемлекеттердің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орната отырып, білім алушы жастардың аталған универсиеттерден біліктілігін арттыруға, қосымша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға мүмкіндік жасап отыр. Қазіргі таңда кафедра Қазақстанның жоғарғы білім беру мен ғылым саласындағы заманауи үдерістерге өз үлесін қосуда. Мұнда білім берудің, ғылым мен инновациялық қызметтің тиімді ықпалдастығы негізінде, қазіргі қоғамдағы зияткерлік орта сұранысын қанағаттандыратын кәсіби мамандарды даярлау белсенді түрде қолға алынуда. 2016 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Берекет Бахытжанұлы Кәрібаев атқарып келеді.

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/43537.jpg

Берекет Бахытжанұлы Кәрібаев
Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор

Менің осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды ойып тұрып табуға, биік шыңға жетелейтініне үлкен сеніммен қараймын. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!», – демекші арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастардың отаны – Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті !

Қалай десем де, ҚазҰУ-мен мақтанамын, тіпті халыққа танымал болып жүрген азаматтарды біздің түлегімз деп естігенде, көңілім көтеріліп, бір марқайып қалатыным бар. Мен сол тұлғалардың отырған аудиториясында отырып, сол кісілерге сабақ берген ұстаздардан тәлім алып жүргенім маған жігер береді. Әлемдік дәрежедегі білім мен спорт сайыстарында топ жарып жүрген ҚазҰУ студенттері сол аға буынның жалғасы шығар, мен де сол үрдіске ілесе алсам, жетілгенім және самғап ұша алатындай болғаным деп сенемін.

Aуылбaй Нұpжaн
Әл-Фapaби aтындaғы ҚaзҰУ,
Тapих, apхeoлoгия жәнe этнoлoгия фaкультeтiнiң 2-куpc мaгиcтpaнты
Тарих пәнінің мұғалімі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ