Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

0
3868

Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау — тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.

Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.

Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.

  Пәндер Емтихан формасы Уақыты
міндетті 1 Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) Жазбаша —эссе 3 сағат
2 Алгебра және анализ бастамалары Жазбаша емтихан 5 сағат
3 Қазақстан тарихы Ауызша (билетпен)  
4 Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде)

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде)

Тестілеу 80 минут
таңдау 5 Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика Тестілеу 80 минут

Емтихандар жайлы қысқаша:

1.  Ана тілі мен әдебиеті — 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

2. Алгебра және талдау бастамалары — 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.

3. Қазақстан тарихы — Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).

4. Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі (қазақ мектептерінде) — 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:

  • Лексика-грамматикалық — 20 тест тапсырмасы;
  • Тыңдалым — 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
  • Оқылым — 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).

Таңдау бойынша 1 пәннен — Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).

Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20- берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20- берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.

Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ