Білім бастауы — балабақшада (Эссе)

0
2063
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау
Қазіргі заман талабына сай бала тәрбиелеу  жүйесінде елдің ертеңін ойлайтын ұрпақ өсіру үшін өз ұлтымыздың  тамырын жаңғыртумен  сипатталады. Балабақша өмірінде  жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану ең алдымен тәрбиеші жұмысынан басталатын мәселе.

Осы мәселені шешу үшін біз өз балабақшамызда ҚР Білім және ғылым  министрлігінің бекіткен жаңа өзгерістерін орындау  мақсатында  түрлі   жиындар, семинарлар, ата – аналармен кездесулер, жеке әңгімелер жүргізіп отырамыз. Заман ағынына орай ата – аналардың көздеген мақсаттары  қайтсем, өз баламды  білімді  етемін деген?- сауал тұрады.

Осы сауал негізінде ҚР «Үш тұғырлы тіл» саясатын  басшылыққа  ала отырып, балабақшамызда   үш тілде жұмыс жасаймыз. Бұл ойдың берері мол келісемін. Дегенменде, ең бірінші өз ұрпағымызға  қазақ тілін, ана тілін бойына  көбірек сіңіруіміз қажет. Ол үшін өзіміз көбірек кітап оқып, оның ішіндегі өмірге қажетті, құнды  мағлұматтарды өз балаларымызға насихаттап жеткізуіміз керек. «Ілімнің қайнар көзі — кітап» — демекші, кітапты көбірек оқуды әдетке  айналдыруымыз қажет. Күнделікті өмірдегі ұялы телефондардың тұрғанымен зиян екенін үлкенімізде, кішімізде түсінуіміз керек.

Сондай – ақ балабақшада балаларға берілетін  ілім – білім үйде  жалғасын тапса, қандай керемет! Яғни, Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында үйімізде бала тәрбиесіне аса мән  беретін, рухани – сөзінің мән – мағынасын ашып  түсіндіретін ата – әжелеріміздің болуы қандай ғанибет.

Қазақ халқы «Балаңды — өскенше бағасың,немереңді – өлгенше бағасың»- деп бекер айтпаса керек.  Олай, дейтін себебім, менің ата – анам өз немересінің қылықтарын қызықтаса, ата – енем – біздің балаларымызды туылғаннан алты ай болғанда өз қолдарына, ауылға  алып кетіп өсіріп, ата –әже, әке – ана деп сөйлетіп, 3-4 жасқа келгенде балаларымызға жақсы – жаманды үйретіп отырған жайы  бар.  Сол ата – енеме ұзақ өмір, зор денсаулық тілей отырып, барлық отбасында  осындай ата – әжелер болсын – деймін. Себебі, біріншіден – қазіргі заманда жастар  білім алуы керек; екіншіден, алған білімді ақтау үшін жұмыс жасау керек; үшіншіден, отбасын, бала- шағасын асырау керек.  Осы мәселелерді шешу үшін ата – ана бала тәрбиесін екінші орынға қойып, ақсап  жатқан жайымыз бар.

Сондықтанда балабақшаға балаларымызды бергенде, талапты алыстан  меңзейміз. Яғни, мен балабақшаға  баламды бергенде ол үш тілде сөйлей білуі керек, балабақшаны аяқтағанда жазу жаза білуі керек, санай білуі керек – дейміз. Сонда балабақшаға  жүктелетін міндет орасан зор. Осы міндеттерді орындау кезінде екі жақты келесім, ауызбіршілік және ынтымақ керек. Осындай ынтымақ ұйымдар арасында, балабақшалар арасында, отбасында бастау алса, үлкен көмегі болар еді. Олай дейтінім, балабақшалар арасындағы ұйымшылдық бірізді жұмыс  жасауға, берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан 30 елдің қатарына енуді мақсат етіп отыр. Ендеше, 30 елдің қатарына енуді қайдан бастау керек?!

Әрине, мектепке дейінгі тәрбие ұйымынан. Мектепке дейінгі тәрбие ұйымындағы оқыту мен тәрбиелеуді тереңдете түссек, біздің болашағымыз айқында анық болады.  «Ел боламын десең — бесігіңді түзе» — деген М.Әуезов.

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.

Ы. Алтынсарин «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» — деген. Демек, баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек.

Сәрсенбаева Гүлнұр Теңізбайқызы

Алматы облысы, Іле ауданы

«Күншуақ» балабақшасының әдіскері

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ