Қош келдің, Жаңа жылым, еліме! (сценарий)

0
2691
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жылым, еліме!»
Сыныбы: 2 Е
Сынып жетекші: А.Б.Булебаева

1-Жүргізуші: Ақтолқын

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз,

 (Жаңа жылдық әуенге балалар қол ұстасып мерекелік залға кіреді, шыршаны айналып орындарына жайғасады.)

2-жүргізуші: Алим

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойға,

Шақырамыз қол соға!

3-жүргізуші:Ақерке

С Новым годом!

С новым счастьем!

Вам, желает детвора!

Ожидает вас сегодня

Много-много волшебства!

1-жүргізуші:Ақтолқын

Уа, халайық, той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қызық көріп, тойлаңдар,

Маңайға жар салыңдар!

3 -жүргізуші: Ақерке

Будут танцы, хороводы,

Фейерверки, чудеса.

Ожидает всех нас счастье,

Новый год пришел! Ураааа!

2-жүргізуші:   Алим

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді келе жатқан жаңа 2019 жылмен құттықтаймыз!

Жаңа жылда көтеріңкі көңіл — күй, зор денсаулық, сәттілік және бақыт тілейміз.

3-жүргізуші: Ақерке

Олай болса, бұл не тұрыс?

Жаңа жылға арналған мерекемізді бастайық!

1-жүргізуші: Ақтолқын

Қымбатты қонақтар, бүгінгі жаңа жылдық мерекемізді барлығымыз көтеріңкі көңіл – күймен, әсем әнмен, сәнді бимен өткізуге ат салысайық!                    

2-жүргізуші: Алим

Ендеше, кім де кім бар дауыспен ән салса,

Кім де кім шаршағанша билесе,

Кім де кім қалыспай ойындарға қатысса,

Соған, Аяз атаның сыйлығы бар екен.

Мұғалім:

Олай болса, балалар,

Бар дауыспен ән шырқаймыз ба?

Шаршағанша билейміз бе?

Бүгінгі мерекеде тәртіп бұзып, тентек боламыз ба?

Құмарымыз қанғанша ойын ойнаймыз ба?

Бәрекелді, олай болса, мерекемізді бастаймыз!

Жүргізуші:
  • Балалар, енді, әдеттегідей жаңа жыл мерекесін жүргізу үшін бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты. Қалай ойлайсыңдар, ол не?
  • Әрине, Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұр. Олар біздің мектепті таба алмай жүрген болар.Кәнеки, бар дауыспен оларды шақырып көрейік, бәлкім, естіп келіп қалар.
  • Естімей жатыр, тым алыста болар. Бар дауыстен Аяз ата, Ақша қар деп айтайық

 (Балалар дауыстап шақырады, Аяз атаға жол ашып, қарсы алады)

Хор. Зырлайды шанамыз

Аяз ата:

Ассалаумағалейкум,

жұртым, жиналған!                                                                                   

Көңілдерің дүр маржан!

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан!

Аяз атаң мен Ақшақар

Келді, мінеки, алыстан!

Жүргізуші:

Бәрекелді, алақай, Аяз ата мен Ақшақар келді, қол соғып, қошеметтеп, сәлемдесейік баршамыз! 1,2,3! (Барлығы сәлемдеседі)

Ақшақар:

Сәлем бердім баршаға,

Сіздермен қауышқаныма қуана!

Неткен нұрлы жүздерің,

Неткен сұлу шыршаларың!

Бірақ, ата, қараңызшы,

Шырша шамдары жанбаған.

Аяз ата:

  • О, не дегенің қызым!?

Шыршаны шамын жағамыз,

сиқырлы сөзді айтып,

шыршаны лезде жайнатамыз!

Кәнеки, балалар, бәріміз бір дауыспен :

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат! – дейік. 1,2,3!

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат!

ШЫРША ШАМДАРЫ ЖАНАДЫ

Ақшақар:

Таң қалдырып баршаны,

Шыршамыз жарқырап жайнады.

Құбылтып, құлпыртып айналаны

Сиқырлы сәулелер жан-жаққа тарады.

Кәнеки, бәріміз қол ұстасып, сұлу шыршаны айналып ән шырқайық!

Хор: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

Аяз ата:
  • Бәрекелді, тамаша! Әнді керемет шырқадыңдар, жарайсыңдар! Енді өздерің көріп тұрғандай құр алақан емеспіз, Ақшақар екеуіміз сендерге арнаған сый-сияпаттарымыз бар. Кәне, балалар өнерлеріңе қарай сый сияпат береміз.

Бала:     Ақтолқын  

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда, жаңа нұр,

Жасыл щырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Бала:           Ермұрат

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Бала:       Еркеназ   

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Бала:      Фердауси    

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен кұтіп сағынған.

Бала: Нинель                                                                                                          

 Тауда туып, тауда өсіп,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз.

Ән шырқайық, баршамыз.

Бала: Әлмансұр

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле-төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын. 

Бала: Ақманар

Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.

Бала: Рауан

 Біздің сыныбымызда,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.

Бала: Жібек

Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз Атамен қосыла.

Бала: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Оқушы: Бағжан

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,

Ғасырдың он сегізінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Бек

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Бейбіт өмір мен шаттығын!

Бала: Ақ қырауға малынған                    

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

Бала: Рамазан                                                                                                                           

шырша, шырша шыршамыз,

Әнге қосылышы,

Шырша, шырша, шыршамыз,

Биге қосылшы.

Бала:  Бексұлу

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Әуен ойналады, Шыршалар пайда болады.

Би Шыршалар

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, жаңа жылдың басталуына бірнеше минут қалды…

Жарық сөніп, әуенмен залға түлкі кіреді.

Түлкі: Міне, менің арманым орындалды. Мені де мейрамға шақырдыңдар!

Жүргізуші: Түлкі, сен білесің бе, біздің мейрамымыз бишілер, әншілер, тақпақ айтушыларға арналған.

Түлкі: Әрине білемін. Менде бұның бәрі бар!

Жүргізуші: Сонда сен мұның барлығын жасай аласың ба?

Түлкі: Ия, мен бәрін жасай аламын!

Жүргізуші: Сен сондай-ақ, билей де, ән де айта  аламысың?

Түлкі: Билегенде қандай, ән де айтам. Бірақ сендер маған көмектесулерің керек.

Жүргізуші: Сен сондай батыл екенсің түлкі. Жарайсың!

Түлкі: Пах, шіркін, мәз болып қалдым ғой.

Ән: Алматының алмасы

Ақшақар: Саған көп рахмет, түлкі, орманыңа бар ғой. Сау бол!

Түлкі: Қалай сонда сау бол. Ал, сыйлық ше? Маған сыйлық буйырмағаны ма?

(Ақшақар шыршадан кампит алып, түлкіге сыйлайды)

Түлкі: (Қапалнып)  Сен не, мынаны маған беріп тұрсың ба? Маған басқа сыйлық жоқ па?.

Ақшақар: Жоқ түлкі, Аяз ата сыйлықтарды балаларға арнап дайындады. Ал сен енді өз орманыңа бар. Сенің қайтатын кезің келді.

Түлкі: Онда шыршаларыңның шамдарын сөндіріп тастаймын

Ақшақар: Жаңа жылда ешқандай реніш болмасын: Түлкі сен де мерекелік шараға қатысып жүре бер.

Домбырашы бала бар екен сыныбымызда енді сол баламыздың әуенін тыңдайық

Алимның домбырадағы әнін тыңдаңыздар

Биші қызымыз Жібектің өнерін тамашалайық.

 Би «Гномдар»

Ән: Еркесімін мен үйдің               Орындайтын Ақтолқын

Аяз ата: Ай, жарайсыңдар. Мені бір қуантып тастадыңдар. Жаңа жылда таяп қалды.

Аяз ата: жарайсыңдар, балалар, сендер тақпақты әнді өте жақсы айтады екенсіңдер. Ал сендердің ата-аналарың ән айта ма?

Аяз ата: Рахмет, енді 2019 жыл доңыз жылы болғалы тұр. Енді қапшықтың аузын ашып, сыйлықтарымды шығарып таратайын.

(Көңілді әуен ойналып, аяз ата сыйлықтарды таратады)

Аяз ата: Доңыз жылы құтты болсын, менің кішкентай достарым. Сендерге тек қана бақыт, шаттық алып келсін.

Балалар: Қош сау бол Аяз Ата, Ақша қар!

Басқа да сценарийлер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ