\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n«Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс» байқауының ережесі\r\n\r\nЕлбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақсатан үшін ауыл мектебінен басталады» — деп атап көрсетті. Бүгінгі ұстаз – жан-жақты біліммен қамтамасыз етіліп білім бәсекесіне төтеп бере алуы қажет. Міне, осы ұстаздардың білім денгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында «Ізденіс.KZ» республикалық ақпарат-танымдық ғылыми журналы мен Республикалық «Ізденіс Жолы» қоғамдық қорының біріге отырып ұйымдастыруымен«Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс» атты республикалық мектеп мұғалімдері арасында байқаудың III бөлімін жариялайды.\r\n\r\nБұл байқауға еліміздің білім саласының дамуына өз үлесін қосып, ұрпақ тәрбиелеуде ерекше ізденісімен көзге түсіп жүрген, жаңа заман таланттарын тәрбиелеуде жаңаша әдістер ойлап тапқан мұғалімдер қатыса алады.\r\n\r\nБайқауға қатысуышылар өздері ойлап тапқан білім беру әдісін қағаз бетіне түсіріп, ұйымдастыру комитетіне жолдайды. Байқаудың негізгі шарттары жіберілген жұмыс А4 форматында 3-4 беттен аспауы керек. Шрифт Times New Roman, интервал 1,5 болуы керек.\r\n\r\nКонкурсқа қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.\r\n\r\nӨткізілген материалдар «Ізденіс.KZ» республикалық ақпарат-танымдық ғылыми журналы мен Республикалық «Ізденіс Жолы» қоғамдық қорының біріге отырып бекіткен қазылар алқасында сараланып, үздік деп танылған туындылар анықталғаннан кейін жүлдегерлер арнайы орындар бойынша дипломдармен марапатталады. Қатысушылардың еңбектерінің ішінен ең үздік деп танылған жұмыстар арнайы жинақ болып баспадан жарық көреді.\r\n\r\nКонкурсқа ұсынылатын материалдар көрсетілген нысанға сәйкес 2014 жылғы 11 қарашағадейін мына электрондық поштаға жолдануы тиіс: baikay03@mail.ru\r\n\r\n Қосымша ақпараттарды төмендегі байланыс телефондарынан алуға болады. Тел: 87783135504.\r\n\r\nБайқау қорытындысы 14 қарашада белгілі болып, Martebe.kz сайтында жарияланып, қорытынды кітаптың тұсау кесер рәсімі өткізіледі деп жоспарлануда.\r\n\r\nБайқауға қатысушылар қосымша мына кестені де толтырып жіберуге міндетті. Ескерту! \Барлық құжаттар мен сабақтар бір документ ішінде болуы шарт\.\r\n\r\n \r\n
р\с | Аты-жөні | Мектебі | Телефоны | Эл-почтасы | Фото суреті |