Жаныңда жүр жақсы адам

0
7301

marxa\r\n\r\nҰстазым менің, ұстазым,\r\n\r\nӨзіңмен өтті қыс жазым.\r\n\r\nҚалдырған ізін мәңгілік,\r\n\r\nЖадымда тұрар жаңғырып, — деп әуелете ән салып, сыныптастарымызбен алғашқы қоңырау салтанатын өткізіп, оныншы сыныпқа аяқ басқан кезіміз. Сабақ кестесін алып, кітаптарымызды түгендеп, ала жаздай көрмген сыныптастарымызды көріп, сағынышымызды басып,  көңіліміз тоқталып қуанып жүрміз. Сабақты сағыныпта қалыппыз! Күн дүйсенбі болатын, ауа райы  да керемет. Сынып жетекшіміз, тәрбие сағатын өткізіп, бізге  география пәнінің мұғалімі ауысып орнына бір ағай келгенін айтты. Бәріміз сол күнді асығып күтіп, «Ол қандай ағай?», «Сабақты қалай береді екен?»,- деп бір — бірімізден сұрап жатқанбыз. Кенет, сұңғақ бойлы, жүзі жарқын, сымбатты ағай кіріп келді.\r\n\r\n    — Сәлеметсіндерме құрметті оқушылар! Жаңа оқу жылдарың құтты болсын! — деп жылы лебізімен бастады.\r\n\r\n     Мен география пәнінің мұғалімімін. Есімім Айдос Қабылбайұлы. Менің міндетім баршаңызды  «геогроф»  жасау емес, менің міндетім иманды, елінің ертеңі болар,  жақсы жастар тәрбиелеу.  Әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің  « тәрбиесіз берген білім адамзатты  улайы» — деген  аталы сөзі бар. Демек тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы. Мені сіздерге қоятын ең бірінші талабым тәртіп.Сыныпқа кіргендегі осы сөздері әлі күнге баршамыздың есімізде. Сабағын да қызықты, сыныптан тыс уақыттар да  шағын шаралар, үйірмелер,  пікірталас өткізіп тұратын Айдос ағайымызбен тез арада тіл табысып кеттік. Бізге, бұрынан таныс адамдай болып кетті десек те қателеспейміз. Ағайдың өтініштерін орындап, мерекелік шараларға қатысып, ол кісіден ақыл сұрап, жақын араласып, сыныбымызбен Айдос ағайдың сырлас досына айналдық. Тіпті сондай ұстаз сабақ бергеніне де қуандық. Сабағынан бірде — біреуіміз қалмауға тырысамыз. Ол кісінің күн тәртібі бойынша сабаққа кіре салысымен  бір — екі минут иман, тәрбие, тәртіп жөнінде ақыл сөздер айтып, сабаққа кірісіп, қызықты өткізеді. Әдебиет пәнінің мұғалімі болмаса да Мұқағали, Абай, Шәкәрім оқуларына, аудандық ғылыми жобаға география, биолоия пәндерінен  шәкірттер дайындап жүлделі орындар алғызып та жүретін. «Шәкірттің озуы ұстаздың жемісі» —  деген сөз шындыққа айналғандай. Кей- кездері ағайымызға айтатын едік:\r\n\r\n  — Сіз мамандық таңдаудан қателескенсіз, өнер жағынан алғанда бар саладан хабарыңыз бар, қабілетінізде керемет, — деп сыныбымызбен айтқан едік.\r\n\r\n   — Жандарым менің, мен «геогроф»  болғаныма еш өкінбеймін! Сендер сынды шәкірт тәрбиелегеніме қуанбасам, ренжімеймін. «Бір ауыздан шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген аталы сөз бар. Маған отыз баладан екі — үшеуі,  ұстаз болса да жетеді. Олар он жиырма адамға айтар, тәрбиелер.  Мен сонда өзімді бақытты адам санар едім дейтін. Сабырлы мінез, сырбаз қалпынан, қарапайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейірімді де қайырымды .\r\n\r\nЖақсы адам – елінің серкесіндей,\r\n\r\nХалқының қалын жүндей көрпесіндей.\r\n\r\nЖақсы болар баланың жүзі жылы,\r\n\r\nОрыстың күймей піскен бөлкесіндей.\r\n\r\nЖақсының айтқан сөзі тиянақты,\r\n\r\n Түйенің аумайтұғын өркещіндей,\r\n\r\nЖақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,\r\n\r\nЖасынан бірге өскен еркесіндей, –деген жолдары ойға оралады. Бекзат болмыс, тектілік адамды қашанда биік көрсетеді. Биіктігі де, тереңдігі де, кеңдігі де бір басынан табылатын жандар жеткілікті. Маңымыздағы аз сөйлеп, көп жұмыс атқаратын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп айтқандай, білікті де шебер, ұстаз,  жайында қысқаша осылай тоқталдым. \r\n

Жақсы ұстаздар – қоғамның қаһармандары!

\r\n

                                                                                                                                                                                         Авторы: Мархаббат Ілияс

\r\n

Әл — фараби атындағы ҚазҰУ-дың

\r\n

журналистика факультетінің

\r\n

ІІ курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ