Білім күні балабақшаға арналған шағын сценарий

0
9438
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім күні

Жүргізуші: Балалар,сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын.Сендер күнге күйіп, бойларың өскен.Қараңдаршы,біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар.Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын.Қане,бір-бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп аманадасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні.Бұл күні балалар мектепке ағылады.Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады.Ал сендер балабақшаны,мерекелерді сағындыңдар ма? Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап,осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады.

Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып,жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.
Ендеше бүгін Білім күні мерекесін сиқырлы пойызда атап өтеміз бе?Әр станцияда пойыз тоқтап сендер түрлі тапсырмаларды орындайсыңдар.Тапсырманы дұрыс орындасаңдар пойыз әрі қарай жүреді.Ал,дайынсыңдар ма? Ендеше кеттік! (Балалар пойызбен жүреді)

Бірінші станция «Әндер» деп аталады.

«Шар»

Жүрг: Жарайсыңдар,балалар!Әрі қарай кеттік.

Келесі станция «Ойын» деп аталады. Жүрг:Балалабақшада мектептегі сияқты сабақтар бар.Балалар көп нәрсені үйренеді: санауды,ән салуды,достасуды.Қазір біз “Ал мектепте…” деген ойын ойнаймыз. Мен балабақшада балалардың не істейтінін айтамын,ал сендер мектепте не істейтіні туралы жауап бересіңдер.

Балалар хормен жауап береді:

Балалабақшада — тәрбиеші, ал мектепте кім? (Мұғалім)

— Балалабақшада сендерді балалар дейді, ал мектепте ?(оқушылар)

— Балалабақшада — үстел, ал мектепте ? (парта)

— Балалабақшада — топтар, ал мектепте ? (сынып)

— Балалабақшада — оқу іс-әрекеті, ал мектепте ? (сабақ)

— Балалабақшада — меңгеруші, ал мектепте ? (директор)

— Балалабақшада сендер ойнайсыңдар, ал мектепте не істейді? (оқиды)

Келесі станция «Жұмбақтар» деп аталады.

«Көңілді алақандар» биі

Келесі станция «Ертегілер» деп аталады.

Дымбілмес:Саламатсыңдар ма,балалар!Менің сөмкемде ертегілер көп, бірақ олардың бәрі шатысып кетті.

(ойын «Адасқан ертегілер»).

Мақсаты: неше ертегі бар екенін табу.

Келесі станция «Орман» деп аталады.

Жүрг: Біз орманға келдік.Самал жел соғып,ағаштар шулайды.

Жүрг: Қане,құстардың дыбысын тыңдайықшы.

Мыстан: Ал сендер кімсіңдер? Орманға не үшін келдіңдер?

Жүрг: Бізде бүгін мереке,саяхаттап жүрміз.

Мыстан: Қалайша,менсіз бе?Мені білмейді деп ойладыңдар ма? Менің мұрным бәрін сезеді. (түшкіреді). Не, менен қорықпайсыңдар ма?Дұрыс!Кім көңілді жүрсе,ол ештеңеден қорықпайды.Иә,бүгін менің көңіл-күйім тамаша болып тұр,тіпті билегім келіп тұр.Менімен билейсіңдер ме?

Жүрг: Балалар,қараңдаршы,Мыстан әжеміз әдемі киініп алыпты,өзі сондай мейірімді.Бізді биге шақырады.Билейміз бе?

Балалар: Иә!

Жүрг: Ендеше, балаларды биге шақырамын.

«Достық» биі

Мыстан: Жарайсыңдар!

Жүрг: Мыстан әже, орманда жақсы екен.Енді біздің балалар ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойын «Мыстан әже».
Ойын шарты: 2 топ қатысады. Көрнекілігі: шелек,сыпырғыш.
Оң аяқты шелекке салып,сол қолға сыпырғыш ұстайды.Шелектің құлағынана ұстап белгіленген жерге дейін жүгіріп бару керек. Қайтып келіп заттарды келесі ойыншыға береді.

Біздер әрі қарай жүрейік.

Мыстан: Келгендеріңе рахмет! Ал менің тәттілерім қайда? Жоғалтып алдым ба?Міне екен ғой, ала қойыңдар балалар!Жолдарың болсын!Сау болыңдар!
Жүрг: Қане,балалар,әжемізді көңілді әнмен шығарып салайық.

«Балабақша»

Жүрг: Жарайсыңдар!Біз балабақшаға қайтайық.

Жүрг: Міне,біздің балабақша!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ