Білім сапасын көтеру жолында

0
3112

(Рефлексивті есеп)

\r\n     Біздің мемлекетімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осы мақсатта білім жүйесінде әр түрлі бағдарламалар әзірленуде. Соның бірі мектеп тренерлерін дайындау болып тұр. Оған қоғам мен  білім зәру. Жаңа технологиялар мен сапа тенденцияларына сүйене отырып, мені мектеп тарапынан  осы бағдарламаның І – деңгейін сертификат иесі ретінде аудандық білім бөлімі мені осы мектеп  тренері курсына жіберді. Алғашқыда бұл курс бағдарламасынан не үйренер екенбіз деген ой болды. Осы бағдарламаның тағы қандай ерекшеліктері бар екен деп те ойладым.  Ерекшеліктері:\r\n

    \r\n

  • Заман талабына сай маман қалыптастыру;
  • \r\n

  • Білім мен сана концепцияларына жаңаша бағдарда шолу;
  • \r\n

  • Жас ұрпақты жаңаша бағытта білім беру;
  • \r\n

\r\n      Екі апталық курс бағдарламасы бойынша танысу басталып кетті. Бағдарлама құрылымы «Оқу моделі» яғни бағдарлама материалдарымен танысу, әріптестермен талқылау, жұмыс барысында үйренгенімізді әр түрлі  әдіс- тәсілдер арқылы іске асырдық және рефлексия жүргіздік.\r\n\r\n     Тәжірибе жүзінде іске асыру және жоспарлау сатысында, өз сабақ жоспарымызға бағдарлама барысында танысқан жаңа тәсілдерді кірістіруді үйрендім. Мысалы: модерация әдісі, бұл әдіс бәріміз бірдей түсінетін және қабылдайтын, біріңғай критерийлері бар жаңа, ұғымды топ болып өндіруге мүмкіндік беретін қолайлы әдіс екен.\r\n\r\n      Сациометрия әдісі де сабақтың кез келген кезеңінде қолдана отырып, аз уақыт ішінде тыңдаушылардың уәжісін, олардың оқуға дайындығын, құзіреттілікті анықтауға болатыны және ең ұтымдысын алгоритм арқылы іске асатынын білдім.  Осы уақытқа дейін сергіту жаттығуларын  қалай болса солай пайдалана беруші едік, енді сергіту жаттығуларының түрлерін қолдану уақытын білдім. Сергіту жаттығуларының да оқу мақсаттарының нәтижесіне бағытталғанын байқадық. Өткізілген ықшам сабақтардағы бағалау түрлеріндегі кері байланыс пен рефлексия жасаудың айырмашылыған үйрене отырып, тренердің бойындағы дағдылар мен қасиеттер болуы керектігін ұғындым.Ұжымды ынтымақтастыруда «тимбилдинг» тәсілі туралы жақсы тәжірибелік сабақ өткізіп, топта талқыласу жүргіздік. Ең бастысы әр жұмыс түрінен соң «Оқытуда бағалау критерийлері»арқылы төрт даму деңгейіне қарай бағалауды түсіндік. Бұл бағалау түрі тренердің қай жерде тұрғанын көрсететін жақсы тәсіл.«Оқытудағы қадағалау нысанын» толтыруда тренердің кәсіби құндылықтары, тәлімгерлік деректері, одан әрі жетілдіру жолдарындағы сарапшының жұмыс істеу критерийлерін талдау арқылы болашақта мектеп тренері ретінде үлкен жауапкершілік күтіп тұрғанын сезіндім. Білім беру реформасының білім сапасын көтерудегі өзгерту жүйесінде қызмет етіп жүргеніме мақтанамын.\r\n\r\n \r\n\r\nМамбетбаева Эльмира Рахимбергеновна\r\n\r\nСарқан ауданы,\r\n\r\nҚарауылтөбе орта мектебінің\r\n\r\nбастауыш сынып мұғалімі