Билл Гейтстің өмірден түйген 11 қағидасы

0
3781

        «Өмірде адаспау үшін адасу үшін керек» — депті  бір  данышпан.  Расымен, ойлануға тұрарлық, өмірде шалыс баспадым деген адам жоқ. Қателесу — заңды. Тек өткеннен сабақ алу қажет. Сабақты мектепте үйретеді. Ал әлемдегі ең бай азамат           Билл Гейтс өмірден түйген 11 қағидасында былай дейді. Сонымен, жақсылап оқып алыңыз, өмірде қажет болып қалар…

  1. Өмірде бәрі әділетті емес және сен оған  көнуің керек.
  2. Әлемді сенің намысың мен мен ішкі жағдайың қызықтырмайды. 
  3. Оқу біткен соң бірден көп жалақы алып, лимузинмен жүргізуші жалдап байып кетпейсің. Тек оған жету үшін еңбектену керек. 
  4. Оқытушыңа қарағанда , сенің жұмыс істеу қабілетіңе байланысты бастығың көтеріледі. 
  5. Сәтсіздіктерің үшін ата-анаңды кінәлауға асықпа. Керісінше қателіктеріңнен  сабақ ал. 
  6. Көшеде тамақ сату — сен үшін ұят емес. Оны сенің ата-әжең үлкен мүмкіндік дер еді. 
  7. Ата-анаң сен өмірге келгенше, мұндай іш пыстырар адам болмаған. Олар сені жеткіземін, балалық шағы жақсы өтсін деп еңбектенген.
  8. Сенің тест тапсырып, тапсырмауыңның өмірге ешқандай әсері жоқ. 
  9. Өмір семестрлерге бөлінбеген. Жаздық каникулдар да жоқ. Өзіңнің «меніңді» табуың ешкімді қызықтырмайды. Ол үшін жұмыстан тыс уақытты пайдалануың керек. 
  10. Шынайы өмірді теледидардағы өмірмен шатастырма. Шынайы өмірде уақытыңның көп бөлігі дәмханада емес, жұмыс орнында өтетінін біл.
  11. Ботаник және көзілдірікті жандармен жақсы қарым-қатынаста бол. Олар сенің бастығың болуы ғажап емес. 

Өмір ертегі емес, бірақ қуанышты сәттерге толы. Әр күндеріңіз шаттыққа толы болсын!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ