Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен

2
48408

Оқушылардың І тоқсандағы білімін тексеруге арналған тест сұрақтары жауабымен ұсынылып отыр. 

Сынып: 9

І нұсқа

1.Жасушалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ілім
А) Цитология          В) Ботаника      С) Генетика         Д) Биология         Е) Зоология

2.1831 жылы ағылшын ботанигі кім микроскоппен жапырақтың құрылысын қарап, жасуша ішіндегі тығыз түзілісті көріп, оны ядро деп атаған?
А) Р. Вирхов  В) Т. Шванн         С) Р. Браун    Д) Н. Грю    Е) Р. Гук

3.Әртүрлі жануарлардың жасушаларын зерттеп, ядро тек өсімдіктерде ғана емес, жануарлардың жасушаларында болатынын дәлелдеген ғалым
А) М. Шлейден         В) Т. Шванн           С) Р. Вирхов   Д) Р. Гук   Е) Я. Пуркине

4.Жасушаның құрамында шамамен неше элемент болады?
А) 50          В) 60            С) 70             Д) 80            Е) 110

5.Макроэелементтердің екінші топшасындағы элементтерді көрсет
А) сутек, оттек  В) көміртек, азот  С) калий, кальций    Д) натрий, оттек   Е) сутек,азот

6.Көптеген моносахарид қалдықтарынан түзілген күрделі көмірсулар
А) моносахаридтер   В) дисахаридтер  С) липидтер  Д) фосфолипидтер  Е) полисахаридтер

7.Барлық тірі организмдерде болатын және биологиялық катализаторлар рөлін атқаратын ерекше нәруыздар
А) липидтер   В) ферменттер   С) моносахаридтер   Д) полисахаридтер  Е) дисахаридтер

8.Мембраналы органоид-
А) рибосома        В) жасуша орталығы     С) цитоплазма   Д) митохондрия   Е) лизосома

9.Ұсақ, ұзындау келген, диаметрі 0,2-0,8мкм, бір мембранамен қапталған денешіктер
А) рибосома   В) гольджи жиынтығы   С) лизосома  Д) цитоплазма   Е) митохондрия

10.Хлоропаластар-
А) жасыл түсті, пішіні сопақшалау келген пластидтер   В) майда шар тәрізді денешіктер
С) өсімдіктердің жерасты бөліктеріндегі пигменті жоқ, түссіз пластидтер
Д) гүл күлтелерінде, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, тамыр жемістерге қызыл, сары түс береді.
Е) Сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы

11. Шырыны құрамында түрлі нәруыздар, бос нуклеотидтер, аминқышқылдары т.б заттар бар гель тәрізді сұйықтық
А) цитоплазма            В) ядро          С) вакуоль     Д) рибосома   Е) жасуша қабықшасы

12.Ядроны ашқан ғалым.
А) Я.Пуркине     В) Р.Броун   С) А.Левенгук      Д) М.Шлейден     Е) Т.Шванн

13.Энергияның бөлінуі және жинақталуы жүзеге асырылатын жоғары молекулалы қосылыстардың ыдырау реакцияларының жиынтығы
А) анаболизм       В) гетеротрофтар    С) катаболизм     Д) автотрофтар   Е) фототрофтар

14.Жасушадағы энергияның алмасуының неше кезеңі бар?
А) 3          В) 4            С) 5              Д) 6            Е) 7

15.Ядроның бөлімінде орналасқан ДНҚ молекуласы:
A) Ядро шырынында. B) Ядро қабықшасында. C) Ядрошықта.
D) Ядро қосындыларында.    E) Хромосомада.

16. ДНК нуклеотидтерінің құрамына кірмейтін химиялық қосылыс
A) Дезоксирибоза. B) Аденин. C) Фосфор қышқылы.  D) Май қышқылы. E) Цитозин.

17.Хромосоманың қызметі:
A) Көмірсу синтездейді.   B) Фотосинтезге қатысады.  C) Жасушаның қозғалуына әсер етеді.   D) Тыныс алуға қатысады.  E) Тұқым қуалаушылық ақпаратын сақтайды.

18.Майлардың, көмірсулардың синтезделу әрекеті жүреді:
A) Вакуольде. B) Тегіс бетті эндоплазмалық торда. C) Гольджи комплексінде.
D) Ядрода. E) Лизосомада.

19.Жасушаның барлық органоидтарының орны:
A) Жасуша орталығы. B) Лизосома. C) Пластидтер.  D) Ядро.  E) Цитоплазма.

20. Жасушаның құрамындағы органикалық зат:
A) Калий хлориді B) Cу C) Натрий хлориді   D) Нуклеин қышқылы   E) Тұздар

21.Нуклеин қышқылдарының атқаратын қызметі:
A) Қорғаныштық. B) Құрылыстық.  C) Катализдік.  D) Ақпараттық.  E) Энергетикалық.

22.Ферменттер табиғаты жағынан:
A) Ақуыздар (нәруыздар) . B) Көмірсулар. C) ДНҚ.  D) Минералды тұздар. E) Майлар.

23.Органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар:
A) бір жасушалы балдырлар. B) космополиттер. C) автотрофтылар.
D) редуценттер.    E) продуценттер.

24.Автотрофты қоректенетін ағзалар:
A) Вирустар. B) Саңырауқұлақтар. C) Өсімдіктер.  D) Адам.   E) Жануарлар.

25.Жасуша құрамындағы су мөлшері
A) 30 % B) 1 %. C) 70%- 80 %.    D) 5 %.   E) 20 %.

ІІ нұсқа

  1. Фотосинтез процесі жүретін жасуша органойды:
    A) Хлоропласт. B) Митохондрия. C) Хромопласт.  D) Лизосома.  E) Рибосома.
  2. Көмірсулардың ішіндегі полисахаридтер:
    A) глюкоза B) крахмал C) фруктоза  D) дезоксирибоза    E) рибоза
  3. Жасушада әрі фермент, әрі гормон, әрі құрылыс материал:
    A) ақуыз B) ДНК C) крахмал   D) көмірсулар   E) РНК
  4. Тұқым қуалайтын белгіні ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші:
    A) Цитоплазма. B) Митохондриялар. C) Лизосомалар. D) Хромосомалар. E) Вакуоль.
  5. Көмірсулардың жасушада атқаратын қызметі.
    A) Катализаторлық. B) Тасымалдау. C) Қорғаныш.  D) Энергетикалық.
    E) Тұқымқуалау ақпаратын сақтап қалу.
  6. Жер ғаламшарының су қабаты аталады:
    A) Атмосфера. B) Литосфера. C) Тропосфера.  D) Гидросфера.  E) Стратосфера.
  7. Ағзадағы негізгі энергия қоры:
    A) көмірсу B) дәрумен C) май   D) аминқышқылы   E) ақуыз (нәруыз)

 8.1920 жылы «Хромосомалардың матрицалық репродукциясы» теориясын құрастырған ғалым?
А) Ч. Дарвин  В) Н. И. Кольцов    С) Т. Шванн   Д) Р. Вирхов     Е) М. Шлейден

9.Аденинге комплементарлы нуклеотид
А) цитозин   В) урацил     С) гуанин   Д) аденин       Е) тимин

10.Сыртқы ортаның әр түрлі факторларына организмнің жауап қайтаруы.
А)өсу   В) көбею      С) ырғақтылық  Д) тітіркенгіштік  Е)өздігінен реттелу

11. Тіршіліктің ең жоғары деңгейі
А)молекулалық  В)популяциялық-түрлік  С)биогеоценоздық Д) биосфералық
Е) жасушалық

12.Жасушаның «энергетикалық станциясы» аталған органоид
А)цитоплазма  В)рибосома  С)митохондрия Д) лизосома Е)гольджи жиынтығы

13.Мембранадан түзілген түтікшелер, өзектер, қалташықтар, қоймалар жүйесі.
А)рибосома  В) митохондрия С) эндоплазмалық тор Д) лизосома Е)пластидтер

14.Өсімдік жасушаларында ғана болатын екі мембраналы органоидтер.
А) рибосома  В) митохондрия  С) пластидтер Д) гольджи комплексі Е) эндоплазмалық тор

15.Катоболизм кезінде ферменттік реакциялардың әсерінен крахмал ыдырайды.
А) аминқышқылдарына  В) май қышқылына С) глицеринге  Д) глюкозаға  Е)мономерлерге

16.Гетеротрофты организм .
А) бактерия  В) балдыр   С) қарағай  Д) қарағаш  Е) гүлді өсімдік

17.Глюкоза молекуласынан сүт қышқылының түзілуі қай уақытта жүзеге асады?
А) дайындық кезеңінде  В)оттексіз  кезеңде С) оттекті кезеңде Д) оттекті кезеңнен соң  Е)оттексіз кезеңнен соң

18.Организмнің қандай да бір белгісін анықтайтын нәруыздың құрылымы туралы ақпарат жазылған ДНҚ молекуласының үлескісі қалай аталады?
А) генетикалық ақпарат  В)тұқым қуалау ақпараты  С) ген   Д)генетикалық код  Е) триплет

19.Транскрипция дегеніміз не?
А)  Нәруыздың толық синтезделуі
В) Нуклеотидтерді комплементарлық принципке сай әкеліп орналастыру.
С) а-РНҚ-ға ақпараттың көшіріліп жазылуы
Д) Нәруыз туралы ақпараттың жазылуы
Е) Нәруыз молекулаларындағы аминқышқылдардың орналасу реті

20.Әр триплеттің нақты бір аминқышқылын анықтауы генетикалық кодтың қай қасиетіне жатады?
А) триплеттігі В) арнайылығы  С) коллиенарлығы  Д) артықтылығы  Е) әмбебаптығы

21.Нәруыздың синтезделуі қандай бағытта жүзеге асады?
А) ДНҚ-РНҚ-нәруыз  В) РНҚ-ДНҚ –нәруыз С)  нәруыз- РНҚ-ДНҚ  Д) РНҚ –нәруыз –ДНҚ
Е) нәруыз-ДНҚ-РНҚ

22.Нәруыз туралы ақпараттың а-РНҚ-дағы нуклеотидтер ретінен полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары ретіне ауыстырылуы.
А) трансляция  В) триплет  С) оперон Д) транскриптон Е) транскрипция

23. Хромосомалардың ширатылуының шегіне жетуі митоздың қай фазасында жүзеге асады?
А) телофаза   В) метафаза   С) анафаза    Д) даярлық кезең    Е) профаза

24. Ядро қабықшасының еріп кетуі митоздың қай фазасында жүзеге асады?
А) ІІ профаза В)  ІІ телофаза С) І метафаза Д) ІІ метафаза Е) ІІ анафаза

25.Генетикалық инженерияның мақсаты мен зерттеу әдістерінің неше деңгейі бар
А) 3   В) 4   С)  5     Д)  63

 Тест жауаптары
І нұсқа
1.А  2.С  3.В  4.Д
5.С  6.Е  7. В  8. Д
9.С   10.А  11. В
12. Е  13. С  14. А
15. Е  16. Д  17. Е
18. В   19. Е  20. Д  21. Д
22. А   23. Д  24. С  25. С

ІІ нұсқа

  1. А 2. В  3. А  4. Д
    5. Д  6. Д  7.А  8. В
    9. Е  10.Д  11. Д  12. С
    13. С  14. С  15. Д  16. Е
    17. В   18. С   19. С
    20. В  21.  А  22. А  23.
    В  24.  А  25. Е

    Дереккөз: kopilkaurokov.ru

    Басқа да пән бойынша тест тапсырмаларын қарап көріңіз:

  2. Қазақ тілінен тест тапсырмалары
  3. «Педагогика» пәні бойынша аттестацияға дайындық сұрақтары (І тест)

  4. Химиядан тест сұрақтары жауабымен

 


2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ