Валюта күніне арналған сабақ жоспары

0
1234
Гомотетия және оның қасиеттері

15 — қараша — төл теңгеміздің дүниеге келген күні. Теңгенің тарихы мен құндылығын әр оқушы сезінуі қажет. Сол себепті оқушылардың білімін арттыру мақсатында сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.

Сабақтың тақырыбы:  Ұлттық валюта  — теңге . Жай сөйлемнің түрлері.

Сынып: 8

Сабақтың мақсаты: Ұлттық валюта -теңге туралы білімдерін бекітіп, тереңдету.
Сөйлем мүшелеріне шолу.  Сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін, білімге деген құштарлығын ояту.  Сабаққа деген белсенділігін, ынтасын дамыту. Тәуелсіздік еліміздің жетістіктерін мақтан тұтып, патриоттық сезім тәрбиелеу.

 Көрнекілік: Таблица. Тест.

Сабақтың әдісі:  Түртіп оқу әдісі.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезені.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

2.3.4.- тапсырма. 19 бет. (ауызша). 2.3.5.-тапсырма. 19 бет.

ІІІ. Өйткенді қайталау: Тест.

  1. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

А. Барыс- сирек кездесетін ерекше алғыр, айлалы аң.

Ә. Президент Жолдауы- негізгі бағдарлама.

Б. «2030 жылға саяхат» атты тақырыпқа жоба құрыңдар.

  1. Сұраулық шылау арқылы жасалған сөйлемді белгіле.

А. «Азия барысы» деген ұғым қандай символ ретінде айтылған?

Ә. Президент Жолдауында табиғатты қорғау талап етілген бе?

Б. Ол не еткен сүйкімді қала еді?

  1. Лепті сөйлемді табыңыз.

А. Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай.

Ә. Білім – адамның қанаты.

Б. Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе.

  1. Сұраулы сөйлемнің неше түрі бар?

А. 1.

Ә. 2.

Б. 3.

  1. Геральдика нені білдіреді?

А.  Ел тану

Ә. Елтаңба тану

Б. Ұлттық жиынтық бейнесі.

  1. «ҚР рәміздерін қабылдау туралы» Президентің Жарлығы қашан шықты?

А. 16.12.1991.

Ә. 1.12. 1991.

Б. 4. 06. 1992.

ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық  Топтастыру.   Ұлттық валюта дегенде қандай сөздер ойға келеді?

Ұлттық валюта -Теңге — ҚР заңды төлем құралы

/     \

1993 жыл 15 қараша       халық байлығы

  1. Сөздікпен жұмыс. 20 бет. 241 тапсырма. 20 бет.

Ү. Жаңа тақырып. Мұғалім сөзі. Тәуелсіздігіміздің бір белгісі – теңге. Теңге –Қазақстанның ұлттық валютасы.  «Теңге» сөзі – түрік тіліндегі «танға» немесе «данға» деген сөздерінен шыққан. Жібек Жолы заманында темір және ыстан жасалған ақшалар болған, оларды шелекпен тасып үрген. Олардың даңғырынан «даңғыр» деп аталып, «данга» сөзі шыққан.

Сонымен, әрбір дербес мемлекеттің өз ұлттық ақшасы бар. Мысалы: Ресейде –рубль, Германияда –марка, … Қазақстанда – теңге.

  1. 19-20 бет. Мәтін. «Ұлттық валюта – теңге». Түртіп оқу. + Білемін, — жаңа ұғым , * білгім келеді. Класстерді толықтыру.

2.Ойын «Кім миллион ұтады?»  ойын шарты. Жүргізуші мәтін бойынша сұрақ қояды.

Бір оқушы жауап береді. Өтпей қалса келесі ойыншы шығады.

3.Мақалдардың мазмұнын талдап, өз сөздерімен айтқызу.

Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.  Еңбексіз табылған, есепсіз жұмсалады.

Копейка рубль бережет. Без труда добытое легко расходится.  Халық ақша құнын, оның толыту жолдарын жақсы білген.

  1. Таблицамен жұмыс.  Сөйлем мүшелеріне шолу.

Ү. Бекіту.  242.-тапсырма. 20 бет. Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойындар. Таблица бойынша сөйлем мүшесінің міндетін анықтандар.

  1. 243 *-тапсырма. 21 бет. Дұрыс па? Бұрыс па?Үй жұмысы. 244 тапсырма. 21 бет. Жазбаша. 245 – тапсырма 21 бет. Мақал –мәтелдердің мағынасы нені білдіреді?

Дереккөз: Sabaqtar.kz


ПІКІР ҚАЛДЫРУ