Химиядан тест сұрақтары жауабымен

0
35887

Ұстаздар мен оқушыларға көмек ретінде  тест тапсырмаларын жауабымен ұсынып отырмыз. Тапсырманы оңай әрі тез шешуге мүмкіндік береді. 

1.    Сулы ерітіндіде диссоцияцияланған кезде анион ретінде тек қана гидроксид иондарын бөліп шығаратын күрделі затты не дейміз?
А) негіздер
Б) қышқылдар
В) тұздар
Г) орта тұздар

2.    І А топша элементіне төмендегілерден қайсысы жатады?
А) магний
Б) бор
В) натрий
Г) хлор

3.    Глюкозаның формуласын көрсет.
А) С6Н10О5
Б) С6Н12О6
В) С2Н5ОН
Г) С2Н4

4.    Көмірсулар нешеге бөлінеді?
А) 3-ке
Б) 4-ке
В) 2-ге
Г) 5-ке

5.    Адам қанының құрамында 0,1% болатын және жеміс-жидектерде болатын зат?
А) дисахаридтер
Б) фруктоза
В) сахароза
Г) глюкоза

6.    Өсімдіктердің тамырларында, жапырақтарында, тұқымдарында болатын зат?
А) Фруктоза
Б) Крахмал
В) Сахароза
Г) Глюкоза

7.    Периттің формуласын көрсет?
А) С2Н2
Б) FeS2
В) Ca3(PO4)2
Г) C6H6

8.    Өте қарама-қарсы атомдар кездессе немесе катиондар мен аниондар арасындағы байланыс қандай байланыс?
А) Ковалентті  байланыс
Б) Полярлы байланыс
В) Полярсыз байланыс
Г) Иондық байланыс

9.    Қоршаған орта әсерінен металдардың бұзылуын не дейміз?
А) Ион алмасу
Б) Карозия
В) тотықсыздандыру
Г) дұрысы жоқ

10.    Калцийдің молекулалық массасы қанша?
А) 40 г
Б) 23 г
В) 65 г
Г) 30 г

11.     Алкандардың жалпы фомуласы қандай?
А) CnH2n
Б) CnH2n — 2
В) CnH2n + 2
Г) дұрысы жоқ

12.     С2Н5 – ОН  қандай спирттің формуласы?
А) Этил спирті
Б) Метил спирті
В) пропил спирті
Г) бутил спирті

13.     СН3СООН ненің қышқылы?
А) Сірке қышқылы
Б) Құмырсқа қышқылы
В) Карбон қышқылы
Г) Күкірт қышқылы

14.     Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектердің туындыларын не дейміз?
А) Алкандар
Б) Карбондар
В) Спирттер
Г) Глюкоза

15.     Төмендегілерден қай қатар қара металдарға жатыды?
А) мыс, алюминий, темір, болат
Б) темір, күміс, мыс, шойын
В) алтын, күміс, мыс
Г) темір, шойын, болат

16.     Натрий мен калий силикатының артық мөлшердегі кремнеземмен аморфты мөлдір құймасы қандай зат?
А) цемент
Б) шыны
В) кірпіш
Г) шойын

17.     СаСО3 қандай зат?
А) құм
Б) сода
В) әктас
Г) шыны

18.     С7Н15СООН ненің формуласы?
А) гептанон
Б) октанон
В) деканон
Г) бутанон

19.     Бір-бірінен СН2 тобы арқылы ерекшеленетін қатарды не дейміз?
А) гамологты қатар
Б) радикалдар
В) изомерлер
Г) фенолдар

20.     Фосфордың молекулалық массасы қанша?
А) 45 г
Б) 31г
В) 35г
Г) 40г

21.     Ортофосфор қышқылының формуласын көрсет.
А) 2Н3РО4
Б) 2НРО3
В) Н4Р2О7
Г) Н2РО4

22.     Галогендерге қандай элементтер жатады?
А) фтор, хлор, бром, йод, астат
Б) натрий, калий, вор, йод
В) магний, кальций, күміс
Г) натрий, хлор, оттек, азот

23.     Магний қай топша элементі?
А) ІА топша
Б) ІІА топша
В) ІІВ топша
Г) ІІІА топша

24.     Химиялық байланыстың неше түрі бар?
А) 4
Б) 5
В) 3
Г) 2

25.     Периодтық кестеде неше период, неше топ және неше қатар?
А) 8 период, 7 топ, 11 қатар
Б) 10 период, 8 топ, 9 қатар
В) 7 период, 10 топ, 10 қатар
Г) 7 период, 8 топ, 10 қатар

26.    Ковалентті байланыс нешеге бөлінеді?
А) 3-ке
Б) 4-ке
В) 5-ке
Г) 2-ге

27.    Электр тогын ең жақсы өткізетін металл?
А) күміс
Б) мыс
В) темір
Г) калий

28.     Алюминий қай топша элементі?
А) ІА
Б) ІІА
В) ІІІА
Г) ІІВ

29.     Галогендер қай топша элементтері?
А) YА топша
Б) YIА топша
В) YIIА топша
Г) IYА топша

30.     Ацетилен формуласын көрсет?
А) С2Н4
Б) С6Н6
В) С6Н12
Г) С2Н2

    Жауаптары:

1. А
2. В
3. Б
4. А
5. Г
6. Б
7. Б
8. Г
9. Б
10. А
11. В
12. А
13. А
14. В
15. Г
16. Б
17. В
18. Б
19. А
20. Б
21. А
22. А
23. Б
24. В
25. Г
26. Г
27. А
28. В
29. В
30. Г

Химия пәнінен басқа да тест жиынтығын қарап көріңіз.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ