Қазақ тілінен орыс сыныбына арналған тест сұрақтары (ІІІ нұсқа)

1
10954

1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А)  Зор, үлкен.
В) Бай, кедей.
С) Пайдалы, зиян.
D) Туған, қайтыс болған.
Е) Кең, тар.

2. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
A)  Наным.
В) Жаға.
С) Отбасы.
Б) Көкжиек.
Е) Бастық.

3. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) Ң, Р, Л, М…
В) С, У, Ш, Ң…
C) K, Л, М, Н…
D) И, Ң, В, Г…
Е) Р, Л, М, И…

4. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Марал, қант.
В) Өрт, ас.
C)  Бұғы, ұлт.
D) Жоқ, от.
Е) Арқа, көңілге.

5. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала.
B) Менің әжем.
С) Алты адам.
D) Әдемі қыз.
Е) Жеті қыз.

6. Пысықтауышты табыңыз.
«Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 29 жылдығын тойлады.
А) Тойлады
В) Қазақстан
C) Тәуелсіздігінің
D) Биыл
E) 29 жылдығын

7. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?
A)  1995 ж.
В) 1998 ж.
С) 2001 ж.
D) 2003 ж.
Е) 1994ж.

8. Мақалды толықтырыңыз: «Отанс… — ормансыз бұлбұл»
А) аспан.
B) ер
С)  адам.
D) жер.
Е) ел.

9. Әбілхан Қастеев кім екенін анықтаңыз.
А) Ғалым.
B)  Суретші.
С) Қоғам қайраткері.
D) Жазушы.
Е) Ақын

10. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А)  Туылу, дүниеге келу.
В) Терең, саяз.
C) Жүрек, сезім.
D) Ортаншы, кіші.
Е) Таразы, тартылу.

11. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жіңішке дауысты.
В) Езулік дауысты.
С) Сөздің кез келген буынын талғамайды.
D)  Ашық дауысты,
Е) Қысаң дауысты.

12. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте.
В) Мемлекеті,
C)  Мемлекеттік.
D) Мемлекеттің.
Е) Мемлекетім.

13. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір.
B)  Ешкім, ешқайсысы.
C) Бірдеме, біреу.
D) Өзің, өздері.
Е) Түгел, тегіс.

14. Қалау райда тұрған сөзді табыңыз.
А)  Айтқым келеді.
В) Айтуға болады.
С) Айтқан.
D) Айтса.
Е) Айтып отыр.

15. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A) Далада қар бар.
B)  Бұлар қыста келіп кеткен.
С) Бостандық өздігімен келмейді.
D) Ауыл жастар мұндай затқа қызықпайды.
Е) Олар Абаймен көп ақылдасты.

16. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен әлі отырмын.
В)  Көктем.
С) Мен ояумын.
D) Таң атып келеді.
E) Айнала жап — жасыл екен

17. Б. Момышұлы кім екенін көрсетіңіз.
А) Сазгер.
B) Суретші.
C)  Жауынгер — жазушы.
D) Әнші.
Е) Қайраткер.

18. Қазақтың ұш жүзінің басын қосқан ханды анықтаңыз.
А) Кенесары хан.
В) Әбілхайыр хан.
С) Қасым хан.
D)  Абылай хан.
Е) Тәуекел хан.

19. Мектепті бітіргенде оқушы қандай білім алатынын анықтаңыз.
А) Кәсіби білім.
В) Арнайы орта.
С) Жоғары білім.
D)  Орта білім.
E) Бастауыш білім.

20. «Білім кілті — тіл» дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
A) Знание — сила
В) 3нание ключ к языку.
С) Язык и знания сила
D)  язык ключ к знаниям
E) Люби и береги свой язык.

21. ЕсептІк сан есімді табыңыз.
A) Төртінші.
B) Сегізінші.
С)  Он.
D) Үш — үштен.
Е) Алтау.

22. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Ой.
В) Мүмкін.
С) Әкем.
D) Сары.
E) Тоғыз.

23. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А)  Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкендерді араладық.
В) Мен барғанша, ол кетіп қалды.
С) Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
D) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.
Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

24. Одағай қандай сезімді білдіреді, анықтаңыз. Бәрекелді, әжем базарлық әкелді!
А) Бұйыру.
В) Жекіру.
С) Шақыру.
D)  Көңіл — күй.
Е) Қайталау.

25. Қазақстанмен шектескен мемлекеттерді көрсетіңіз.
А) Әзірбайжан, Ресей, Литва, Иран, Ауғанстан
B)  Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
С) Түркіменстан, Әзірбайжан, Иран, Ауғанстан.
D) Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан.
Е) Қытай, Ресей, Ирак, Ауғанстан.

Жауаптары:

1 а
2 а
3 а
4 с
5 д
6  д
7  а
8 с
9 в
10 а
11 д
12 с
13 в
14 а
15 в
16 в
17 с
18 д
19 д
20 д
21с
22 в
23 а
24 д
25 в


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ