Біз бақытты бүлдіршін

0
1252
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Біз бақытты бүлдіршін

Мақсаты:

«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата — аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 — маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп — сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Балалар, 1 — маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Міне, біздің «Күншуақ» тобында да, осы балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты бүлдіршін» атты мерекелік шараға хош келдіңіздер!.
Балалар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді бөбекжай бақшасының меңгерушісіне сөз кезегін береміз.

Тәрбеиеші:: Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Күншуақ тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз Алихан:
Жас дәурен бөбекжайда бүгін той!

Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.

Алтын:

Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
Ерсұлтан:
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша
Айзере:
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

Мархаббат:

Басты қоссақ бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізгесыйлаймыз. Дінмұхамед:

Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз, данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз.

Әдемі:

Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.

Даниэль:

Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз

Аяулым:

Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Нұржігіт:

Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.

Інжу:

Жақсылыққа бағытқа

Болмасын еш тосқауыл

Бала біткен дос бауыр

Болмасын еш тосқауыл.

Жігер:

Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз

Біз талантты жас ұлан

Үлгі аламыз жас ұлан

Жасмина:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

Қалтамызға салайық

Ән: Сұр қоян Бақтығали Исмайл

Жаһангер:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп танымыз

Райан:

Бала бала баламыз

Қане қайсы алақан

Саусақтарын әйбәт

Былай былай ойнап

Ән: Қошақан Бақтығали Исмайл

Мадияр:

Әріптерді жазамыз

Суреттерді саламыз

Бәрін күтіп ұстаймыз

Тәртіптіміз тазамыз

Гүлсезім:

Апайларды сыйлаймыз

Бөлмелерді жинаймыз

Кешке уйге қайткенмен

Тобымызды қимаймыз

Ән: Қыздар тобының орындауында «Апам үшін күнде де»

Азамат:

Сәнденіп даламыз

Сәулетті қаламыз

Сәулеңмен құлпырды

Сәлем кун анамыз

Ән:Мысық орындайтын: Сансызбай Гүлсезім

Ойынымыздың аты «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға 2 бала қатысады.

Тәрбеиеші:: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де епті екенсіңдер.
Тәрбеиеші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Жарайсыңдар балалар. Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық мерекесі.

Тәрбеиеші:: Құрметті қонақтар, келесі кезек тағы әсем әнге беріледі. Балабақшамыздың өнерлі бүлдіршіндеріміздің Шабандоз биін қабыл алыңыздар.
Тәрбеиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз бақытты бүлдіршін» атты мерекелік іс — шарамыз аяқталды.

Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің Көріп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет! Келесі кездескенше арайланып күн шуағын шашсың!

Есмуханова Анаргуль Жумабаевна
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай селосы
Жасдәурен бөбекжай-бақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ