Тақырыбы: Біз мектепке барамыз
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала
отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
(Фонограмманың жазылуы дыбысталады)
(Музыка ойналып тұрады. )
Дауыс:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Құрметті қонақтар ата-аналар!Балаларды тәрбиелеу және оқыту мен қамтамасыз ету жөніндегі2018-2019 жылдарға арналған!”Біз өмірдің гүліміз”бағдарламаасын жүзеге асыру аясында мектеп алды даярлық сыныбының қоштасу кешіне Алімхан.Ермеков атындағы ЖОББ мектеп базасындағы тірек мектебінің мектеп алды даярлық тобының түлектері “Бақытты балалық шақ”ұшағымен келіп қонады.Кеш барысында қол телефондарыңызды өшіріп,әр сөздерін мұқият тындап,өнерлеріне тамсанып,қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!Кешімізге қош келдіңіздер!
1жүргізуші:
— — Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!»атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2жүргізуші:Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық
Балалар хор:
Үлкендерге сіз
Кішілерге сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
1жүргізуші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойлары
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
2жүргізуші:
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
1жүргізуші: Балалар біз қай елде тұрамыз?
«Біздің Қазақстан», «Отан» .
— Қандай ауылда, кентте тұрасындар ?(Ақадыр кенті)
— Қай мектепте оқисыңдар,Мектептерін кімнің атымен аталады?(Әлімхан Ермеков атындағы мектепте)
-Қай сыныпта оқисыңдар?(даярлық сыныбында)
Ендеше, балалар Отанымыз Қазақстан, анамыз,ұстазымыз,мектебіміз жайлы не білетіңімізді ортаға салайық .
Қазақстан,Отан
Ана
Ұстаз
Мектеп жайлы тақпақтарын,хорларын айтады.
Есік қағылып , көгершіндер кіреді.
Хор:»Біз мектепке барамыз»
Есік қағып көгершін кіреді.
2жүргізуші:
Балалар қарандаршы бізге қонақ келді.Бұл көгершін құсы.Бізге өзімен бірге хат әкеліпті.Хатта не жазылған екен оқып көрейік.
— Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма Сауат ашу сабағынан
1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?(2-ге,дауысты дауыссыз)
2.Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?(қызыл)
3.Дауыссыз дыбыстар ше?(көк)
4.Мына сөздерді оқып береміз?(Айша,Айна,Ана,маса)
5.Сөздерді буынға бөліп оқы?(Бо-та, қа-ла, да-ла, ша-на.)
ІІ тапсырма Математика сабағынан.
1. 1ден-20ға дейін санап,кері санаймыз?
2.Геометриялық фигураларды атап айтамыз?
3.Сандардың көршісін тап?
Би: Құстар
Жүргізуші:
Шаттыққа толы жанары
Сыйлайды нені кім білсін
Мектепке кетіп барады
Талабы таудай бүлдіршін.
Балалардың қадамы құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын
Ән: Қайрулла Іңкәр « Ақ мамам» әнімен
Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Гүлдер»
Ұлдарымыз өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты:Төрт-төрттен ұлдар бөлінеміз, Геометриялық фигуралар бар осы фигуралар арқылы үшбұрыш және шеңбер құрастырамыз
Ұлдарымыз өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді
Ән:Тұлпарым
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- деп ортаға Микки маус биімен қыздарды ортаға шақырайық.
Би:Микки маус
«Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық
- Мектепке біз барамыз ба?
- Кілең бестік аламыз ба?
- Айтқан тілді аламыз ба?
- Ақылды бала боламыз ба?
- Нан жеймін деп жылаймыз ба?
- Ертеңгісін тұрамыз ба?
- Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
- Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
- Екі алғанда жылаймыз ба?
- Оқушы біз боламыз ба?
Жүргізуші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
- Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
- Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
- Тамағын уақытылы бересіз бе?
- Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
- Сериал көріп жатасыз ба?
- Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
- Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
- Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
- Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
- Бала үшін асулардан асасыз ба?
Би:Вальс
«Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқу, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық.
Сөздің кезегі бастауыштың оқу ісінің меңгерушісі Тлеужанова Гүлім Сапарқызына беріледі.
2жүргізуші:
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
( Балалардың мадақтамаларын тапсыру)
Хор:Даярлықпен қоштасу
1жүргізуші:
— Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.
(Фонограмманың жазылуы дыбысталады)
Дауыс:міне,біздің кешіміз аяқталды.Біз сіздерге қызықты кезендерін көрсете алдық.Біздің тілеріміз сіздерге бақыт,шаттық,береке,мереке.
Назым Ербаева
Басқа материалдар