Мерекелі,берекелі Алтын күз! (балабақшаға арналған ертеңгілік)

0
8109
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: Мерекелі,берекелі Алтын күз!

Мақсаты:Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.Оқушылардың күз байлықтары:астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту

1-жүргізуші.

Уа,халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

2-жургізуші:

Армысың сары алтындай Алтын күзім

Күн нұрын төккендей болып жапырағың,

Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне

Алтын күз деп өзіңе айдар тағып

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар бүгінгі берекелі, мерекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастайық.

2-жүргізуші:

Иә,міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі»Алтын күз»мерекесі де келіп жетті.

1-жургізуші:

Бұл мереке мектетеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі.Күзде жеміс-жидектер пісіп,алтын астық қамбаға құйылатын,төлдер өсіп санаққа қосылатың кезең.

2-жүргізуші:

Күз-береке,сән-салтанат мереке айы,жиын-терім аяқталған кезде Еңбекшілер Сабан тойын өткізсе мектепте Алтын куз мерекесі меркеленіледі.

1-жүргізуші:

Балалар,бүгін барлығымыз куз мерекесіне жиналдық.Қонақтарда келді.Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар:Ол күз.

2-жүргізуші:

Ендеше күзді ортаға шақырайық.Берекелі алтын күз,мерекелі алтын күз.

Күз:Салеметсіңдер ме балалар?

Балалар:Салеметсіз бе,Алтын күз!

Күз:Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынга малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар,құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер!Мен мерекеге кешігіп калдым ба?

Балалар:Жоқ

Балалар сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды барі

Шықса жасыл

Түссе-сары.Бұл не?Дұрыс таптындар,жарайсыңдар!

1-жүргізуші:

Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлен,тақпақтар біледі.Сіз жайланып отырып,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Жайдары күз ,жарқын күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз. Азат

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді. Іңкәр

Кун шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ. Сағади

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз. Нұрай

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардакты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйынды. Сайда

1-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан шашу тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Алтын кузім құтты болсын ағайын.

2-жургізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып,арайың.

Жанға шуақ,бойға қуат әкелген.

Алтын күзің құтты болсын ағайын.

Ән:

1-жүргізуші:

Құрметті жамағат Жақсы сөз-жарым ырыс!-деп дана қазақ айтқандай,жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Алтын күзге деген құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан оқу ісінің меңгерушісі Тлеужанова Гүлім Саппаровнаға сөз беріледі.

2-жүргізуші:

Шешендік еліміздің данасы,

Ән мен күй қаламыздың ағасы.

Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,

Өнерін көрсетпейді деп айта алиайсың-дей келе ортага биші кыздарымызбен ұлдарымызды ортаға шақырайық.Би:Қырмандағы еңбек.

2-жүргізуші:

Ән салса әңшілерім таң қаларсың,

Әр сөзін 99 рет қайталарсың

Соңдай ән туғызған қазағымды,

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.

Ән:

Ойын:Кәне, ата-аналар осындай молшылық күз айында бір ойын ойнайық.Ойын аты «Кім жылдам?»

1-жүргізуші:

Күзгі дастарханға кезек берейік.Қолдарынан бал тамган тарбиеленушілеріміздің өнерін тамашалап,дәмін татайық.

Күзгі жеміс- жидектен

Жасаған тамақ тұр міне

Мұрныңды жара есіктен

Неткен дәмді тағам ең!Ортада көкөністерден, жеміс-жидектерден жасалган тағамдар акелінсің.

Би:Мектепалды даярлық тобы

Хор

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,ата-аналар осымен «Алтын күз»мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі кездескенше.

Назым Ербаева

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ