Біз намыстан жаралған ұлтпыз!

0
3223

Тәуелсіз елдің ұланымын,

\r\n

Асыр салып ойнайтын.

\r\n

Мен елімнің қыранымын,

\r\n

Қызығына тоймайтын.

\r\n         Тәуелсіз, еркін, азат жан өз діттегеніне жетуге әрекет етіп, болашағын жарқын қылуға тырмысып, күш салатыны хақ. Тәуелсіздік, егемендік алған еліміз де дәл солай.Көк байрағымызды желбіретіп, дербес мемлекет екенімізді айқындаған жылдан бастап Қазақстан да нық сенімді қадамдар жасай бастады. Тұңғыш Президентіміздің сындарлы саясатының негізінде барлық салада тың бастамалар жасағаны белгілі.\r\n\r\n         Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы — дамыған, көп елдерге танымал, қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай  еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді аса мақтаныш етемін.\r\n\r\n         Кез келген елді дамытушы негізгі күш – жастар. Елдің тірегі жастар екенін Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде:\r\n\r\n            Арыстандай айбатты,\r\n\r\n            Жолбарыстай қайртты –\r\n\r\n            Қырандай күшті қанатты.\r\n\r\n            Мен жастарға сенемін! – деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Еліміздің Президенті «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады»  — деген. Бойында күш-жігері, кеудесінде қуаты тасыған, егемен еліміздің еңселі байрағын ұшы-қиыры жоқ көгімде нық көтеруге ұмтылған, қырандап қарыштаған жастарды тәрбиелеуге менің елімде барлық жағдайлар жасалған. Балалардың дүниеге келгенінен бастап бақытты балалық шақ кешуге, тегін білім алуына жағдай жасап отырған мемлекетіміз не деген қамқор, не деген мейірімді. Тек ерінбей еңбектеніп, талмай ізденіп, аяулы ұстаздардың жалықпай үйреткен білімін жүрекке сіңіру ғана біздің борыш.\r\n\r\n         Еліміз егемендігін алып, етек жеңіміз түріліп, өзге елмен тереземіз теңескенде, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ең алдымен жастардың біліміне  зор көңіл бөлді. Ол бекер емес еді…  «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — бұл қағида ата-бабамыздан мұра болып қалған асыл сөз. Осынау қанатты сөздерді ұран еткен елбасы, 1993 жылдың өзінде қазақ жастарының білім алып, қанатын қатайту үшін шет елге шығып, білімдерін толықтыруға жол ашты. Әрине, 90-шы жылдары еліміз қаншама қиын қыстау сәттерді басынан кешкені бүкіл қазақ ұлты үшін ақиқат. Бірақ, сол қиыншылықтарға қарамастан елбасымыз – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Болашақ» халықаралық бағдарламасының іргетасын қалады. «Болашақ» халықаралық стипендиясы дүние жүзінде баламасы жоқ әлеуметтік-мәдени жоба болып табылады. Шет ел асып, білімдерін толықтырған ел жастары бүгінде Қазақстанның гүлденуіне үлестерін қосуда. Мен де болашақта өз еліме өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.Тәуелсіз елімде білім алуыма жан-жақты жағдай жасап қойған.\r\n\r\n         Президентіміздің Қазақстан жастарын басқа мемлекеттердің жастарынан білім, интеллект, т.б.  жағынан кейін қалдырмай, әлемдік кеңістікте биіктен көргісі келіп, көреген саясаты арқасында дүниеге келген Назарбаев  зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті ұландар, жастар үшін үлкен бақыт, мол мүмкіншілік, атаулы оқиға болды. Бұл мектептер  біздерге тың күш-серпін сыйлап, алға жетелейді. Қабілеті бар ұландар талпынып, білім жолында күш сынасады. 2009 жылдан бастап іргетасы қаланған Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларға қояр талаптары мүлде бөлек. Еліміздің әр өңірінде бой көтеріп жатқан зияткерлік мектептер «болам деген баланың белін бууға» әзір.\r\n\r\nНазарбаев зияткерлік мектебінде оқу менің де арманым болатын. Биылғы конкурста бағымды сынап көрдім. Осы арманыма қол жеткізуге мүмкіндігім болды. Мұндай жетістікке жетуіне анам мен ұстаздарымның берген тәлімі сеп болды. Ал олардың үмітін ақтау – менің парызым. Болашақта медицина бойынша ғалым болуды армандаймын. Мұндай абыройға қол жеткізу әрбір жеткіншектің арманы екені анық. Дегенмен, бұл үшін тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбек керек.\r\n\r\nБүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.«Рес­ми мәлімет бойынша ин­дуст­риясы дамыған елдердің өзін­де 15 жасқа дейінгі 2,5 млн. ба­ла жұмысқа жегілген» деген ақ­парат кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Сөзім дәйекті бо­лу үшін материалдан сөзбе-сөз үзінділер келтіре кетейін: «Бангладеште балалар таң­ғы сағат 5-тен бастап базарға ағы­лады» екен. Крокон есім­ді бүлдіршінге әрқайсысы 10-20 келі тартатын балық са­лын­ған қораптарды көтерме ба­зардан бөлшек базарға та­су міндеттелген. Сол еңбегі үшін қаршадай бала 0,01484 дол­лар (біздің ақшамен 2-3теңге бо­лар) табыс табады екен. Мөл­шер­мен күндік азығын айыру үшін Крокон күніне осындай қо­рап­тың 12-сін тасуға мәжбүр. Қытайда мектеп жа­сын­дағы балалар шахта ең­бе­гі­не мәжбүрленіп барады. 14 сағат тоқтаусыз еңбек етіп күніне бір рет болар-бол­мас тамақтанып отырған. Қо­жа­йындары соққыға жығып,  ауы­рып   жұмысқа  шамасы жет­пеген сәбилерді тірідей кө­міп тастағаны анықталған. Ал, қашуға тырысқандардың аяқ­та­рын сындырып, арқаларын ыс­тық кірпішке күйдірген. Ал, кейбір балалар ұзақ уақыт жуын­бағандықтан тері ауруына ұшы­раған. Ауғанстанда орташа өмір жа­сы 40 жыл. Бүлдіршіндердің 26 пайызы 5 жасқа толмай қыр­шынынан қиылады екен. Ел­дің 70 пайызға жуығы аштық құр­сауында, ал 13 пайызы ауыз­ су­сыз отыр. Бізге іргелес Өзбек елінде де тұрмыс төмен. Мектеп жа­сын­дағы жеткіншектер    қара жұ­мысқа жалданып ақша та­бу­дың көзін іздейді. Осындай адам жаны түршігетін мә­лі­мет­терді оқи отыра, мемлекетіміздегі бей­біт те бақытты балалық ша­ғымызды қамтамасыз етіп отыр­ған Елбасымызға, ол кі­сі­ге көмектесіп, жұмысына жәр­дем беріп жүрген Үкімет ба­сында отырған ағалар мен апай­ларға барша Қазақстанның бүл­діршіндері атынан сәбилік жү­рек­жарды алғысымды білдіргім ке­леді.\r\n\r\nXXI ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз — өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Тәуелсіздік — біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз. Осы бақыт үшін баршамыз тәубе дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қанымызды  аямай жұмсаймыз. Сүйікті Отанымыз-  Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін!\r\n\r\nАдам өмір бойына үйренеді, ұдайы жетіледі. Әрдайым өзін-өзі қамшылау, білімдіден үйрену, білгеніңді үйрету, сол арқылы қоғамды алға сүйреу – жаңа ойлы тәуелсіз ел жастарының айрықша қасиеті болуға тиіс. “Қазақ­стан­ның әлемдегі бәсекеге барынша қабі­летті елу елдің қатарына кіру стра­тегиясы” – ұлт болып, Елбасы болып, өзін-өзі қам­шы­лаудың айрықша көрінісі. Елбасымыз бір сөзінде былай деген болатын: «ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман». Бәсекеге қабілетті болу үшін – адам факторы алғы межеге шығады. Ол адам бәсекеге қабі­летті, білімді болуы керек. Қазіргі таңда республика жастары мен жас балдырғандарының толыққанды білім алып, ғылыммен, өнермен басқа да сан салалы істермен айналысып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруларына көптеген жағдайлар жасалынып жатыр. Мектеп партасында отырған жас ұландардың тек 45 минут көлеміндегі сабақпен шектеліп қана қоймай, өзін-өзі дамытып, сан қырынан сынауға мүмкіншілігі бар. «Жас ұлан» ұйымдарындағы оқушылардың өздері басшылық жасап, әр істі өз фантазияларымен ұйымдастырып, сәтті жүзеге асыра білулері де – жаңаша көзқарастың көрінісі, болашақ шебер мамандардың, еңбек адамының қалыптасуы.Кекіл шашын тәуелсіздіктің ерке самалына еркелей тараған балауса балғындардың қоғамдық істерге ат салысып, ел мүддесіне мектеп қабырғасынан қызмет етуі – арлы да жігерлі, қолынан іс келетін, уақыттың алға тартқан талаптарынан шыға алатын ел патриоттарының тәрбиеленуінің көрінісі.\r\n\r\nУақыт – жинақтауға, көбейтуге, кері қайтаруға көнбейтін құдірет. Дүниеде уақытты жеңе білген адам жоқ. Уақытпен ұстаса білген адамдар ғана ұтады. Алмас тасындай жарқылдаған Қазақ елінің уақытпен алыса жүруі – қайтпас қайсар, намысты да жүректі бабалар ерлігінің көрінісі, даналарымыздың келешекке аманаты, егеменді ел ұланының болашақтағы парызы.\r\n\r\nБіз — намыстан жаралған, қаһарман халықтың ұрпақтарымыз! Біз – «қазақ деген мал баққан, ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің, дәм-тұзын ақтай білген, достықты сақтай білген, ел іргесін жау шаппасын деп найзаға үкі таққан» елдің ұландарымыз! «Тірліктен де бірлікті артық қойған» «жүрегінде жалын бар, көздерінде от ойнар» жаңашыл жастармыз! Біз – еліміздің «намысы», үкілеген үміті, жайдары да сенімді болашағымыз!\r\n\r\nОтанымызға қалтқысыз қызмет етіп, оның көркеюі мен дамуы үшін аянбай еңбек ету- біздің борышымыз. Осы мақсат жолында ойлаған армандарымыздың орындалып, жер бетінде еркін өмір сүруіміз үшін терең білім мен сапалы тәрбие қажет деп ойлаймын.\r\n\r\nБүгінгі таңда әлемнің түкпір-түкпірінен алаңсыз білім жинауымыз үшін барлық жағдай жасалған. Дана Абай атамыз айтқандай, «Дүниеге кірпіш болып, тетігін тауып қаланатын» кездеріміз де күні ертең-ақ. Болашақта біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың бүгінгіден де көркейіп, қуатты мемлекет болуы мына біздің, тәуелсіз елдің ұланының қолында. Еліміздің ертеңіне үміт артар Ұландар — біздерміз. Сондықтан да бүгіннен бастап қажыр-қайратымызды заман талабына сай жан-жақты білім алуға жұмсауымыз керек. Сонымен қатар ата-анамыздың сенімін ақтау, ізгіліктің ұлағатын сеуіп жүрген ұстаздарымыздың еңбегін бағалау басты парыздарымыз болуы шарт. Сонда ғана біздер тәуелсіз республикамыздың тұғырлы болуына өз үлестерімізді қоса аламыз. Әлбетте, оқу инемен құдық қазғандай. Білім жолында шаршамаған жандар ғана мұратына жететінін білемін.\r\n\r\nЕл ертеңі, ұлт болашағы біз- бүгінгі күннің жастары. Сондықтан, елімнің патриоты ретінде Қазақстананың жарқын болашағы мен ата-бабаларымыз аманат еткен елдің дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, аз да болса үлесімді қосуға тырысамын, еліміздің болашағы жарқын болатынына сенемін!\r\n\r\nАта-бабамның қажыр- қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылым тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымызға жігер жинап, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын болсақ, әлемде Қазақ елінен мықты ел болмақ емес!\r\n\r\n \r\n\r\nДжанзакова Аружан\r\n\r\nАлматы қаласы,Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ