Мектеп оқушыларының сабақтағы ынтасын арттыру жөнінде 50 кеңес

0
2102
Ұстаздық еткен жалықпас

Portrait of happy classmates at workplace studying globe in classroom
Portrait of happy classmates at workplace studying globe in classroom
\r\n\r\nАта-аналар мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын қалай арттыруына болады:\r\n\r\n1. Балаңызбен мектеп және білім алу қаншалықты маңызды екені туралы сөйлесіңіз. Бұл өте маңызды.\r\n\r\n2. Балаңыздан күнде мектептегі әр күні қалай өткенін сұрап отырыңыз. Ол сізге бәрін егжей-тегжейлі айтып беретініне көз жеткізіңіз.\r\n\r\n3. Балаңызға мұғалімдері үй тапсырмасын бере ме немесе сыныпта өзі жасауы тиіс қандай да бір жоба тапсыра ма – соны біліңіз.\r\n\r\n4. Балаңыздың үйде орындайтын ешқандай тапсырмасы болмаса, сабақтарын пысықтап, қайта қарап шығуға кем дегенде 30 минут жұмсауын қадағалаңыз. \r\n\r\n5. Балаңыз үйде қол жеткізген жетістіктерінің қандай да бір сипаттары туралы оқып, онымен сөйлесіңіз. Қажет болса, оның әлдеқандай әрекеттеріне шектеу қойып, не жаман қылықтары турасында бірдеме істеңіз. \r\n\r\n6. Оң әрекеттерді мақтап отырыңыз. Баланың жаман қылықтарына, не теріс мінезіне ғана назар аударып, шүйліге берудің қажеті жоқ.\r\n\r\n7. Балаңыз қандай да бір тест не емтиханды нашар тапсырса да, оған қолдау көрсетіңіз.\r\n\r\n8. Балаңыз оқудан қиналып жүрсе, оған мұғалімнің, үйге келіп оқытатын репетитордың көмегі қажет.\r\n\r\n9. Балаңыз оқудан қиналып жүрсе, оған көмектесетін балама не басқа бір ақпарат көздері туралы мұғалімімен сөйлесіңіз.\r\n\r\n10. Ең бастысы – балаңыздың мектептегі үлгерімі мен іс-әрекеттерін қадағалап жүретін мұғалімдерімен үнемі үздіксіз байланыста болыңыз.\r\n\r\n11. Жасөспірім баланың алдына нақты мақсат қойыңыз: не нәрсеге қол жеткізгіміз, қандай білімдерді меңгергіміз келеді\r\n\r\n12. Қойылған мақсатты жүзеге асыру мерзімін (мен оны түзетемін, жаттаймын) анықтап, жариялаңыз.\r\n\r\n13. Мүмкіндігінше, оқытудың қолданбалы бағытын (оны білу маған не үшін керек, мен оны өмірде қалай қолданамын?) анықтаңыз.\r\n\r\n14. Балаңыздың бүкіл жұмыс (оқу) барысындағы іс-әрекетінің нәтижелерін нақты әрі уақытылы қадағалап отырыңыз.\r\n\r\n15. Мадақтау жүйесін жасаңыз (бүкіл отбасы алдында мақтау). Лайықты ісі үшін мақтаңыз – ынтасын арттырыңыз.\r\n\r\n16. Жасөспірім балаға оң қабақпен үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз. Жақсы сөз бен нақты кеңес сынап-мінеуге қарағанда жақсырақ.\r\n\r\n17. Мектепте жаңа білім меңгеруге деген оң ынта қалыптастырыңыз.\r\n\r\n18. Жасөспірім баланың негізгі іс-әрекеті – қарым-қатынас жасау, топтану болғандықтан, оқыту да қарым-қатынас жасау арқылы жүргізілуі тиіс. Баланың оң іс-әрекетін бағалап, пән туралы пікірін сұрап, пәнді онымен талқылаңыз.\r\n\r\n19. Балаңыздың оқу үлгерімін сыныбындағы басқа балалардыкімен салыстырмаңыз, бұл оны ашуландыруы мүмкін.\r\n\r\n20. Балаңызды жақсы көріңіз.\r\n\r\n \r\n\r\nМұғалімдер мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын қалай арттыруына болады:\r\n\r\n1. Жартылай таңдау жасауға ерік беру.\r\n\r\n2. Қызығу және қуану мектеп оқушысының оқу процесіндегі негізгі көңіл-күйі болуы тиіс.\r\n\r\n3. Оқыту барысында балалардың қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен ұмтылыстарын ескеру керек.\r\n\r\n4. Оқытудағы ең мықты ынталандыру – «Қолыңнан келді!!!». Бұлайша ынталандыру болмаса, оқытуда мән де жоқ. Баланы өзіне не түсініксіз екенін аздан бастап түсінуге үйрету керек.  Бір үлкен тапсырманы бала өзі орындай алатын бірнеше кішкентай тапсырмаға бөліп тастау керек. Бала қандай да бір іс-әрекетте шеберлікке жетсе, оның ішкі ынтасы арта түседі.\r\n\r\n5. Баланың өз-өзіне, өз күшіне деген сенімінің артуы оның ішкі ынтасының күшеюіне ықпал етеді.\r\n\r\n6. Баланың жетістіктерін атап отырыңыз. Оның жетістіктерін бағалау оқытуды жалғастыруға көмектеседі. Мысалы, қол жеткізген табыстарының тізімі оның дербес болуына ықпал етуі мүмкін.\r\n\r\n7. Сәтсіздік үшін жазалаудың керегі жоқ, сәтсіздіктің өзі – жаза. Үрей мен қысылу оқыту процесін қиындата түседі. Сәтсіздіктер ынтаны азайтады.\r\n\r\n8. Мектеп оқушылары үшін мұғалім тұлғасының өзі маңызды (тіпті қызықсыз материалдың өзін сүйікті мұғалімі түсіндірсе – жақсырақ меңгеріледі).\r\n\r\n9. Оқу материалының мазмұнын қызықты етіп, дұрыс ұсына білу керек.\r\n\r\n10. Оқытудың әдістері мен тәсілдерін өзгертіп отыру қажет.\r\n\r\n11. Мүмкіндігінше сабақта әр оқушыға жиірек қарап, «кері» байланыс орнатып, түсінбегенін түсіндіріп, қате түсінгенін түзетіп отыруға тырысыңыз.\r\n\r\n12. Оқушыға бір жауабы үшін емес, бірнеше (сабақтың түрлі кезеңдерінде) жауабы үшін баға қойыңыз – сабақ бағасы түсінігін қайта енгізіңіз.\r\n\r\n13. Баланың танымдық қабілетіне негіз болатын қасиеттерін: реакциясының шапшаңдығы, жадының барлық түрлері, қиялдай білуі, т.б. үнемі әрі мақсатты түрде дамытып отырыңыз. Әр мұғалімнің басты міндеті – жай үйретіп қана қоймай, өз пәні арқылы баланың ойлау қасиетін жақсарту.\r\n\r\n14. Мүмкіндігінше, өз пәнінің тақырыптарын өзге пәндермен байланыстыра отырып, оқушының дүниетанымын кеңейтіп, білімін байытып отыруға тырысу керек.\r\n\r\n15. Қолда бар тәсілдердің бәрімен оқушылардың бойында оқуға деген қызығушылық тудыруға тырысыңыз – өзіңіз терең болыңыз, ақпаратты ұсыну әдістерін, өз пәніңізді қызықтырақ етіңіз.\r\n\r\n16. Ойын – қоршаған ортаға деген қызығушылықты күшейтетін қуатты құрал. Ойын кішкентай баланың ғана ісі сияқты көрінеді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, ойынмен ынталандыру орта мектеп оқушылары үшін әсіресе тиімді. Кішкентай балаларды басқару оңай, үлкеніректері – ересектеу әрі мақсатқа ұмтыла алады. Ал орта мектеп жасындағыларды әлдебір азарт, шабытпен игеру керек. Баланың түрлі жас ерекшеліктері түрлі ойындарды қажет етеді. Бұл – адам есейген сайын оның психикасында қалыптасатын жаңа түзілістермен байланысты. Жас балалардың ойыны желілі, орта кішкентай жастағылардың ойыны – командалық, үлкен орташа жастағылар әрбір әрекетімен тұлғасын танытады, ал жоғарғы сыныптағылар үшін бейтаныс бейнелерді, шындықтың қызықты да айрықша үлгілерін ойнатып, қалпына келтіру маңызды бола түседі. Әр жастағы бала ойыннан өзіне керегін табады, тұтастай алғанда ойын әрекеті адам тұлғасының, оның ойлауы мен білімдерінің қалыптасуына үлкен ықпал етеді. \r\n\r\n17. Оқушылардың бәрінің күші жететін тапсырмаларды орындау арқылы табысқа жету жағдайын туғызу, жаңа материалды бұрыннан бар білімдерге сүйене отырып үйрету.\r\n\r\n18. Сабақта бір-біріне сенім арту, серіктестік ахуалын орнату, мұғалімнің жарқын бейнесі арқылы жағымды көңіл-күй қалыптастыру.\r\n\r\n19. Өз әрекеттеріне, өзгелердің әрекетіне, әрекетінің нәтижелеріне баға беру, көп нұсқалы жауап талап ететін сұрақтар (мысалы, «Неге қиын болды?», «Сабақта қандай жаңа нәрсе білдің?», т.б.) арқылы рефлексияға жетелеу.\r\n\r\n20. Музыкалық фрагменттерді, ойын және жарыс элементтерін қолдану, әзіл-қалжыңға да орын беру арқылы сабақтың қызықты, ерекше болып басталуы.\r\n\r\n21. Топ болып жұмыс істеуді ұйымдастыру, ойын және жарыс элементтерін қолдану, бір-бірінің білімін тексерту, сұрақтың жауабын бірлесе отырып іздеу, «байқап, қателесіп көру» тәсілі, бір-біріне көмек көрсетуі арқылы оқушыларды ұжымдық әрекетке араластыру.\r\n\r\n22. Материал ұсынудың ерекше формасы.\r\n\r\n23. Мәселені ортақтасып отырып шешу, танымдық әңгіме жүргізу, пікір жарыстыру, пәндердің маңызды сипаттарын бөліп қарастыру, жіктеу, жалпылау, үлгілеу арқылы сабақта серіктестік орнату.\r\n\r\n24. Бағалау, ризашылық білдіру, сөзбен мадақтау, үздік жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру, мұғалім болмашы көмек көрсетуі, тапсырмаларды қиындату арқылы әрекет жасауға итермелеу, қамшылау.\r\n\r\n25. Оқушы ынтасының төмендігіне не себеп екенін анықтау: оқи алмайды ма әлде тәрбиесінде қате бар ма? Содан кейін мәселелі жақтарымен жұмыс істеп көру керек.\r\n\r\n26. Баланың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыру ісінде баламен байланыс орнату және сенімді ахуал қалыптастырудың маңызы зор.\r\n\r\n27. Алдыға ұмтылу, оптимизм ахуалын қалыптастыру және балалардың өз қабілеті мен мүмкіндіктеріне сенуіне жағдай жасау.\r\n\r\n28. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданыңыз.\r\n\r\n29. Ойын – оқушылардың жаңа үйренетін материалға және орындалатын жаттығулардың алуан түрлілігіне деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын ең күшті ынталандырушы фактор. Ойнау, атап айтқанда, рольге бөлініп ойнау, оқыту процесін белсенді етуге үлкен мүмкіндіктер ұсынады.\r\n\r\n30. Әр баланың тұлғасына құрметпен қараңыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ