«Біз театр ойнаймыз» тақырыбында баяндама

0
4064
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Мақсаты:
Театрландырылған  қойылымдар  арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Міндеттері:

Балаларды адамгершілікке баулу. Баланың қиялын, есте сақтауың шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әнгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру. Театрлық іс – әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту.

Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерің ескере отырып, өзің қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Іс-тәжрибенің болжамы:

— егер балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде ертегі қойылымдарын  әртүрлі әдіс- тәсілдермен қолдансақ,онда балалардың тілдері дамып,сөздік қорлары молая түседі.

Іс-тәжрибенің жаңалығы:

  • ертегі қойылымдарды әр түрлі бағыттарда (сахналық қойылым,ойын, сайыс түрінде, ата-аналармен  бірігіп жасаған жұмыста т.б) қолдану
    Іс-тәжрибе қайда талданды:

2018 жылы осы тақырып бойынша қалалық әдістемелік бірлестік күні,2019 жылы  №2 педогогикалық кеңесте.

«Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десең, ең алдымен бесігіңді түзе» —  деген ұлы жазушы Мұқтар Әуезовтың  сөзі тегін емес.

Ойын — баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, ал көркем және эстетикалық дағдыларын дамытуда  театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс — әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой — өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.

Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерде  өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып,  тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі баланың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.

Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан — жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады:

•Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
•Балаларды адамгершілікке баулу.
•Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру. Театрлық іс — әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту.

Жасыратыны жоқ , көптеген балдырғандар  бұл күндері ондай  ұлағаттардан мақұрым қалуда.Соның салдарынан балабақшаларға не қазақша, не орысша тәрбие алмаған балалардың келетіндігін айтпай кетуге болмайды.
Сол  олқылықтардың орнын толтыру балабақша педагогтарының үлесіне тиіп отыр.

Балалардың тілі, шығармашылық қабылеттері балабақшаларда ертегі қойылымдары негізінде   қалыптасады және  дамиды деп толығымен айта аламыз.Себебі  ертегілер  бізді өзінің кейіпкерлерімен  саяхатқа шақырады, олар қауіп-қатерлермен кездестіреді, адал достарының арқасында жеңіске жетеді, қиындықтан қорықпауға үйретеді.

-Ертегілер балаларды қуануға, біреудің қайғысына ортақтасуға үйретеді.

-Ертегілермен кездесуге балалар өте қуанышты, әрдайым асыға күтеді.

-Ертегі қойылымдары балалардан назар салу,  тез түсіне білу, бір кейіпке бағынып, оған ұқсап оның өмірімен өмір сүруді талап етеді.

Сондықтан да, сөздік шығармашылықпен бірге сахналанған көрініс балабақшаларда жиі кездесетін және танымал шығарманың бір түрі болып табылады.
Балабақшаларда  ертегі қойылымдары оқыту мен  тәрбиелеудің көптеген міндеттерін шешуге көмектеседі.

Денсаулық білім саласы бойынша:

— сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.

-негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.

-эстафеталық ойындар сайысын өткізуі ұйымдастырылады.
Қатынас білім саласы бойынша:

-ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.

— сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.

-кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.

Таным білім саласы бойынша:

-ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.

-ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.

-әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.

Шығармашылық білім саласы:

-жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен сурет салу арқылы бейнелеп көрсетеді.

-мүсіндеу арқылы ермексаздан, ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.

-музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.

Әлеуметтік білім саласы:

-ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді

-ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.

-айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ажыратады.

Балалар кейіпкерлермен бірге күледі,қайғырады,уайымдайды,сәтсіздіктеріне жылайды, оларға әрқашанда көмекке келуге дайын тұрады.

Балалар көбінесе адал, мейірімді кейіпкерлерге ұқсағысы келеді.Ертегі қойылымдарда балалардың атрибут, декорация дайындауға қатысуы талғамдарын  дамытады, тамаша сезімдерге тәрбиелейді.

Ертегі қойылымдары көптеген  проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, жасықтықтан, ұялшақтықтан, сенбеушіліктен арылудан жан-жақты дамытады.

Сондықтан  ертегі қойылымы барысында баланың сахнада   еркін  ойнап  беруі үшін педагог мыналарға міндетті:

Ертегі қойылымда  баланың шығармашылық    белсенділігін  дамыту үшін жағдай жасау. (орындаған шығармасын мадақтау)

-Театр мәдениетімен таныстыру (әртүрлі қуыршақ түрлерімен)

-Балалар мен ересектердің арасында бірлескен ертегі қойылымдарға жағдай туғызу.

Ертегі қойылымдарын ұйымдастырған кезде , міндетті түрде  баланың мінез-құлқы ескеріледі, және  қойылымға белгілі бір балалар ғана емес, кезектесіп  отырады.

Биыл  балабақшаның алдына қойылған  жылдық міндеттемеге сүйене келсек, тобымызда  бірқатар  іс-шаралар жүзеге асырылып, тақырыпқа сай  театр бұрышы толықтырылды.

Тобымызда  сахналау  элементттері көбінде көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу оқу қызметтерінде қолданылады.

Ал ашық оқу қызметтерінде және ертеңгіліктерде ертегі кейіпкерлерін балалардың өздері ойнап береді.

Қәзіргі кезде топта балаларымыз өз ойларынан ертегі ойлап шығарып, кейіпкерлерінің суретін салып, оны өз қолдарынан  әр түсті бояумен әрлендіріп  кітапшалар жасауда.

Ал балалар үшін  мұндай шығармашылық жұмыс  қаншама қуаныш тудыртады.
Ата-аналармен де тобымызда бірқатар бірлесіп жасап жатқан шығармашылық жұмыстарымыз да бар.

Тобымызда   ата-аналар арасында «Ертегі әлемі, өзі сондай  әдемі» атты ертегі кейіпкерлерінің көрмесі ұйымдастырылды.Онда әр ата-ана  отбасында балаларымен  ермексаздан, қима суреттерден ертегі кейіпкерлерін жасап, өз шығармашылықтарын көрсете білді.

Сонымен қатар «Театр отбасында» атты тақырыпта бірлескен жұмыс жасаудамыз.Онда  отбасы мүшелерінің қатысуымен ертегі қойылымын  отбасында  ұйымдастыру жұмысы көрсетіледі.

Күннің екінші жартысында, яғни бос уақыттарында балаларымыз ермексаздан өздерінің сүйікті кейіпкерлерін жасап, оны жандандырып бір-біріне ертегі қойылымдарын  көрсетіп, әңгімелеп береді.
Біз педагогтар осы балалардың бойындағы қасиеттерді сыртқа шығаруға көмек беруіміз керек.
Балабақшада алған осындай мәліметтер, олдардың  ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.
Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.

Қорыта айтқанда баланың өмірінде ертегі қойылымдарының алатын орны зор…..
Біздің балаларымыз ұлы әртістер болмаса да, бірінші қойылымдарын мәңгі  есте сақтайды, балалық кезде салынған ізгілік ізі міндетті түрде өз орнын табады деген ойдамыз.

                                             Қорытынды
Қорыта айтқанда ертегі қойылымдарды қолдану барысында төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік:
-сөздік қорлары жаңа сөэдермен молайды, дыбыстарды таза,дұрыс айтуға үйренді;
-өз ойын еркін жеткізуге дағдыланды;
-қоршаған орта туралы  түсінігі кеңейді;
-психологиялық процесстері дамыды (зейін, есте сақтау, қабылдау, қиялдау, ойлау)

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Әбілова З. «Театр-тәрбие ошағы», «Этнопедагогика».-Алматы, 2007
2. Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы., 2011
3. «Қазақтың ұлттық ойындары» Базарбек Төтенаев, Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы
Медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
 

 Тәрбиеші: Б. К. Жасимбекова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ