Біздің мектеп тақырыбындағы ашық сабақ

0
2675
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Пән: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Біздің мектеп

Мектеп: Талшық ОМ

Бөлім: Менің мектебім

Күні: Сабақ №: 9 Мұғалімнің аты-жөні: А.Б.Кажмуратова
Сынып: 2 «В» Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.2.1 Мектепте оқу және оқудан тыс әрекеттердің түрлерін, міндеттерін білу және түсіндіру

2.1.2.2 Мектеп қауымдастығы мүшелерінің құрылымын және міндеттерін зерттеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: оқулықтағы мәтіні және суреттерінен қажетті ақпаратты алады;

Оқушылардың басым бөлігі: мектептегі оқу және оқудан тыс әрекеттің түрлерін және міндеттерін біледі;

Кейбір оқушылар: сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтар Өзара сыйластық, ынтымақтастық
Тілдік мақсаттар оқушылар – ученики — schoolboy, кітапханашы – библиотекарь — librarian, дәрігер – врач — doctor, аспазшы – повар — cook
Ресурстар Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, тақырыптық суреттер, шүйке жіп
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану
Алдыңғы білім Өз құқығын және міндетін біледі
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Т) Байланыстырушы тізбек» жаттығуы

-Мен қолымда жіпті ұстап тұрып, амандасып келесі тұрған оқушыға беремін.

–Жіпті ақырындап тартып көріңдер, сонда біздер – бұл әлемде біртұтас екінімізді сезінеміз.

 
Сабақтың ортасы

Жиынтық бағалау

15 минут

 

Сабақтың аяқталуы

5 минут

(МК) Қозғалысқа келу тапсырмасы. Жұмбақ

Білімнің мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)

(ИГ) Миға шабуыл. «Мектеп» сөзіне ассоциация құру.

Мақсатты тұжырымдау.

-Берілген бөлімді оқып-білуде жаңадан не білеміз, не жайлы айтамыз.

(МК) Жаңа тақырыпты меңгеру. «Коллаж-әңгіме» стратегиясы.

-Суреттерді қарастырыңдар.

-Берілген суреттердің қайсысында мектеп көрсетілген? Өз таңдауларыңды түсіндіріңдер.

-Қандай суреттер сәйкес келмейді? Неліктен?

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

«Мектеп» сөзі араб тілінен алынған, «жазу жазатын орын» деген ұғымды білдіреді.

Мектеп – бұл жарық кең бөлмелері бар, оқытатын ұстаздары мен білім алатын оқушылары бар білім ордасы. Біз сондай мектептерге шолу жасап көрейік.

Мектептегі негізгі тұлға – мұғалім. Ол білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге ізденуге үйретеді, тәлім-тәрбие де береді.

-Қандай мектептер болады? Бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Қандай ортақ белгісі бар?

-Өз мектептеріңнің тарихы туралы не білесіңдер?

-Мектебіміздің іргетасы қай жылы қаланды?

-Директордың аты-жөні кім?

-Медициналық кабинет қай жерде орналасқан?

-Кітапхана мен асханананың орналасуын білесіңдер ме?

(Ұ) Үштілділік: оқушылар – ученики — schoolboy, кітапханашы – библиотекарь — librarian, дәрігер – врач — doctor, аспазшы – повар — cook

(Ө) Дәптермен жұмыс

1-тапсырма: «Ішінде не бар?» ойыны

2-тапсырма: Мектепте не ұнайтынын, не ұнаймайтынын кестеге түсіріңдер.

(Ұ) Талдау

-Екінші сынып оқушыларының жауабын талдап көріңдер. Дұрыс деп санаған жауаптарыңды белгілеңдер. Себебін түсіндіріңдер.

Дәурен: «Мен мектепке анамның мәжбүрлеуімен ғана барамын. Ержан: «Менің мектепке бару себебім, маған білім алған ұнайды.

Серік: «Менің мектепке бару себебім, онда көп балалар бар. Сондықтан онда көңілді, олармен ойын ойнауға да болады», – деді. Айжан: «Менің мектепке баратын себебім, үлкен болғым келеді. Мектепте барғанға дейін мен кішкентай болғанмын.

Сәуле: «Менің мектепке бару себебім, білім алуым керек. Білімсіз еш нәрсеге қол жеткізе алмайсың.

Риза: «Менің мектепке барғым келетіні, мен онда үнемі «бестік» баға аламын», – деді.

(Ұ) «Шапалақта – тапырлата» ойыны

Дәптер, альбом, қалам, доп.

Қарындаш, өшіргіш, автокөлік ойыншығы, оқулық.

Қалам, сызғыш, секірмек, күнделік.

-Бір сөзбен бұл заттарды қалай атауға болады? (Мектеп жабдықтары)

-Олар не үшін қажет?

-Әрбір оқушының басты міндеті – оқу. Мектеп жабдықтары бұл істе көмекке келеді.

Оқулық 26-27 беттер

Суреттер

Газет журналдар

Сөздер тақтасы

Жұмыс дәптері 21-22 бет

Сабақтың соңы

2 минут

Үй жұмысы (26-27 бет оқу, 22 бет 3,4-тапсырма)

«Өзіңді тексер»

-Мектеп сендерге не береді?

-Сендер қандай мектептерді білесіңдер? Мектепте неге оқытады?

-Қандай жаңа сөздерді білдіңдер.

«Бағдаршам әдісі»

бағдаршам белгілері
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

Мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Пікір алмасу» әдісі

Өзін-өзі тану

Құндылықтарды дарыту: Өзара сыйластық, ынтымақтастық

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ