«Болашаққа үміт, жастарға сенім» ашық микрофонның (Белсенді жастарымен кездесу) өткізілу сценарийі

0
2748
Иллюстрация: Freepik.com
Экранда іс-шараның аты.

Қатысушылар мен көрермендерді орналастыру.

 

Жүргізуші

 

Қайырлы күн, құрметті  қонақтар, қаламыздың белсенді жастары, оқырмандар!

Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.

Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.

Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Яғни, 12 тамыз — Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі.

Осы мақсатта бүгін қаламыздың №1кітапхана-филиалында өткізгелі отырған «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты  ашық микрафон алаңына кош келдіңіздер. Мереке құтты болсын!

Конец формы

«Елбасы жастарға өнегелі өсиет айтты»   (экранға назар аударсақ) таспа -1тыңдау

 

Шақырылған қонақтармен таныстыру.
Жүргізуші Қазіргі  тәуелсіз елдің жастары жайында айтып өтсеңіз, өзіңізден кейін өсіп келе жатқан жастардың деңгейі қандай көңілініз толама?

Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып,өн

бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек.

Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз

елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасайтын. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың қолында. Ендігі біздің мақсатымыз – жақсы білім алып, өмірде,еңбекте жақсы жетістіктерге жету. 

Жүргізуші Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы.
Қонақтарымызға сөз  берейік
Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының «Балам  деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген екен. Ұлы сөз!

“Егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін барлық жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным, деген қасиетті ұғым әрқайсыңның кеуделеріңде атой салып жатуы тиіс” деген  елбасымыз.

Жүргізуші Бүгін Сіздермен қауышып отырған күнімізде, тағы бір мерекемен тұспа-тұс келіп отыр. Ол қандай мереке білесіздер ме? Кім айтады?

Ия Хакім Абайдың туған күні. Қазақ елі Ұлы Абайдың жырларын, әндерін шырқауда.

 

Жүргізуші Ақынның өлеңдері оқылады, ән шырқалады.
Жүргізуші Бүгінгі жастардың кітап оқуға құ­мар­лығы төмен екендігі күмән тудырмайды. Жаһандану заманында бұқаралық ақпараттар ағымы толассыз ағылуда.

Бірақ XX ға­сырда жастар кітапты қолдан-қолға тигіз­бей оқыған болса, ХXI ғасыр жас­та­ры­ның классик жазушылардың кітап­та­рынан тәрбиелік және рухани байлықты алу жағы жеткіліксіздеу. Дегенмен, қазіргі жастарды кітап оқуға баулу керек деп ойлай­мын. Ол отбасында мектепте, жо­ғары оқу орындарында үрдіске айналуы керек. Мәде­ниетті адам болуы үшін бір­неше тілді иге­ру әрі рухани байлық кітапты дәстүрлі оқи алатындай болуы керек.

Иә, келешек ұрпақ кітап оқудан тыс қалмау керек.

 

Ақырғы оқыған кітабыңыз жайында айта отырсаңыз? (Жастар кезек- кезек оқыған кітаптары жайында әңгіме қозғайды)
Ел боламын десең, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастаға зор сенім мен үміт артып отыр.

 

Мағжанның өлеңіне жазылған «Мен жастарға сенемін»

Данияр Рақымбайдың әні (экранға назар аударсақ) таспа -2 тыңдау

Іс-шараға қатысқан оқырмандармен қоштасу.

Естелікке суретке  түсу.

Басқа материал:

  1. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  2. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  3. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  5. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  6. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  7. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  8. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
  9. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
  10. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
  11. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  12. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  13. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  14. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  15. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  16. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  17. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ