Болашақ – білімді жастардың қолында. (шығарма)

0
12076
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты
Болашақ – білімді жастардың қолында.

Тойбек Ж.А.

Қарағанды қаласы, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың биология пәнінің мұғалімі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Жолдауы қоғам үшін маңызды.  Жолдауда халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрмыс сапасын арттыру,  білім саласын, денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеру, еліміздің білімді жастарын қолдау сияқты әлеуметтік мәселелер қарастырылды.

«Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», — деген Елбасының ұстанымы  еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп ойлаймын.

Мен жас маман ретінде Елбасының Жолдауын қолдаймын, Себебі, бүгінгі білімді жастар — Қазақстанның жарқын бейнесі, қоғамды дамытушы күш.   Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын, жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен  сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.

Балалар — еліміздің болашағы. Олардың білімді, білікті, тәрбиелі болып қалыптасуы да ұстаздарға байланысты. Бұл ретте негізгі міндет  ұстаздар қауымына жүктеледі. Осы орайда Елбасы «Педагог мәртебесі туралы» Заң әзірлеп, шығару қажеттігін айтты.

Бүгінгі жастардың міндеті – жеке жауапкершілік қана емес, мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезіну. «Бой емес, ой жарыстыратын заманда» жастар жан-жақты, бәсекеге қабілетті, ынталы болуы керек.

Бұл Жолдаудың   жарқын болашаққа  деген үмітімізді еселеп, көңілімізге қуаныш ұяталатынына сенімдімін. Бар күш-жігерімді, білім мен тәжірибемді білім беру саласына арнап, білікті де білімді жастар тәрбиелеп, еліміздің әл-ауқатын арттыруға арнаймыз дегім келеді. Биылғы Жолдау- жастарды жігерлендірген Жолдау болмақ.

Басқа да жариялымдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ