ҰБТ-2019 нәтижесін қайдан білуге болады?!

0
236

Ұлттық бірыңғай тест нәтижелерімен танысудың бірнеше жолы қарастырылған. Martebe.kz ақпараттық білім порталы нәтижелерді көрудің жолдарын назарларыңызға ұсынады. 

20 маусымда Қазақстанның барлық өңірінде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектер 169 пунктіде сынақ тапсырады.

ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Сынаққа қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның 96 380-і — осы жылғы түлектер. Өткен жылы мектеп бітіргендердің саны — 20 862, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰБТ нәтижесін қайдан білуге болады?!

Ұлттық бірыңғай тест нәтижелерімен танысудың бірнеше жолы бар. Олар:

  • @edu.gov.kz_bot telegram-боты;
  • edu.mail.kz сайты;
  • Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz ресми сайты. Бұл сайтта тест қорытындысымен танысу үшін әрбір тест тапсырушыға берілетін ТЖК, яғни жеке код қажет.  

«Біз барлық түлектер мен ата-аналардан тест тапсыру кезіндегі заңбұзушылықтарға бей-жай қарамауды сұраймыз. Егер сіздерге «дұрыс жауап кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз  +7 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз», — деп жазылған білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомстводағылар хабарласқан адамның аты-жөні құпия сақталатынына кепілдік берген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ