ҰБТ шетелде қалай өтеді?

0
982

        Тестілеу әдісінің тарихы ерте заманнан бас­талған, б.э.д. VІ ғасырларда Қытайда мемлекеттік қызметке алуда үміткерлердің ақыл зеректігінің деңгейін бағалайтын алғашқы тесттер пайда болған.Ежелгі Вавилонда мектеп бітірушілердің арнайы хат тануын анықтайтын байқау жүйесіде қалыптасқан екен. Алғаш рет 1884 жылы АҚШ-та тест материалдары қамтылған сынақ кітабы шығарылған. Оның негізгі мазмұны математика, тарих, грамматика, навигация пәндерінен жинақталып, бес көрсеткіш жауаптан тұрған.

     Әлемдік тәжірибедегі тестілеу қандай?

  Бельгия мен Швеция елдерінде міндеттелген емтихан жоқ. Бельгияда орта білімді бітіруі туралы сертификат береді және жоғары оқу орнына дайындық деңгей­ін мектепте анықтайды. Оқушылардың 90-95% орта білім туралы диплом алады. Оны арнайы үкімет комитеттері береді.

Швецияда оқуға түсу емтихандары өткізілмейді. Оның орнына орта мектептерде және басқа білім алушылар ерікті түрде математикадан, ана тілінде (швед), шет тілінде (ағылшын) орталықтанған ұлттық тестілеуге қатыса алады. Емтихан қорытындысы мен оқу үдерісінде алған қорытынды балл жинақталып, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік береді.

Орта мектепті бітіру және жоғары оқу орнына түсу емтихандары орталықтандырылғандарға: Ұлыбритания, Гонконг, Иран, Канада, Малайзия, Жаңа Зеландия, Сингапур жатады. Ұлыбритания, Гонконг, Иран, Жаңа Зеландия, Сингапурда жатады. Ал Канада мен Малайзияда тестілеу жергілікті жерлерде өтеді. Бұл топтағы елдердің тестілеу жүйесі, орта білімді бітірген­нен кейін жоғары оқу орнына түсу үшін 2 немесе 3 жылдық арнайы дайындықтан өтуі қажет.

Тестілеу жүйесі Қазақстанда қалай дамып келеді?

Қазақстанда тестілеу жүйесінің енгізілуі 1992 жылдан басталды. Орта білімді бітірушілер мен олардың жоғары оқу орнына түсудегі білім деңгейін айқындау мақсатында Республикалық тестілеу орталығы құрылды.

2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді, ҰБТ – жалпы білім беру ұйымдары бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен орта білімнен кейінгі жоғары білім ұйымдарына қа­былдау емтихандарын біріктірді. ҰБТ жалпы білім жүйесіндегі білім сапасын сырттай бақылайтын тәуелсіз жүйе.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ